Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй жинауға болмайды": Жаңа жыл түніне арналған тыйымдар

Опубликовано:

Шырша түбіндегі мысық. Көрнекі сурет
Шырша түбіндегі мысық. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жыл адамзат тарихында қоян жылы ретінде есте қалмақ. Осы орайда Telegraf.com.ua сайты жаңа жыл түні не істеуге болмайтынын зерттеп көрді.

Басылымның хабарлауынша, жаңа жыл түні төмендегідей әрекеттерді жасауға кеңес берілмейді екен:

  • Дауласып, біреумен сөз таластыруға, ұрсуға болмайды.
  • Күн батқаннан кейін кір жууға, үй жинауға және қоқыс шығаруға болмайды.
  • Сонымен қатар, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні үй иесінің жатын бөлмесіне бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады, себебі ол ерлі-зайыптылардың бірінің көзге шөп салуына әкеп соқтыруы мүмкін деген ырым бар.
  • Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда, шаш қиюға болмайды.
  • Мерекені жалғыз өзіңізге қарсы алуға болмайды.
  • Жаңа жыл түні біреуден қарыз алуға немесе біреуге қарыз беруге болмайды.
  • Сондай-ақ жаңа жыл түні жылауға болмайды, себебі ол үйге ауруды шақыруы мүмкін.

Жаңа жылдық дастарханда не істеуге болмайды

  • Жаңа жылдық дастархан үстіне мысықты жіберуге болмайды.
  • Дастархан үстінен тамақ қалдықтары мен қоқымды сүртпеген жөн.
  • Жаңа жылдық дастархан үстінде ұрысып, біреумен сөз таластырмаған абзал.
  • Жаңа жыл түнін лас жерге қарсы алуға кеңес берілмейді.
  • Жаңа жылды ескі, тозған киіммен қарсы алмаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003884-ui-zinauga-bolmaidy-zana-zyl-tunine-arnalgan-tyiymdar/

pixel