Психолог адамдардың не себепті эротикалық түстер көретінін түсіндірді
Жарияланған күні:
Төсек қатынасында қалауыңыз бен қиялыңыз орындалмай қалған кездері эротикалық түстер көруіңіз әбден мүмкін. Бұл туралы Secrets жыныстық тәрбие орталығының сексолог-психологы Светлана Фаст Lenta.ru басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Фасттың пікірінше, эротикалық түсті көргенде тұрған ештеңе жоқ - бұл санаңызда болып жатқан процестердің қарапайым көрінісі. Мұндай түстер адамның жыныстық құштарлығын арттырып, тіпті оргазмға әкелуі мүмкін. Ерлерге мұндай түстер жасөспірім кезінен бастап кіреді, ал әйелдер әдетте жыныстық қатынасқа толы өмірді бастағаннан кейін мұндай түстерді көре бастайды, деп қосты сексолог.
Маманның сөзіне сенсек, эротикалық түс көрудің ең жиі кездесетін себебі төсек қатынасында қанағаттанбау немесе ұзақ уақыт бойы төсек қатынасының болмауы.
Көп жағдайда эротикалық түстер ешкімге айтпай жүрген армандарыңыз бен жүзеге асырылмаған эротикалық қиялдарыңызды аңдатады дейді маман. Фаст эротикалық түстер көру мұндай адамдарға көптен күткен жеңілдеу сезімін сыйлайтынын және оң әсер ететінін алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2012587-psixolog-adamdardyn-ne-sebepti-erotikalyq-tuster-koretinin-tusindirdi/