Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға қатысты ырым-тыйымдар: Түнгі 12-ге дейін не істеуге болмайды

Опубликовано:

Жаңа жылдық шыршаға ілінген ойыншық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл - таңғажайыптар уақыты. Желтоқсан басталысымен көпшілік жаңа жылға қызу дайындықты бастап кетеді. Ал ел арасында мерекеге қатысты қандай ырым-тыйымдар бар? Бұл сұраққа poryadok.ru сайты жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу үшін дайындықты ертерек бастаңыз. Әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөліп, қарыздарыңыздан құтылғаныңыз дұрыс.

Қоян жылында табыс, береке және ақша әкелетін бірнеше ырымдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Жаңа жыл қарсаңында әмияныңызңа бірдей банкноттарды салып қойыңыз. Балаларға да ақшалай сыйлық беріңіз. Үйдің бұрыш-бұрышына ақша тығып қойыңыз. Бұл ақшаның көбеюіне әкелетін ырым.

Үйіңізге қоян кейпіндегі ойыншықтар мен кәдесыйларды көбірек алыңыз. Бұл сіздің келер жылды қуанышпен қарсы алуға дайын екеніңізді білдіреді.

Шыршаға ілінген ойыншықтардың арасында ірі ақшалай купюра ілуді ұмытпаңыз.

Мерекелік дастарханнан қалған ұсақ-түйек үгіндлілерді 1 қаңтар күні таңертеңгісін далаға шашып жіберіңіз.

30 желтоқсаннан бастап үйдегі еденді жумаңыз. Бұл келе жатақан бақыт пен табысты жуып жібергенмен бірдей.

Жаңа жылға бірер сағат қалғанда сүйіктіңізбен ара-қатынасыңызды талқылаудың, бұрынғы ғашығыңыз берген сыйлықтарды қолға алудың қажеті жоқ. Бұл келер жылдағы проблемаларды көбейтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2002959-zana-zylga-qatysty-yrym-tyiymdar-tungi-12-ge-deiin-ne-isteuge-bolmaidy/

pixel