Жұмыста көтерілу, экзотикалық елге саяхат: түсіңізде ұрыс-керіс көру ненің белгісі
Жарияланған күні:
Түске кірген ұрыс - жүйке жүйесінің жұқаруының басты белгілерінің бірі. Ол сіздің өміріңізге қандай қауіп төндіруі мүмкін? Назарларыңызға түске қатысты он жорамалды назарға ұсынамыз.
Ислам бойынша түс жорамалы
Түске кірген жанжалдан адам шошып оянатыны анық. Мұндай күйге түспеу үшін түс жорамалының көмегіне жүгінген дұрыс. Ислам түс жорамалы бойынша түске ұрыс-керіс кірсе, бұл - болашағаңызға әсер ететін шешім қабылдайсыз дегенді білдіреді. Таңдау жасаудан қаша алмайсыз. Сондай-ақ ұрыс – шаршаудың, сізге демалу қажет екендігінің белгілері деп көрсетілген.
Ванганың түс жорамалы
Жақын адамдарыңызбен араздасу ең қиын жағдай. Болгариялық көріпкелдің ойынша түстегі ұрыс – өмірде сізді заңмен байланысты қиындықтар күтіп тұрғанын білдіреді. Егер ұрыс бұрынғы әріптесіңізбен болса, жақын арада байлыққа кенелесіз деген сөз. Ал танымайтын адаммен ұрысу дертке шалдығудың белгісі. Ванга түсті тағы келесідей жориды:
- Бейәдеп сөзбен ұрысу – экзотикалық елге саяхаттың;
- Төбелеске ұласқан ұрыс – мақсатыңызға жетудің белгілері.
Ал түсіңізде жаңа танысқан жұбыңызбен ұрысу - жақсылықтың нышаны. Сізде жұмыста, қаржылық жағдайыңызда сәттілік серік болады дегенді білдіреді.
Феломенаның түс жорамалы
Феломена бойынша түске ұрыс-керіс белгілі бір шешімді қабылдай алмай жүргенде кіреді. Ол бойынша түс жору нұсқалары мынадай:
- Түсіңізде айнаға қарап айғайлау – туындаған проблемаға қатысты эмоцияңызды реттеу керек дегенді білдіреді;
- Ал бірнеше адаммен ұрысу – махаббатта, ақшада, жұмыста болатын сәттіліктің белгісі.
Сонымен бірге Феломена бойынша түс жоруда ұрыс татуласудың белгісі дейді. Ал ұрысқа өзі қатыспай, тек естісе, оны естіген адам маңызды хабар алады дегенді білдіреді.
Юнонаның түс жорамалы
Юнона бойынша жорамалда түстегі жанжал оқиғалардың оң болатынын, ойлағаныңыз орындалатынын, қоғамда беделге ие болатыныңыздың белгісі болып саналады. Келесі бір жазбаларында Юнона төмендегідей жорамал жасайды:
- Өзіңіз ұрыссаңыз – біреудің құпиясын ашып қоясыз;
- Әйел адаммен ұрысу – өмірдегі жағымды жаңалықтарды;
- Күйеуіңізбен балаларға ұрысу - өмірдегі шын ұрысуды болжайды.
Егер түсіңізде үй жануарына ұрсып жатсаңыз - ауырып қалуыңыз мүмкін немесе өміріңізде туындайтын қиыншылықтардың белгісі.
Миллердің түс жорамалы қандай?
Кейбір түс жорулар бойынша түске ұрыс кірсе - өмірде болатын қиыншылықтардың белгісі. Миллер бойынша түстегі ұрыс-керістің мағынасы келесідей:
- Кез келген ұрыс ішкі күйзелістің, стресстің белгісі;
- Сүйіктіңізбен ұрысу - жалғыздықты болжайды;
- Ұрысудың сізге жағымды болуы – өміріңіздегі оң өзгерістердің нышаны.
Ал егер түсіңізде анаңызбен ұрыссаңыз, ол көптен күткен жақсы жаңалықты, өмірдің жақсы жаққа қарай өзгеруін білдіреді. Өзгелердің ұрысы түсіңізге кірсе, жұмыста болатын проблеманың белгісі деп жориды.
