Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмадағы жеңілдік" кезінде қыруар ақша кетірмеу үшін не істеу керек

Опубликовано:

Ілініп тұрған киімдер
Ілініп тұрған киімдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазір бүкіл әлемде жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктер кезеңі өтіп жатыр. Ел арасында бұл мерзім "жұмадағы жеңілдік" деп те аталады. Ал көптеген дүкен үшін бұл сауданы қыздыратын уақыт. Осы орайда Life09.kz сайты қажетсіз дүниелерді сатып алмас үшін бірнеше кеңес ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, жеңілдіктің болғаны жақсы, бірақ, көпшілік дәл осы кезеңде қажетсіз дүниелерді алып, ақшасын құр босқа шашуы мүмкін.

Дегенмен жыл сайын сатылым арта түссе де, экономистер мен әлеуметтанушылар бұл феноменнің аяқталар уақыты жақын екенін айтады.

Қарағандылық Әсем Үсенова акцияны тиімді деп есептейді, бірақ сатушылардың шынайылығын әрдайым тексеріп отыратынын атап өтті.

"Сатушылар бағаны тым өсіріп жіберетін кездер болады. Сондықтан, таңдау жасаған кезде жақсылап қараған дұрыс. Алдымен бәрін зерттеп алып, кейін сауда жасаймын", - дейді ол.

Ал қала тұрғыны Аманжан Ғапиз "жұмадағы жеңілдік" қажетсіз тауарларды сатуға арналған акция деп есептейді.

"Бұл сауданы жүргізуге арналған өте жақсы маркетинг. Сол себепті, сауда жасауға асықпау керек деп ойлаймын. Біздегі әйел адамдар "жеңілдік" сөзін естісе болды, бірден дүкенге жүгіреді. Бірақ дәл осы бағытпен жүріп, түкке қажеті жоқ заттар сатып алуы мүмкін екенін ойламады. Дүкенге барар алдында жақсылап ойлануы тиіс", - дейді Аманжан.

Сарапшы-маркетолог Аяулым Юсупбекова сатушылардың ыңғайына бағынып, сезімге ерік бермеу керектігін айтады. Бұл өз бюджетіңізді үнемдеуге көмектеседі.

Осы орайда мамандар жеңілдік кезінде қаражат үнемдеу жолдарын ұсынды:

  • Сатып алатын заттардың тізімін жасау;
  • Бюджетті жоспарлау;
  • Алдын ала онлайн және офлайн дүкендерді таңдау;
  • Тауардың жеңілдікке дейінгі бағасын анықтап, өзгерістерді байқау;
  • Жеңілдік күні расымен заттың жеңілдікпен тұрғанына көз жеткізу;
  • Сабыр сақтап, тізім мен бюджет бойынша сауда жасау;
  • Жеңілдік кезінде тез қимылдау;
  • Кэшбектерді қолдану;
  • Интернетте қауіпсіз сауда жасау ережелерін сақтау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1999499-zumadagy-zenildik-kezinde-qyruar-aqsa-ketirmeu-usin-ne-isteu-kerek/

pixel