Дәмді және тез: ірімшіктен даярланатын кекстердің ең оңай рецебін білесіз бе
Жарияланған күні:

Ірімшік кез келген десерттің каллориясын азайтып, жұмсақ болып шығуына көмектесетін бірден бір ингридиент. Кексті дайындау үшін қарапайым құрамы мен аз ғана уақыт жеткілікті. Үйде бір рет жасап көрген соң, бұл тәттіні дүкеннен сатып алмайтыныңыз анық.
Кекс жайлы алғашқы жазбаларды ежелгі Римнің кулинарлық кітаптарынан кездестіруге болады. Дәстүрлі бисквит қамырының орнына олар жарма езбесін, кептірілген жемістер мен жаңғақтар қолданған. XVI ғасырда Еуропаға қант тасымалдау дами түсіп, кекстің рецебі де алыс-жақын елдерге шығару кеңінен етек ала бастады. Еуропада кекстер тез таралып, әр түрлі елдердің кулинар кітаптарында ерекше рецептері пайда бола бастады. Бүгінде кекстің құрамы әр түрлі, ал ірімшік қосылған кекстер халықтың сүйікті десертіне айналды.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты:Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
Каллориясы: 256 ккал бір порцияға
Құрамы:
Жұмыртқа – 2 дана
Ірімшік-250 гр
Қант-200гр
Бидай ұны-250 гр
Айран 3,2% - 100 мл
Ас содасы- 0.5 шай қасық
Ванильді қант – 10 гр
Май 82.5%- 150 гр
Дайындалуы:
- Жұмыртқа мен қантты араластырыңыз
Құрғақ ыдысқа жұмырта мен қантты салып, жақсылап араластырыңыз. Ванильді қантты да қосыңыз. Масса бірыңғай күйге жеткенше араластырыңыз.

2. Май қосыңыз
Жұмыртқа мен қантқа аздап тұз қосып алыңыз. Майды алдын-ала тоңазытқыштан шығарып, жұмсақ күйінде қоспаға қосыңыз.

3. Ірімшікті үгітіп алыңыз
Кекс дайындау үшін үйдің майлы ірімшігін немесе 9%-дық майлылықтан төмен емес дүкен ірімшігін қолданған жөн. Ірімшікті қоспас бұрын оны үккіштен өткізіп немесе шанышқымен ұсатып алу керек. Қоспаға ірімшікті қосып, жақсылап араластырып алыңыз.

4. Айран мен ұн қосыңыз
Кекске үй температурасындағы жылы айранды қолданған жөн. Айранды қоспаға қосып, ұныңыздың жартысын қосыңыз. Артынша ас содасын қосып, қалған ұнды себіңіз. Қамырды бірыңғай массаға келгенше араластырыңыз.

5. Кексті пісіріп алыңыз
Пешті алдын-ала 180 градусқа дейін қыздырып алыңыз. Арнайы форманың 2/3 бөлігіне қамырды салып, 20 минуттай пеште ұстайсыз. Дайын кекстерді суытып алған соң, қант ұнтағымен немесе ерітілген шоколадпен безендіруіңізге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2020449-damdi-zane-tez-irimsikten-dayarlanatyn-keksterdin-en-onai-recebin-bilesiz-be/