jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Ризықты қалай арттыруға болады

Бақытты адам. Көрнекі сурет
Бақытты адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің желідегі парақшасында ризықты қалай арттыруға болады деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

1) Тақуалық әрі Алладан шынайы қорқу - ризықты арттыру жолы дейді діни басқарма өкілдері. "Ал кім Алладан қорықса, оған қиындықтан шығар жол жасайды. Әрі Алла оған ойламаған жерден ризық береді", - деп түсіндірген олар. . 2) Сол сияқты басқарма адамдар туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, ризық-несібесі артатынын айтады. Онда: "Әнас ибн Мәліктен жеткен риуаятта ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естідім дейді: "Кімде-кім ризық-несібесінің молаюын әрі өмірі ұзақ болуын қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін", - деп жазылған. . 3) Ризықты арттырудың тағы бір жолы - "Истиғфарды" көп айту. "Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында ол аса кешірімшіл. Сонда Алла сендерге жаңбырды нөсерлете жібереді, һәм сендерді мал-мүлікпен және балалармен қолдайды да, сендер үшін жер бетінде бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер жасайды" делінген хабарламада. . 4) Cонымен бірге діни басқарма дұғаны көп жасауға кеңес береді. Ол үшін: "Я, Раббым! Мені халалға қанағат етіп, харамдардан сақтанатын ете гөр және ұлылығыңмен Сенен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр", - деп айту қажет екен.

Ризықты қалай арттыруға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.