Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балды торт: тәтті қоюланған сүтпен дайындалатын ең дәмді десерт рецебі

Опубликовано:

Балды торт. Скриншот видеодан алынды
Балды торт. Скриншот видеодан алынды: YouTube/Үй кулинариясы

Балды торт әлем бойынша өте танымал. Елизавета патшайымның бал қосылған тағамдарды жек көретінін біліп, оның жеке аспазы балды торттың рецебін ойлап тапқан. Оның дәмін татып көрген патшайым бұл тәттіге ғашық болған.

Балды тортты орта ғасырларда да дайындаған, бірақ оның пайда болуын 1820 жылдары Елизавета Алексеевнаға арнайы әзірлеген соң ғана ресми туған жылы деп қабылданған. Көптеген жыл бойы бұл десертті тек таңдаулы адамдарға ғана ұсынған, ХХ ғасырда ғана бұл рецепт барлығына қолжетімді болып, танымал бола бастайды.

Торт кремдері өте жұмсақ болуы үшін кремді молынан жағу керек. Балды торт кремінің классикалық түрі - қаймақтан жасалатын крем. Бірақ аспаздар қазір кремнің көптеген түрін ойлап шығарды, соның бірі қоюландырылған тәтті сүттен жасалатын түрі.

Сипаттамасы:

Асхана: орыс

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайындау уақыты: 50 минут

Каллориясы: 272 ккал бір порцияға

Құрамы:

Жұмыртқа - 4 дана

Қант - 300 гр

Бидай ұны - 470 гр

Сүт - 400 мл

Бал - 3 ас қасық

Тұз - дәміне қарай

Ас содасы - 1 шай қасық

Жүгері крахмалы - 3 ас қасық

Қоюландырылған тәтті сүт - 270 гр

Ванилин - дәміне қарай

Сары май 82.5% - 250 гр

Дайындалу жолы

1. Бал мен жұмыртқаны араластырыңыз

Терең ыдысқа сұйық балды салып, 3 жұмыртқаны қосыңыз. Арнайы венчикпен жақсылап араластырып, біркелкі массаға келтіріңіз.

Балды торт. Скриншот видеодан алынды
Балды торт. Скриншот видеодан алынды: YouTube/Үй кулинариясы

2. Қант пен тұз қосыңыз

Араластырып дайындаған массаға аздап тұз бен 150 гр қант қосыңыз. Қасықпен жақсылап араластырыңыз. 50 гр жұмсақ сары май қосыңыз.

Тортқа қант қосқан сәт. Скриншот
Тортқа қант қосқан сәт. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

3. Қоспаны қайнаған суы бар ыдысқа салып, ерітіп алыңыз.

Бөлек ыдысқа су құйып, пешке қойыңыз. Үстінен жасаған қоспаңыз бар ыдысты қойып, арастырыңыз. 10-15 минут суда ұстап, қоспаның бетінде көпіршіктер шыққанша араластыру қажет.

4. Ас содасын қосыңыз

Араластыруды тоқтатпай, ас содасын қосыңыз. Массаңыздың түсі ағарып, көлемі екі есеге дейін ұлғаюы керек. Қоспаны суда тағы 2-3 минут ұстап, ыдысты ала беруге болады.

Тортқа ас содасын қосу. Скриншот
Тортқа ас содасын қосу. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

5. Ұн қосыңыз

Ұнды алдын-ала електен өткізіп алған дұрыс. Қалауыңызша ванилин қосыңыз. 400 гр көлемде ұн қосып, жұмсақ етіп қамыр илеп алыңыз.

Тортқа ұс қосу. Скриншот
Тортқа ұс қосу. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

6. Қамырды тең бөліктерге бөліңіз

Қалған ұнды сеуіп, бөліктерді шар тәріздес етіп дөңгелетіңіз. Қамыр суығанша қалдырыңыз.

7. Корждарды жайыңыз

Противеннің бетіне ұн сеуіп, корждарды салыңыз. Корждардың көлемі 42*32 өлшемінде болса жеткілікті.

Қамырды жаю. Скриншот
Қамырды жаю. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

8. Корждарды пісіріп алыңыз

Пешті 180 градусқа дейін қыздырыңыз. Әрқайсы коржды 2.5-3 минуттан қызарғанша пісіріп аламыз.Корждарды тең бөліктерге бөліп, шеттерін түзулеп кесіп алыңыз. Кесілген корждың шеттерін ұсақтап, тортты безендіруге пайдаланамыз.

9. Қайнатпалы крем дайындаймыз

Ыдысқа 1 жұмыртқаны салып, 150 гр қант косып, миксермен жақсылап араластырып аламыз. Қоспаға сүт пен крахмал қосыңыз. Біркелкі масса болғанша араластырыңыз. Ыдысты баяу отқа қойып, бетінде көпіршіктер шыққанша ұстаңыз. Кремнің бетін жауып, толығымен суығанын күтіңіз.

Торт кремі. Скриншот
Торт кремі. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

10. Қоюландырылған тәтті сүт пен май қосыңыз

200 гр майды жақсылап миксерлеп алыңыз. Ақырындап қайнатпалы кремге қосыңыз. Артынша қалауыңызша ванилин мен қоюландырылған тәтті сүтті қосамыз. Барлығын жақсылап миксермен араластырамыз.

Балды торттың крем дайындау сәті. Скриншот
Балды торттың крем дайындау сәті. Скриншот: YouTube/Үй кулинариясы

11. Тортты жинақтау

Табаққа аздап крем жағып, алғашқы коржды қойыңыз. Әр коржға 2-3 ас қасық крем жағып, тортты жинақтаймыз. Торттың бетін және қырларын креммен жағып шығыңыз.

12. Тортты әрлеу

Кесілген торттың шеттерін блендермен ұсақтап алыңыз. Үгітіндіні торттың бетіне, жан-жағына жабыстырыңыз. Қалауыңызша басқа да декорлар қолдансаңыз болады. Дайын болған тортты 2 сағатқа тоңазытқышқа қойып, әбден сіңіп, жұмсарғанын күтіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2019520-baldy-tort-tatti-qoyulangan-sutpen-daiyndalatyn-en-damdi-desert-recebi/

pixel