Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетперде таққызған": Қытайда бос жұмыс орнына үміткерлерді іріктеу сәті көпті таңғалдырды

Опубликовано:

"Бетперде таққызған": Қытайда бос жұмыс орнына үміткерлерді іріктеу сәті көпті таңғалдырды
Бетперде таққан жұмыс беруші. Фото: Baidu

Қытайдағы компаниялардың бірі бос жұмыс орнына орналасуға үміткерлерден әңгімелесу кезінде жүздерін жасырып, бетперде тағуды сұраған, деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жыл сайын өтетін бос орындар жәрмеңкесіне келген қытайлық Зенг әңгімелесу кезіндегі жаңашылдыққа таң қалған.

Чэнду қаласы тұрғынының айтуынша, компания өкілдері барлық өтініш берушіден жүзін көрсетпеу үшін бетперде тағуды сұраған.

"Бетперде таққызған": Қытайда бос жұмыс орнына үміткерлерді іріктеу сәті көпті таңғалдырды
Бетперде таққан үміткерлер. Фото: Baidu

Әңгімелесуді жүргізген компания өкілінің өзі де бетперде таққан. Жұмыс беруші бұндай әдісті қызметкерді таңдауда адамның сыртқы келбетіне емес, оның біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиеттеріне баға беру үшін қолданған екен.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл идеяны қолдады. Олар бетперде арқылы әңгімелесу ұялшақ адамдарға да көмектесетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010085-betperde-taqqyzgan-qytaida-bos-zumys-ornyna-umitkerlerdi-irikteu-sati-kopti-tangaldyrdy/

pixel