Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт көзі, екі аузы бар": Ақтөбе облысында екі басты бұзау туылды

Опубликовано:

екі басты бұзау
Екі басты бұзау. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында екі басты бұзау туды. Ауыл тұрғындарының үрейін туғызған төлді малдың иесі бауыздап тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Нұра ауылында болған. Мал дәрігерінің айтуынша, бұзау басын көтере алмаған.

"Бұл екі-үш күнде болған жай. Сиыр 10 наурыз күні төлдеген. Мал иесі оны ертеңіне таңда көрген. Малдың оны қалай туғаны бәрімізге түсініксіз болып тұр. Малдың иесі маған WhatsApp арқылы бірден хабарлады. Ол кезде мен жұмыспен аудан орталығында болдым. Мал иесі бұзауды бауыздап тастағанын айтты. Бұзау басын көтере алмаған. Иесі төлді қинамау үшін сондай қадамға барған", - дейді Нұра ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі Әмір Өтеген.

Бұл оқиға ауыл тұрғындары арасында үреу туғызған. Бұл туралы ақтөбелік журналист Нұрболат Туысбайұлы Facebook-те жазды.

"Балалық шағым өткен ауылда екі басты бұзау дүниеге келіпті. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозы. Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?", - дейді журналист.

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірде.

" Семейде сондай жағдай болғанын білетін едік, мынау тіпті сұмдық қой", "Сиам егіздері деген осы жағдай шығар", "Қорқатын ештеңесі жоқ. Ондайлар болып тұрады ғой. Ешқандай да Алланың құдіреті емес. Баяғыда біздің бір ешкі үш құлақты лақ туған. Қақ төбесінде үлкен бір құлағы болды. Әлгі құлағы қай жағына қисайса, сол жағына қарай басы ауып кетіп көтере алмайтын. Үш күннен соң өліп қалған. Отбасымызға да елге де ештеңе болған жоқ", - деп жазған желі қолданушылары.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2012629-auyl-xalqynda-urei-bar-siyaqty-aqtobe-oblysynda-eki-basty-buzau-tudy-video/

pixel