Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бастапқыда бал қосып қайнатқан: құлпынай тосабының тарихы мен ең дұрыс рецебі қандай

Опубликовано:

Құлпынай тосабы. Көрнекі сурет
Құлпынай тосабы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дұрыс дайындалған құлпынай тосабының дәмі де, түсі де ерекше болып шығады. Оның иісі мұрынды жарып, құрамы қанты сіңген жидектерден тұрады. Әсіресе қыс мезгілінде тәбетіңізді ашатын құлпынай тобасының дайындалу жолын назарға ұсынамыз.

XVIII ғасырда Еуропадан құлпынайды Ресейге алғаш рет әкеліп, сол уақыттан бастап көрші мемлекетте тосап жасай бастаған. Ол кезде қант бағасы арзан болмаған, сондықтан қант тек ауқатты адамдардың дастарханында тұратын. Ал қарапайым халық құлпынай тосабын балмен дайындаған. XIX ғасырдан бастап қанттың бағасы арзандап, балдың орнын қант алмастырды. Дәл сол кезден құлпынай тосабы қарапайым тәтті десерт ретінде қабылдана бастады. Дайындалу жолы ерте кездегіден еш айырмашылығы жоқ, бірақ тосаптың дәмді болып шығуының құпиясы оның құрам бөліктерінің мөлшерінде екендігін ұмытпаған жөн.

Сипаттамасы:

Асхана: Славян

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 6 минут

Дайындалу уақыты: 35 минут

Калориясы: 570 ккал бір порцияға

Құрамы:

Қант - 1.2 кг

Құлпынай – 1 кг

Дайындалу жолы

1. Жидектерді жуып алыңыз

Ыдысқа құлпынайды салып, үстінен салқын су құйып 2-3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін, ағынды сумен жуып алған соң ғана, құлпынайды жапырақтарынан ажыратуға болады. Егер жапырақтарын жуғанша алып тастасаңыз, құлпынай өзіне суды сіңіріп алады да, тосабыңыз сұйық болып кетеді. Тазаланған құлпынайды құрғақ орамалға жайып, кепкенін күтіңіз.

Құлпынай тосабы. Көрнекі сурет
Құлпынай тосабы. Көрнекі сурет: YouTube/Yuliya Small  

2. Құлпынайға қант салып қойыңыз

Құлпынайдың бір бөлігін ыдысқа салып, үстінен қанттың бір бөлігін сеуіп қойыңыз. Осылайша кезектестіре отырып жидекті қантқа салып қоямыз. Қант пен құлпынай салынған ыдысты алдын-ала жуып, кептіріп алған дұрыс. Ыдысыңыз мыс, тот алмайтын немесе эмальды болуы керек.

Бөлме температурасында құлпынайды 4-8 сағатқа қалдырыңыз. Ыдысыңыздың бетін жауып қойған жөн. Құлпынай шырынының тез шығуы үшін ыдысты арасында қозғап тұру керек.

Қант қосылған құлпынай. Скриншот
Қант қосылған құлпынай. Скриншот: YouTube/Yuliya Small  

3. Тосапты қайнатыңыз

Пештің отын баяу қойып, тосаптың ысуын күтеміз. Ыдысты араластырып тұрып, қанттың еруін қадағалаңыз. Бетіне шыққан көпіршікті қасықпен алып тастап отырыңыз. Жидектің езіліп кетпеуіне мән беру керек.

Қант толық еріп кеткенде, отты қатайтып, қайнатып алу керек. Жидектеріңіз ірі болса, 10 минуттай суытып алған соң, тағы бір рет қайнатып алу артықтық етпейді. Тосапты 6-8 сағат суытып, қанттың жидекке сіңуін күту керек.

Дәл осылай суытып отырып, қалауыңызша тағы 1-2 рет қайнатып алуға болады.

Қайнатылған құлпынай тосабы. Скриншот
Қайнатылған құлпынай тосабы. Скриншот: YouTube/Yuliya Small  

4. Тосапты банкаға салу

Соңғы рет қайнатып алған соң, тосапты ыстық күйінде, стерильді,құрғақ банкаларға құйып алу керек. Банканың бетін герметикалық жапқыштармен жабамыз. Банкаларды төңкеріп қойып, жылы көрпемен жауып қойыңыз да , толық суығанын күтеміз.

Ескі замандағыдай банканың бетін қағазбен жауып, бірден салқын жертөледе сақтауға да болады. Салқын температурада тосап ұзақ сақталады. Тосап уақыт өте келе кеуіп, қоюлана түседі. Беткі жағында қанттан қатпар пайда болып, тосап 1-2 жылға дейін жарамды болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2020672-bastapqyda-bal-qosyp-qainatqan-qulpynai-tosabynyn-tarixy-men-en-durys-recebi-qandai/

pixel