Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басшыңыз түске не себепті кіреді: танымал түс жорушылардың болжамы қандай

Жарияланған күні:

Басшылық жұмыс барысында. Көрнекі сурет
Басшылық жұмыс барысында. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер бастығыңыз түсіңізге кірсе ұрыс болады немесе көптен бері шешілмей келе жатқан мәселеңіз өз шешімін табады. Бұл түстің мағынасы оның ерекшеліктеріне де байланысты. Осы ретте танымал он түс жорушының болжамдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Ислам бойынша түс жорамалы

Ислам жорамалы бойынша егер түсіңізде бастығыңыз қолыңызды алып, мақтаса сізді материалдық кіріс күтіп тұр. Ал егер көңіл-күйі жоқ болса араларыңызда кикілжің орын алады дегенді білдіреді. Түсіңіздегі бастығыңыздың іс-қимылына байланысты ислам жорамалы келесідей нұсқаларды жазады:

  • Көмекке шақыруы – сатқындықтың белгісі;
  • Қол астындағыларға ұрысуы – түс көрушінің сенген әріптестеріне ренішін;
  • Үйдің жанында күтіп тұруы – жоспарланбаған еңбек демалысын;
  • Түс көрушімен бірге көлікте болуы – достасудың белгісі.

Әйел адамды бастығының құшақтауы сырқатты білдіреді. Ал егер гүл сыйлап, көтерсе сыйлық пен сыйақы күтіңіз.

Ванганың түс жорамалы

Ванга түсіңізде бастығыңыз ауырып, қайтыс болса, түс көруші ұрыстың себепшісі болады деп болжаған. Бастығыңызбен ұрысу немесе қорқу – өміріңізде пайда болатын алаңдаушылықтың, көз жасының белгісі деп жорыған. Сонымен қатар Ванганың позитивті де жорамалдары бар.

  • Бастығыңызды құшақтауыңыз – жаңа дос табуыңыздың;
  • Басшылықпен бірге қуану – жағымды жаңалықтардың белгісі.

Ал жұмыста қатаң сөгіске ілінсеңіз, сүйіктіңізбен айырылысасыз деп болжаған. Түсіңізде әріптестеріңізді сынау, өмірде күтетін қаржылық қиындықтардың белгісі.

Феломенаның түс жорамалы

Кейбір түс жоруларда түске кірген басшылық, кадрлік ауыс-түйістердің белгісі деп жазылған. Феломена бойынша бұл түс мансабыңыздың өсіп, жалақыңыздың көтерілуін немесе басшылықтың өзгеруін білдіреді. Оның тағы да басқа нұсқалары келесідей:

  • Таныс емес басшылық – махаббатыңызды жолықтырасыз;
  • Бастығыңызбен көңіл қосу – шектен тыс жұмысқа беріліп кеткендігіңіздің белгісі.

Егер жұмысыңыз, басшылық түсіңізге жиі кірсе, сізге демалысқа шығу қажет екендігін білдіреді.

Жұмыс істеп отырған ер адам
Басшылықтың жұмыс істеп отырған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Юнона жоруы

Юнонаның түс жоруы бойынша бастығыңыздың түске кіруі өмірде туындайтын проблемалардың белгісі. Басты себеп - жұмысыңыздың сізге ұнамауы, жалақының аздығы. Яғни, жұмыс орнын ауыстыратын сәт туды дегенді болжайды. Сол сияқты ол келесідей болжамдар жасайды:

  • Бастығыңызды түсте өңіңіздегідей көру – cіздің еңбегіңіздің бағаланбауынан туындайтын қорқыныш сезімін;
  • Танымайтын басшы – түс көрушінің басқаруға емес, жалданып қызмет етуін қалайтындығының белгісі.

Ал қызметіңіздің өсуі кірсе, ол да өңіңізде де болуы мүмкін, себебі сіз соған лайықсыз деп болжайды Юнона.

Миллердің түс жорамалы

Жұмыс жайлы түстер үнемі ірі өзгерістерді, жоспарларды болжайды. Миллер бойынша жорамалда, егер түсіңізде бастығыңызбен ұрысып немесе төбелесіп жатсаңыз, сіз белгілі бір жұмысқа деген жауапкершілікті алудан қашқақтайсыз. Сонымен бірге бастықтың түске кіруін ол келесідей болжайды:

  • Басшының қолында сыпырғыш болуы – әріптестерімен немесе туысқандарымен арасында болатын ұрыстың белгісі;
  • Құжаттарды көтерген басшы – сүйіктіңіздің сатқындығының белгісі деп жориды.

