Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше құттықтау: жас жұбайлардың тойына арналған ең әсерлі тілектер

Опубликовано:

Тойға арналған дастархан. Көрнекі сурет
Тойға арналған дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жас жұбайларға тілек білдіргенде қонақтар оларға ақыл-кеңестерін де үйіп төгеді. Жастарға қандай тілек білдірген дұрыс? Бүгінгі материалда назарларыңызға тойға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынамыз.

Ата-аналардан құттықтау сөз

Кез келген ата-ана үшін баласының тойы үлкен маңызға ие мереке. Олар құттықтау сөздерін жан тебірентерлік әрі мағыналы етіп жеткізеді. Осы ретте Zharar.com сайты ұсынған тойға арналған құттықтау тілектерді назарға ұсынамыз.

Армысың айналайын күйеу бала. Қызымызға ертенгі сүйеу жарыңның жұлдызы, бол құндызы бол. Ал …….. қолына қондырған ақ құсын құтты болсын. Біздің …….ды ешқашан ренжітпей аялап отет деп сенемін. Құрып жатқан шанырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидін былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар!

***

Бақыт адамнын басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтерген адам котереді. Көтермеген адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтереді көтермеген адамның аузынан ақ ит кіріп көк ит шығады дейді. Одан кейінгі бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның козін шел басып қасындағы жақындарын кормей калады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – сендердің бастарыңа да тек бақ қонсын!

Қалыңдықтың тойға дайындалған сәті. Көрнекі сурет
Қалыңдықтың тойға дайындалған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өз сөзімізбен жеткізе алатын қандай құттықтау тілектер бар?

Жастарға тілек білдіргенде тек әдемі сөздерді ғана емес, сонымен қатар өмірде қажет болатын, бағдар беретіндей сөздер есту маңызды. Ата-аналар сөзін алдын-ала дайындап, жастарға бақыт мен махаббат тілейді.

Құттықтау сөзді қалыңдық жақтың да, күйеужігіт жақтың да ата-аналары айтады. Той асабасы той иелерімен алдын-ала тілек білдіру кезегін ақылдасып алған жөн.

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

***

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаимыз. Жана омірге аяк бастыныздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсін. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

Жас жұбайлар. Көрнекі сурет
Жас жұбайлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ата-аналар тойға тігені өлең жолдарымен жеткізуіне болады

Жас жұбайлардың ата-анасы құттықтау сөзін өлеңмен жалғастырып жатса, олардың таң қалатыны анық. Жүрекке жететіндей қандай өлең жолдары бар? Үйлену тойында қысқа әрі мағынасы терең, сонымен бірге махаббатқа толы өлең жолдары айтылса өте әсерлі болатыны сөзсіз.

Қысқа төрт шумақ өлеңге шынайы тілегіңізді де қосып жіберуге болады. Той үстінде толқып тұрсаңыз, өлең жолдарын қағазға жазып алған дұрыс.

Той бастап жатып сыйлас, дос адамым, Жақсы сөз-лебіздерді қош аламын. Тілейміз биіктігін шаңырақтың, Тілейміз беріктігін босағаның.

Шырқаса шабыттанып ақын бүгін, "Тойбастар" деп айтайық атын мұның. Мәңгілік екі жастың бақыты мен Тілейік құдалардың татулығын.

***

Сонымен бірге танымал ақын Оразақын Асқардың тойға арналған мынадай өлең шумағын ұсынамыз:

Оңайда емес, қиында емес үй болу Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену. Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру .

Болады онда, ішкі де сыртқы саясат , Аяық жарды, біреуді егер аясақ. Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия, Жүрмеңдер әсті, ішкіні сыртқа жаясап.

Қашанда жарға керегі жылы назарың Жалғыссыратпа тартқызба өмір азабын! Мен сөйтіп едім, сен неге бүйтпей журсің бе Сауданың үйге орнатпау керек базарын!

Асығыстықтан ашудан абзал безінген, Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен . Жар деген өзің, өзің деп тапқан жалғызың, Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен .

Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан, Екеуінді де аялау оны шақыра. Көсегелерің көгерсін берген ақ батаң, Сендерден бұрын үй болғандардың атынан!

Қонақтардың жастарды құттықтауы

Әдетте тойға достар, туыстар, жұмыстағы әріптестер жиналады. Келген қонақтарда жастарға деген шынайы лебіздерін жеткізуге тырысады. Күйеужігіт пен қалыңдық үшін, дәл осы күні жылы сөздер есту аса маңызды. Осы ретте Baribar.kz сайты ұсынған тойға арналған тілектер топтамасымен таныс болыңыздар.

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаймыз. Жаңа өмірге аяк бастыңыздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсің. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. Іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. Көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

***

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын! Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

***

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: "Тату үйге тақсырет жоламас", — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!

Қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет
Қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қонақтардың өлең жолдарымен құттықтауы

Үйлену тойына қонақтар алдын-ала дайындалады, алдын-ала сыйлық алып, айтатын құттықтау сөздерін жазады. Құттықтаудың өлең жолдарымен айтылуы өте жағымды естіліп, есте қалатыны сөзсіз.

Халқыңа қалаулы бол, Еліңе елеулі бол. Бір баламыз екеу болсын, Жас жұбайлар одағы бекем болсын!

***

Өмір-тойы, көңіл-тойы – үйлену, Үйлену, бұл – мәңгі көктем күйге ену. Жаңа отаудың қабырғасы қаланып, Дүниеге тағы да бір үй келу.

Ағайынның ақ ниеті деп ұғын, Келін-бала, ажырамас тел ұғым. Елден бұрын төбем көкке жетеді, Десе біреу: "Жақсы екен келінің!"

Егер тойға келе алмай, алыста болсаңыз әлеуметтік желіде немесе телефонмен өлең жолдарын арнап, құттықтасаңыз болады.

Жастар үшін ең маңызды күні, олармен қуаныштарымен бөлісу үшін ата-аналары, достары, ең жақындары асығады. Олар жылы лебіздерін өз сөздерімен, өлең жолдарымен білдіріп жатады. Әдемі, жан тебірентерлік тілектер жастардың жүрегінде жылу ұялататыны сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2020859-erekse-quttyqtau-zas-zubailardyn-toiyna-arnalgan-en-aserli-tilekter/

pixel