Бүгінгі жұлдыз жорамал: 23 қаңтар күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?
Өз жартысын іздеп жүргендер үшін бүгін ешкіммен кездеспеген абзал. Өзіңіздің серігіңізбен кездесу туралы келіспес бұрын, алдын ала оның қандай адам екенін біліп алыңыз.
Кішігірім қиындықтар кедергі болмайды. Ең бастысы - басқаларға мұқият болу. Кімнен көмек сұрайтыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Тәжірибелі адамдарды тыңдаңыз.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?
Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз.
Жақындарға ұсақ-түйекке бола ренжімеудің ең жақсы тәсілі - олардың өзіңізге қаншалықты қымбат екенін түсіну. Осыны есте сақтасаңыз, орынсыз реніштер сейіледі.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?
Жеке өмірде қиындықтар болуы мүмкін. Егер сіз серіктесіңізді бағалайтын болсаңыз, оған талаптарыңызды барынша азайтыңыз. Әйтпесе, үлкен қақтығыстарды болдырмау мүмкін емес.
Өзіңізді бақытсыз сезініп жүрсеңіз, онда дәл бүгін сүйіктіңізбен арақатынасқа нүкте қоятын күн келген шығар.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?
Жыныстық қатынасты жақсартудың ең жақсы тәсілі - бір-біріңіздің қалауыңызға мән беру екенін естен шығармаңыз. Ол үшін онымен ашық сөйлесуді ұмытпаңыз.
Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?
Серіктесіңізді жалғыз қалдырыңыз, оның жеке кеңістігі болғаны өте маңызды.
Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?
Денсаулықтың күйіне назар аударып, шөптен жасалған шай ішіңіз. Уақытылы жатып, уақытылы тұрыңыз. Су жағасында демалу да жаныңызға тыныштық сыйлайды.
Көптеген қызықты және ерекше идея ұсынасыз, бірақ әріптестеріңіз бен басшыңыз мұны дұрыс қабылдамауы мүмкін. Сол себепті басында өз иделяарыңыздың дұрыс екенін дәлелдеуге тура келеді.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?
Түстен кейін көк немесе қара шайдың орнына шөп шайларын ішіңіз, кешке қарай ұйқыға кету оңайырақ болады.
Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?
Маңызды ештеңе жасамаңыз, абай болыңыз. Қарапайым жұмыс барысында да қателесу қаупі бар.
Өзіңізге сын көзбен қарамаңыз: тіпті өзіңізді майда-шүйдеге кінәлауға дайын тұрсаңыз да, сынаудан аулақ болыңыз, сіз өзіңізге келгенде тым қаталсыз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?
Отбасылық фотосессияға тапсырыс беріңіз. Бұл жақсы естелік.
Қарым-қатынаста толассыз жұмыс жасаған тиімді. Осы жайлы жиі ойланып, серіктесіңізді қуантудың тәсілдерін ойластырып жүргеніңіз абзал. Десе де өз қалауыңызды да ұмытпаңыз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?
Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады.
Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?
Сүйіктіңізбен танысқан, кездесе бастаған күнді атап өту дәстүрі сізде болмаса, онда бұл дәстүрді жаңғыртатын уақыт келді. Бұл арақатынасыңызды нығайтады.
Іш киіміңізді жаңартып, өзіңізді қуантыңыз. Сатып алғаныңызға кейін өкінбеу үшін ең алдымен ыңғайлылыққа артықшылық беріңіз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?
Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн.
Бүгін, әсіресе үй шаруасында абай болыңыз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2006099-bugingi-zuldyz-zoramal-23-qantar-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/