Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастапқы бағасы 15 мың доллар": Стив Джобстың жаздық ескі аяқ киімі аукционға шығарылды (фото)

Опубликовано:

Стив Джобстың аяқ киімі
Стив Джобстың аукционға қойылған ескі аяқ киімі. Фото: julienslive.com

Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс 1970-1980 жылдары киген Birkenstock жаздық аяқ киімі аукционға шығарылды. Оның бастапқы бағасы 15 мың доллар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, аты аңызға айналған адамның жаздық тәпішкесін Julien's Auctions аукцион үйі сатылымға шығарған. Аукцион 11 қараша сағат 10:00-ге (Алматы уақытымен 00:00) жоспарланған.

Аукцион үйінің хабарлауынша, Стив Джобс бұл аяқ киімін әйгілі компаниясының негізін қалаған уақыттарда киген. Мысалы, ол 1976 жылы Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен бірге Лос-Альтоста (Калифорния) компьютер құрастыра бастаған.

Аукцион сипаттамасында тәпішке ескі болғанымен, жақсы сақталғаны айтылған.

Басылымның дерегінше, онда тіпті Джобстың аяғының іздері қалған.

Стив Джобстың сатылымға қойылған тәпішкесі
Стив Джобстың сатылымға қойылған тәпішкесі. Фото: Julienslive.com

Сондай-ақ аукционға бизнесменнің NFT белгісі түріндегі аяқ киімі қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1996687-bastapqy-bagasy-15-myn-dollar-stiv-dzobstyn-eski-zazdyq-ayaq-kiimi-aukcionga-sygaryldy-foto/

pixel