Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 21 ақпан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз-жорамал
Жұлдыз-жорамал. Фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін романтикалық қарым-қатынастың ықтималдығы жоғары: махаббат лебі есуде.

Отбасыңызда жаңа дәстүр ойлап табыңыз: бұл арақатынасыңызды нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сізде ипохондрия ұстамасы болуы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз, денсаулығыңыз сіз ойлағандай нашар емес.

Бүгін кішігірім тұрмыстық заттар сынуы мүмкін: үй техникасын қолданғанда абай болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Балаңыздың қаржылық сауатын арттырыңыз. Бұны мектепте де, жоғарғы оқу орнында да үйретпейді. Оған банк картасымен жұмыс істеуді үйретіңіз. Болашақта ол сізге риза болатыны анық.

Сабыр сақтау оңай болмайды. Ұсақ-түйектердің өзі мазаңызды қашыратын болады, жағдай жоспарға сай болмаған кезде тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Басқаларды ренжітпеу үшін олардың әлсіз жақтарын айта бермеңіз. Сабырлы болыңыз, өз күшіңізге сүйеніңіз, басқалардың қателігінен сабақ алыңыз.

Егер салмақ тастағыңыз келсе, бірақ өміріңізді тіскебасарсыз елестете алмасаңыз, оларды пайдалы етіңіз. Оның орнына алдыңызға әдемі туралған көкөністердің үлкен тарелкасын қойыңыз, ал күннің соңына қарай сіздің бойыңызда артық калория емес, дәрумендердің күнделікті дозасы болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін достарыңызға қажетсіз кеңес беруден аулақ болуға тырысыңыз: егер досыңыз өз өміріне шағымданғанымен, сізден бұған қатысты кеңес сұрамаса, жай ғана жанашырлықпен қолдау көрсетіңіз.

Жағымды таныстық орын алуы мүмкін. Олардың кейбіреулері сезімге ұласады. Өзгелерге ұнау үшін көп күш салмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз.

Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз.

Бүгін шай немесе кофе ішу үшін үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Адамдармен көбірек араласып, өзіңізге көп жүктеме алмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Күннің екінші жартысында жақын адамдармен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Жағдайды ушықтырмаңыз, жұмсақ болыңыз.

Бүгін жаныңыз қаншалықты өзгерістерді қалағанымен, тың дүние бастамағаныңыз абзал. Үйді жинаңыз немесе өзіңізге демалыс жариялаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз.

Эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Достарыңызбен сөйлескен кезде оларды мысқылдаудан аулақ болыңыз. Сабырлы болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Күн қайырлы болады, сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Ағымдағы істерге назар аударыңыз. Болашақты ойлаңыз, ұзақ мерзімді жоспарлар жасаңыз. Жобаны аяқтаңыз. Нәтиже күткеннен де жақсы болады.

Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сыртқы келбетіңізбен тәжірибе жасау үшін қолайсыз күн: нәтиже сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.

Тісті қаншалықты жиі және қаншалықты жақсы тазалайтыныңызға назар аударыңыз. Ауыз қуысының дұрыс гигиенасы сізге тіс дәрігеріне барудан көп ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Достар қонаққа келуге асығуда, дастарханыңыз жаюлы болсын. Олар кеткеннен кейін тыныштықта демалыңыз.

Созылмалы шаршау сізге бүгін өз пайдсын тигізуі мүмкін, демалып, қалыпқа келу үшін уақыт бөліңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010042-bugingi-zuldyz-zoramal-21-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel