Ливанда 80 мың бөтелкеден жасалған шырша қойылды
Опубликовано:

Ливандықтар экология үшін күресуде. Олар биыл шыршаны жасыл пластиктен құрастырып шыққан. Оны жасауға 80 мыңға жуық пластик бөтелке жұмсалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ МИР 24 порталына сілтеме жасап.
БАҚ-тың мәліметінше, шыршаны құрастыруға қажет шикізат, яғни бөтелкелер елдің түкпір-түкпірінен, тұрғындардың белсенділігінің арқасында жиналған.
Енді ерекше шырша "Көлдегі Рождество" фестиваліне келушілердің назарын аударуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл туынды қалдықтарды сұрыптау мен қалдықтарды дұрыс қайта өңдеудің маңыздылығын көрсетуге арналған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2001430-livanda-80-myn-botelkeden-zasalgan-syrsa-qoiyldy-video/