Ислам діні бойынша түс жорамалы: түсіңізде су көру нені білдіреді
Жарияланған күні:
Мұсылман елдерінде суға ерекше көңіл бөліп, оның таза болуын, жолын ашып, ағысының тоқтамауын қадағалаған. Осы орайда қазақ халқында "Судың да сұрауы бар", "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген сынды мақал-мәтелдер кеңінен танымал. Ендеше ислам түс жорамалында түсіңізде суды көру нені білдіретінін бүгінгі мақаладан біле аласыздар.
Түсіңізге судың кіруі әртүрлі мағына беруі мүмкін. Sunhome.ru басылымы ұсынған мәліметтерге сәйкес, түсіңізге су кіру - ондағы сумен байланысты болған жайтқа, судың деңгейіне, мөлдірлігіне де байланысты.
Түсіңізге мөлдір, таза су кірсе – cізді үлкен қуаныш, бақыт күтіп тұр деп болжанған. Кез келген таза судың көзі жақсылык пен байлықтың нышаны.
Ал өзендегі мөлдір су - жұмысыңызда орын алатын сәттіліктің белгісі. Егер өзен суы өз ағысымен сіздің жатын бөлмеңізге кірсе, үйіңізге жақын арада қонақ келіп, сізге көп көмегін тигізеді деп болжанған. Ал егер өзен суының ағысы тым қатты болса, келетін қонағыңыз сізге жайсыздық тудыруы мүмкін деп болжанған.
Сол сияқты Sonnic.kz сайты cу мен суды кешіп өтуге қатысты исламдағы түс жорамалының келесідегідей болжамдарын мысалға келтіреді:
- Егер адам түсінде қайнап тұрған суды ішсе - онда оның жоспарлаған саяхаты орындалмай қалады. Сол сияқты мұндай түс жақын адамыңыздан көңіліңіз қалады деген мағынаны білдіреді.
- Сонымен бірге адам түсінде ластанған суды ішсе - онда көру қабілеті төмендеп, оның өмірінде қиындықтар орын алуы мүмкін.
Ал, Thestrip.ru сайты ұсынған мәліметтер бойынша, сіздің үйіңіздің жанынан су ағып өтіп жатқан болса, қаржылық жағдайыңыз жақсарып, жұмысыңызда жоғарылауыңыз мүмкін. Материалдық жағдайыңыздың жақсаруы себепті, сіз айналадағыларыңызға көмек қолын соза аласыз.
Егер жас жігіт құдықтан таза су алып жатса, жақын уақытта отбасылы болып, жары өзіне адал болады дегенді білдіреді. Ал керісінше, алған суы лай болса, бақыты ұзаққа созылмай, қысқа уақытта арақатынасы тоқтап қалуы мүмкін.
Айналадағыларыңызға мөлдір су ұсынсаңыз, сіздің көмегіңізге мұқтаж жандардың алғысын аласыз. Ал егер берген суыңыз сарғыш болса, керісінше майайыңызға кесіріңіз тиіп кетуі мүмкін. Абай болыңыз!
Ағыны тасып тұрған суды түсіңізде көрсеңіз, өрттің, сот істерінің немесе дұшпандарыңыздың арам іс-әрекеттерінің белгісі деп қабылдаңыз. Алдын-ала сапарларыңызды жоспарлаған жөн.
Ағынды судың тау-таспен жүруі – дұшпандарыңыз бен басшылықтың сізге қарағанда күштірек болып, теке-тіресте жеңіске жететіндігінің белгісі деп қабылдаңыз.
Қатты ағынның ортасында, қозғала алмай тұрсаңыз – сізді қиындықтар күтіп тұр. Барлық күш-жігеріңізді жинақтап, қарсы тұруға дайындалыңыз.
Түсіңізде суға қарай жүгірсеңіз - тағдырыңызға әсер ететін маңызды шешім қабылдайсыз деп болжанады.
Ал түсіңізде басқа біреудің ағынды суда батып бара жатқанын көрсеңіз, сізді сүйіктіңізбен ажырасу, ұрыс, жұмыста сәтсіздіктер күтіп тұр.
Тыныш өзенде, таза қайықпен жүзіп келе жатсаңыз- үлкен жақсылықтың белгісі. Арманыңыз орындалып, байлыққа кенелесіз дегенді білдіреді.
Қатты ағыстан шыға алмай жатқаныңызды түсіңізде көрсеңіз, ұзаққа созылатын сот ісін немесе денсаулығыңызға байланысты туындайтын қиындықтарды білдіреді.
Мөлдір судың бетінде өз көлеңкеңізді көрсеңіз, жақын арада суық хабар аласыз. Жақын достарыңыздан немесе туысыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Кейде мұндай түс туындайтын қаржылық қиындықтардың белгісі деп қабылданады.
Түсіңізде суды төксеңіз сіз үміттеніп жүрген ойыңыз орындалмайды, барлығы тек сөз жүзінде, ал іс жүзінде ешқандай өзгеріс болмайды. Шөп, гүл суарып жүрсеңіз сізді күтпеген шығын күтіп тұр деп болжауға болады.
Ал егер түсіңізде су кешіп жүріп, аяғыңыз құрғақ болса қиын проблеманың шешімін тауып, сәттілік серігіңіз болатыны анық.
Сол сияқты Sonniq.ru сайты ислам діні бойынша суды кешіп өту - сіз тағдырыңызға әсер ететін, маңызды шешім қабылдайсыз деген мағынаны білдіреді дейді.
Түс жоруға қатысты қызықты мәліметтер ұсынатын Life09.kz сайты Меккеден су ішігу қатысты мынадай тың мәлімет ұсынады:
- Егер түсіңізде Меккедегі қасиетті құдықтан су ішіп жатсаңыз - одан сіздің біліміңіз толығады деген сөз.
- Ал түсіңізде жылы су ішу - аурудың, суық суды кешіп, онымен жуыну - денсаулығыңыз нығайып, өміріңізде қуанышты жағдай орын алады деген сөз.
Исламдағы түс жорамалда судың тұнықтығына мән беріледі. Егер су тап-таза, тұнық болса, онда ол өміріңіде жақсы өзгерістер болады деген сөз. Ал егер, керісінше су лай болса, онда өміріңізде адамдардан көңіліңіз қалып, қайғырасыз деген мағынаны білдіреді.
Ислам түс жорамалында түсіңізде су кіруге қатысты келесідегідей де болжамдар бар:
- Егер түсіңізде таза, суық суды ішіп жатсаңыз, онда өмірде бақытта ғұмыр кешіп, өмірдегі бағытыңыз дұрыс деген сөз. Жолыңызда кедергілер кездессе де, оларды сіз оңайлықпен еңсересіз деген мағынаны білдіреді.
- Түсіңізде өте ыстық су ішу - жақындарыңыздан көңіліңіз қалып, саяхаттаудан бас тартасыз деген сөз.
- Лас суды ішу - көзіңіздің көру қабылеті төмендейді немесе көзіңіз көрмей қалуы мүмкін деген мағынаны білдіреді, ал тұрып қалған суды ішу - өміріңіздегі қиындықтардың белгісі. Демек сізді сынақтар күтіп тұр деген сөз.
Ислам дінінде суды түсіңізде көру әр түрлі мағына береді. Оның нақты мәнін білу үшін суға қатысты қандай әрекет жасалынғандығын, түстің детальдарына қарай болжау керек. Түстің ерекшелігіне қарай болжам оң немесе негативті болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Алдағы іс-әрекеттеріңізді жоспарлауға тырысыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2020109-islam-dini-boiynsa-tus-zoramaly-su-kesip-zuru-neni-bildiredi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.