Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйде бенгал шамын қолдануға бола ма: маман кеңесі

Опубликовано:

Бенгал шамы. Көрнекі сурет
Бенгал шамы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл жақындаған сайын, ел тұрғындары көптеген пиротехника құралын сатып алатыны анық. Осы орайда, оларды, соның ішінде бенгал шамын үйдің ішінде қолдану қаншалықты дұрыс деген заңды сауал туындайтыны анық. Аталған сұраққа Алматы қаласы №4 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің дәрігері Ұлбосын Әміркенова жауап берді.

Дәрігердің айтуынша үйде бенгал шамын қолданған кезде өте сақ болу қажет. Себебі оқыс жағдай орын алып, үйде өрт шығу қаупі бар.

"Өрт шығу қаупі алдымен бенгал шамы өңделген қоспаның құрамына тікелей байланысты. Мәселен, шамды жасауда магний, алюминий және селитра қолданылады. Яғни бенгал шамы жанған уақытта, оттың ұшқындары жан-жаққа шашырайды. Негізінен олар темірдің жанып тұрған бөліктері болып табылады. Сол себепті ұшқыннан кез келген бұйым - үй жиһазы, перде, дастархан тіпті киім-кешек те тұтанып, жанып кетуі мүмкін", – деп ескертті Ұлбосын Әміркенова.

Дәрігер сондай-ақ бенгал шамын жабық кеңістікте қолдану барысында, шам тұтанған сәтте зиянды заттар бөлініп шығатынын ескертті. Әрине бір шамды жаққаннан қауіпті зат бөлінбесе де, көп бенгал шамын жағу арқылы адам кейде тіпті, шамның иісінен уланып та қалуы мүмкін, дейді маман.

Сонымен бірге дәрігер бенгал шамдарын жағып, қолда ұстап тұруға кеңес бермейді. Себебі ол өрт шығу қаупін тудыратын нысан болғандықтан, оны қолдануда өте сақ болу қажет дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003349-uide-bengal-samyn-qoldanuga-bola-ma-maman-kenesi/

pixel