Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аналарға 8 наурызға не сыйлауға болады: 5 ерекше сыйлық

Опубликовано:

Cыйлық. Көрнекі сурет
Cыйлық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аналарға 8 наурызға сыйлықты өз қолымызбен жасап, тарту еткен абзал. Алиша Бадкар, Татьяна Дорошенко және Елена Каминская айтулы мерекеде ардақты аналарымызға не сыйлауға болатынын айтты.

Салфетка салуға арналған органайзер

Органайзерді дайындау үшін:

  • 22х11х7 см картон қорап;
  • 5 м жұт арқан; шілтер;
  • қайшы;
  • желім пистолеті;
  • майлықтар.

Органайзерді әзірлеуді төмендегі видеодан көре аласыз:

Шай мен кәмпиттерден жасалған торт

Анаңыз үшін ерекше торт жинап көріңіз. Ол үшін сізге қажет нәрселер:

  • кәмпиттер;
  • пакетиктегі шайлар;
  • лента;
  • әдемі моншақ;
  • пенопласт;
  • желім пистолеті;
  • гофрирді қағаз;
  • қайшы.

Ерекше тортты дайындау әдісін видеосын көріп, біле аласыздар:

Фотоальбом

Қарапайым фотоальбомды бірегей естелік затқа айналдырып, анаңызға 8 наурызға сыйға тартыңыз. Ерекше сыйлықты жасауға қажет нәрселер:

  • фотоальбом;
  • замша;
  • картон;
  • жұқа мата;
  • анкерлер;
  • кесінділер;
  • скраб қағаз;
  • жылу тасымалдағыш пленка;
  • қайшы;
  • желім.

Фотоальбом жасау әдісін келесі видеодан көріп, біле аласыздар:

Бьюти-бокстер

Сұлулық боксы - 8 наурызға арналған керемет сыйлық болмақ.

Алиша Бадкардың айтуынша, бұл күтім немесе сәндік косметика болуы мүмкін. Сыйлықты әзірлеу үшін, сізге:

  • қорап;
  • тері мен шашты күтуге арналған құралдар;
  • қағаз жоңқалары;
  • ашықхат;
  • бирка -ашық хаттар қажет.

Флорариум

Флорариум – гүл шоқтарына тамаша балама болмақ. Ол үшін дискінің қораптарын пайдалана отырып, өз қолыңызбен мөлдір ыдыс жасаңыз және анаңызға 8 наурызға сыйлыққа ұсыныңыз.

Оған мынадай материалдар керек:

  • диск қораптары - 11 дана;
  • сызғыш;
  • кеңсе пышағы;
  • маркер;
  • желім пистолеті;
  • қайшы;
  • қара жабысқақ таспа;
  • маска таспасы;
  • шпатель;
  • топырақ;
  • суккулентті өсімдіктер, кактустар;
  • аквариум тастары.

Ең бастысы анаңызға сыйлық сыйларда, оған қажетті, көңілінен шығатын тарту-таралғы алуға тырысыңыз. Десе де анаңыз сіз қандай сыйлық сыйласа да, сізге дән риза болатынын естен шығармаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2011975-analarga-8-nauryzga-ne-syilauga-bolady-5-erekse-syilyq/

pixel