Ал егер бастықтың қолында гүл болса, ол жақсылықтың нышаны. Демек оны сәтті сауда немесе мерекелік іс-шараға шақырту күтіп тұр. Бұрынғы бастығыңыздың түске кіруі, жұмысыңызды ауыстырудың белгісі.

Фрейдтің жорамалы

Фрейд бойынша бастықтың түске кіруі ғашықтықтың белгісі. Ал бастығыңызбен сүйісу, жұбыңызбен болатын маңызды әңгімені меңзейді. Сонымен бірге Фрейдтің келесідей нұсқалары да бар:

  • Бастыққа көз салу – онымен көңіл қосудың;
  • Әріптестеріңіздің алдында бастықты қорғау – ескі танысыңызбен болатын романның белгісі.

Егер түсіңізде бастыққа ақша берсеңіз, ол қысқа қарым-қатынасты болжайды. Оны құшақтап, басыңызды иығына салсаңыз жыныстық қатынастағы сәйкестіктеріңізді білдіреді.

Кеңседегі қызметкер. Көрнекі сурет
Кеңседегі қызметкер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нострадамустың жорамалы

Кейбір түс жоруларда қатысушылардың іс-қимылдары маңызды рөлге ие. Мысалы, егер түс көруші жалаң аяқ көшемен жүгірсе, оның басшылықпен ара қатынасы бұзылады деп болжанған. Тағы да басқа нұсқалары төмендегідей:

  • Көңіл күйі жақсы бастық – жоспарлаған іс-сапарыңыздың қолдау табатынын білдіреді;
  • Жылаған немесе ашулы бастық – жобаның сәтсіз болып, жақындарыңыздан алыстауды болжайды.

Ал егер бастығыңыз демалыста демалып жүргенін көрсеңіз, сізге де демалыс артықтық етпейді. Бастығыңыздың қымбат көлік пен киім киюуі байлық пен жақсы жаңалықтардың нышаны.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың болжамынша түсіңізде жаңа бастыққа кеңсені көрсетіп, таныстыру жұмыстарын жүргізсеңіз, сізді ұзақ іс-сапар күтіп тұр. Сізге алғыс айтып, қолыңызды қысып жатса, денсаулығыңыз жақсарады деп болжанған. Лоффтың басқа да келесідей нұсқалары бар:

  • Бастықпен жұмыстан тыс кездесу – романтикалық таныстықты;
  • Бастықпен әріптестеріңіз жайлы сырласу – жұбыңызбен қарым-қатынастағы гармонияны білдіреді.

Ал егер түсіңізде жалақы үшін ұрыссаңыз, өмірде ол ақша сізге жетпейді, жоғарылауын талап етіңіз немесе жұмыс орнын ауыстырыңыз.

Цветкованың түс жорамалы

Жұмыс жайлы түстер өсуді, абыройдың артуын, материалдық жағдайдың жақсаруын болжауы мүмкін. Егер түс көруші бастығының қолын алса, оны жұмыста табыс күтіп тұр. Ал егер керісінше төбелессе, қолдаушы табады деген сөз. Цветкова түске бастықтың кіруі мынадай жағдаяттарды білдіреді деп болжайды:

  • Басшыңызды шығарып салу – қымбат сыйлықтың;
  • Бастығыңызды сабырға шақыру – қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізесіз дегенді білдіреді.

Хассенің түс жорамалы

Кеңседе бастығыңызды іздеп, оны табу және әңгіме-дүкен құру – қиын жағдайдан шығатыныңызды білдіреді. Ал оған көмектесу, досыңызға көмек қолын созу керектігін білдіреді. Хассе мұндай түске қатысты мынадай болжам айтады:

  • Бастықтан тығылу – құжаттардың жоғалуын;
  • Бастықпен бірге темекі шегу – жағымды жаңалықтарды меңзейді.

Әйел басшының көз салуы - отбасындағы қиындықтарды, ал еркек бастықтың көз салуы – қаржылық шығындарды болжайды.

Басшылық жайлы түстерде детальдарға көңіл бөлген дұрыс. Түс көрушінің өзін сезінуін, бастықтың іс-қимылдарын талдап, түс жорамалдарын салыстырып, өзіңізге қажет жерін түртіп алыңыз. Ол жұмысыңызды да, өміріңізді де жақсартуға септігін тигізетіні анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017643-bassynyz-tuske-ne-sebepti-kiredi-tanymal-tus-zorusylardyn-bolzamdary-qandai/