Фрейдтің түс жорамалы
Фрейд бойынша түс жоруда ұрыс адамның ішкі қажеттіліктері деп жазған. Түске кірген ұрыс адамның ішкі жай-күйін білдіреді. Мәселен, адам өзіне қанағаттанбай, проблеманы шешу жолдарын іздеп жүрсе түсіне ұрыс-керіс кіруі мүмкін. Қосымша Фрейд келесідей болжамдар жасаған:
- Ер адамның жұбымен ұрысуы – дұшпандарынан төнген қауіпті;
- Аяғы ауыр әйелдің ұрысуы – дүниеге сау баланың тууының белгісі деп ырымдаған.
Ата-анаңызбен түсіңізде ұрыссаңыз, достарыңыздың кесірінен туындаған проблеманы, туыстарыңызбен ұрысу демалысқа шығуды білдіреді.
Нострадамус бойынша түс жору
Нострадамус түске кірген жанжалды келесідей сипаттайды:
- Ер адамның әблдебіреумен ұрысып жатса, жұмысындағы көтеріледі.
- Ұрыстан кейін достасса, қарым-қатынас ақша үшін тоқтайды дегенді білдіреді.
Жанжал - достарыңыздан ұзақ уақытқа алшақтаудың нышаны. Жолға шығасыз немесе досыңызды ұзақ сапарға шығарып саласыз дегенді білдірген.
Лоффтың түс жорамалы
Кейбір түс жорамалдарында мұндай түстің мағынасын болжағанда дәл кіммен ұрысқаныңызға байланысты. Мысалы досыңызбен ұрысу сөзіңізде тұрмауды, әйелі мен күйеуінің ұрысы көзге шөп салуды, ғашықтардың ұрысы отбасындағы бірліктің нашарлауы деп қабылданған. Лофф түстегі араздасуды келесідей болжайды:
- Сүйіктіңізбен ұрысу – туысыңыздың қазасын болжаса;
- Төбелеске ұласқан болған ұрыс – екіжүзді адаммен еріксіз араласуды болжайды.
Егер түсіңізде ұрысып ажырассаңыз жанжалдың ортасында қаласыз. Ал іштегі ашуыңызды ұстай алсаңыз қомақты қаражат ұтып алуыңыз мүмкін.
Цветкованың түс жорамалы
Цветкова, түске ұрыс-керіс кірсе, жоспардың бұзылуы деп жиі жориды. Цветкова бойынша түстегі араздасудың мәні келесідей:
- Жақындарыңыз ұрысқан кезде сол маңда болу - бақытсыздықты;
- Достарыңыздың ұрысын бақылау – отбасындағы қиындықтарды болжайды.
Түс жорудың тағы бір нұсқасы ретінде, Цветкова ұрысты жоспарланған романтикалық кештің болмауы деп жазған.
Хассенің түс жорамалы
Хассе түстегі ұрысты романтикаға әкелетін белгі деп сенген. Түсіңізде ұрысу-жақында болатын ғашығыңызбен таныстықтың белгісі. Бұл таныстық ұзаққа созылады және оң нәтижелі. Сонымен қатар ол келесідей болжамдар жасаған:
- Кішкентай қызбен ұрысу-әлеуметтік жағдайыңыздың жақсаруын;
- Ұл баламен ұрысу – көңіл-күйіңіздің бұзылуын білдіреді.
Егер түс көруші дұшпанымен жанжалдасса, ол орын алатын несие мен қарыздың белгісі. Міндеттерді көп алмай, бюджетке ақша жинау қажет.
Жалпы, түстегі ұрыстар шын өмірдегі араздықты немесе жағымды жаңалықтардың белгісі. Бос алаңдаушылық туындамау үшін түс жоруларды оқыңыз. Оларды түсіңізбен салыстырып, ісіңізді алдын-ала жоспарлаған жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016959-zumysta-koterilu-ekzotikalyq-elge-sayaxat-tusinizde-urys-keris-koru-nenin-belgisi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.