Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмі тіл үйіретін бауырсақтың қамырын сүтте қалай илеуге болады

Опубликовано:

Жаңа піскен бауырсақтар.  Фото
Жаңа піскен бауырсақтар. Фото: Youtube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

Қазақ асханасында бауырсақтың алар орны ерекше. Көпшілік дәмі тіл үйірер тағамды түрлі жолдармен әзірлейтіні де жасырын емес. Осы орайда, бүгінгі материалда бауырсақтың қамырын сүтте қалай илеуге болатыны жайлы рецепт ұсынбақпыз.

Бауырсақ - ежелден қазақтың ұлттық тағамы. Түркі тілдес ұлттарда бауырсақты әр түрлі жолдармен дайындайды. Жалпы бауырсақты алыс жолға аттанатын көшпенділерге арнап әзірлеген деген аңыз бар.

Сонымен бірге тағамның бұл түрі әр елде әрқалай аталады. Мысалы Башқұртстанда "бауыра" деп аталса, Моңғолияда — "боорцог", ал Қырғызстанда — "боорсок" деп аталады. Бауырсақты әдетте төртбұрышты немесе домалақ пішінде, ашытылған қамыр ретінде дайындайды. Ал пісіру тәсілі отта тұрған ыстық майда, екі жағын аунатып, қуырып пісіру болып саналады.

Бауырсақтың қамырына қажет заттар:

  • Ұн - 400 г
  • Сүт - 250 мл
  • Сұйық май - 550 мл
  • Тұз – 1 шай қасық
  • Су - 30 мл
  • Құрғақ ашытқы – 1 шай қасық.
  1. Алдымен пиалаға 30 мл жылы суды құямыз. Ашытқы жақсы ашуы үшін, судың температурасын 35 °С-тан асырмаған абзал. Осылайша жылы суға ашытқыны салып, 10 минутқа қойып қойыңыз.
Бауырсақ қамырының жылы сүті. Фото
Бауырсақ қамырының жылы сүті. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер
  1. Сүтті ысытыңыз. Сосын қамыр илейтін ыдысыңызды дайындап қойыңыз. Оған сүтті құйып, түз бен қантты қосамыз. Барлығын тұз бен қант ерігенше араластырамыз.
Қамыр илеуге арналған ұн. Фото
Қамыр илеуге арналған ұн. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

2. Сүтті ашытылған суы бар пиалаға құйып, араластырамыз. Сосын қамыр илейтін ыдысыңызға 350 г ұнды елеп, жұмсақ, жабыспайтын қамыр илеңіз.

Қамыр илеуге арналған ұн. Фото
Қамыр илеуге арналған ұн. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

3. Қамырды салатын ыдысыңызды аздап сұйық маймен сүртіп, қамырды сонда салыңыз. Сөйтіп бетін жауып, жылы жерге 1 сағатқа қойыңыз.

Дайын қамыр. Фото
Дайын қамыр. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

4. Сосын қамырды жаятын тақтаға аздап ұн себіңіз. Көтерілген қамырды сонда салып, қалыңдығы 6–8 мм болатын жұқа қамыр жайыңыз.

Қамырды жаю сәті. Фото
Қамырды жаю сәті. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

5.Қамырды стақанмен дөңгелетіп немесе пышақпен турап, төртбұрышты пішінге келтіріңіз. Қалған қамырды тағы да жайып, одан да бауырсақ жасаңыз. Сосын дайын бауырсақтарыңыздың бетін жауып, 15 минутқа қойып қойыңыз.

Бауырсақ дайындау. Фото
Бауырсақ дайындау. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

6. Сосын қазанда 0,5 л сұйық майды жылытыңыз. Дайын бауырсақтарды қазанға салып, екі жағын сары түске енгенше, жақсылап қуырыңыз. Қазанға бауырсақтарды көптеп салмаңыз, себебі ол көтеріліп, бауырсақтарыңыз қазанға дұрыс сыймай, жөнді піспей қалуы мүмкін. Дайын бауырсақтарды қағаз орамалға салып, құрғатыңыз.

Дайын болған бауырсақтар. Фото
Дайын болған бауырсақтар. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

Осылайша қамыры сүтте иленген бауырсағымыз дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2011479-dami-til-uiiretin-bauyrsaqtyn-qamyryn-sutte-qalai-ileuge-bolady/

pixel