Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жууға болмайды: Таңқурайдан тосапты қалай дұрыс қайнатамыз

Опубликовано:

Дастархандағы таңқурай. Көрнекі сурет
Дастархандағы таңқурай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таңқурайдың қышқылтым тартатын, бірақ тәтті дәмі қантпен араласқанда тіпті ерекше дәмге ие болады. Оның хош иісін ұнатпайтын адам жоқ. Ең дәмді таңқурай тосабын дайындау үшін аспаз сарапшылар Линн Хилл, Даниэль Уолш, Келли Вон мен Тиффани Данеффтің кеңестеріне құлақ түріңіз.

Ең дәмді таңқурай тосабын дайындаудың құпиялары

Таңқурайды ұзақ сақтаудың бір жолы, одан тосап дайындау. Дұрыс дайындалған табиғи тосап өзінің дәмімен, иісімен ерекше. Тосап әзірлеуде жасалатын кішкентай қателіктердің өзі оның дәміне әсер етеді. Қарапайым кеңестер кең таралған қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Тосапқа арналған таңқурайды қалай таңдаймыз?

Кулинариялық кітаптардың авторы Линн Хилл тосапқа дұрыс піспеген таңқурайды пайдаланған дұрыс деп санайды. Тым жұмсақ, езілген, бұзыла бастаған таңқурайдан тосап дайындау ең көп таралған қателіктердің бірі. Қатты пісіп кеткен жидектер қышқылдықтарын жоғалта бастағандықтан, ондай таңқурайдан пайдалы тосап шықпайтыны анық.

Жазушы әрі аспаз Даниэль Уолш түсі қарайған, солған жидектерден де аулақ болу керек деп кеңес береді. Егер таңқурай түбі көрінетін қорапқа салынған болса, міндетті түрде қораптың астын қарау керек. Қораптың түбінде аққан таңқурай шырыны, жабысып, езілген жидектер болмауы қажет. Базарда себетке салынған таңқурайды таңдаған жөн, себеттегі жидектер көбірек сақталады.

Тосапқа арналған таңқурай. Көрнекі сурет
Тосапқа арналған таңқурай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таңқурайды жуған дұрыс па?

Жазушы Келли Вон таңқурайды пайдаланар алдында жуу керек деп есептейді. Ал джем жасау үшін таңқурайды жуудық қажеті жоқ. Жидек суды тез сіңіріп алатындықтан, ол көгеріп кетуі мүмкін. Мұндай таңқурай дым татып, хош иісі жоғалып кетеді.

Ал егер таңдаған жидекті жуу қажеттілігі болса, жидекті сүзгіге салып су құйылған ыдысқа салып алыңыз да, сүзгісімен артық суы ағып кеткенше қалдырыңыз.

Таңқурай таза әрі құрғақ болса, оны тоңазытқышта 3-5 күнге дейін сақтауға болады. Ол үшін арнайы контейнердің астына қағаз төсеп, үстінен таңқурайды салыңыз. Егер салған қағазыңыз су болып, жидек езіле бастаса, оны тазалап, сумен бір шайып алып, пайдаланып тастау қажет.

Таңқурай тосабын дайындаудағы ерекшеліктер

The Telegraph және Saga-ның авторы Тиффани Данефф бір жасағанда бірден 3-4 литр тосап дайындау керек деп есептейді. Үлкен көлемде тосап қайнату біраз уақытты алуы мүмкін, себебі қайнау уақытын т.с.с бақылауда ұстау шарт.

Тосапқа биік емес, түбі қалың ыдысты пайдаланған дұрыс. Тот баспайтын материалдан жасалынса тіпті жақсы. Тосапты қайнатқанда алюминий немесе эмальды ыдысты қолданбаған жөн.

50 жылдық өтілі бар аспаз Энн Джеймс, тосапқа қарапайым кристалл қант ұнтағы сай келеді деп жазады. Тым ұсақ қантты қоспаған дұрыс, ол ыдыстың түбінде қалып, күйіп кетуі мүмкін.

Таңқурай тосабы. Көрнекі сурет
Таңқурай тосабы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таңқурай тосабының классикалық рецебі

Кулинариялық кітаптардың авторы Сара Буэнфельд қарапайым әрі сенімді, қою әрі дәмді болып шығатын таңқурай тосабының рецептісін ұсынады. Ол үшін үш-ақ компонент жеткілікті.

Құрамы

Everyday Food бағдарламасының жүргізушісі Сара Кэри тосапқа тұз салу керек деп есептейді. Тұз тосаптың дәмін келтіріп, лимонның қышқылдығын ерекшелендіреді. Ағылшын асханасында дайындалатын 7 порция тосапқа келесідей компоненттер қажет:

  • Жаңа терілген таңқурай - 1 кг
  • Қант - 1 кг
  • Лимон - 1 дана

Егер тұз қосатын болсаңыз, тұздың иодталмаған түрін қолданыңыз.

Дайындалуы

Дайындыққа 7 минуттай уақытыңызды жұмсайсыз. Ал тосапты дайындау 25 минуттай уақытты алады. Жұмысқа кіріспес бұрын, банкаларды стерильдеп алу керек. Металл қақпақтарын 5 минуттай қайнатып алыңыз. Ал егер полэтилен термоқақпақтарды қолдансаңыз 25 секундттай буға салып аламыз. Банканы жабар алдында қақпақтарды стерильдеу міндетті түрде жасалуы тиіс.

Келесідей ретпен тосапты қайнатамыз:

  1. Таңқурайды тазалап, бұзылған жидектерді алып тастаймыз.
  2. Жидектің бір бөлігін ыдысқа салып, үстінен лимон шырынын сығып тастаңыз. Лимон сүйектері ыдысқа түсіп кетпеуін қадағалаңыз.
  3. Ыдысты пештің баяу отына қойып, жидектің шырын беруін күтеміз. Жидекті езіп, араластырып отырып тағы 5 минуттай отта ұстаймыз.
  4. Ыдыстағы жидекті сүзгіге салып, шырынының түгелімен ағып кетуін күтеміз. Сүзгіде қалған жидек езбесін тағы да езіп, шырынға қосамыз.
  5. Жидекті қайта отқа қойып, қантты түгелімен қосамыз. Қант мөлшерін азайтпаңыз, қанты аз болған таңқурай тосабы ұзақ сақталмайды.
  6. Баяу отта араластыра отырып, қанттың еріп, тосаптың қайнауын күтеміз.
  7. Таңқурайдың қалған бөлігін қосып, орташа отта тосапты қайнатамыз. Отты баяулатып тағы 5 минут қайнатамыз. Тосаптың дайын болуын тексеру үшін оған ағаш қасықты салыңыз. Тосаптың қасықтан қалай ағатынын бақылаңыз, егер тосап қою болып, баяу ақса ол дайын, ал егер сұйық болса тағы 2-5 минут қайнатуды қажет етеді дегенді білдіреді.
  8. Тосаптың отын сөндіріп, 5 минутқа қалдырып, тағы да бір рет араластырыңыз.
  9. Стерильді банкаға салып, аузын жақсылап жабыңыз. Банканы жылы көрпемен ораудың қажеті жоқ.

Тосапты салқын, қараңғы жерде сақтаңыз. Бір айдан соң оны түсі өзгереді, бірақ тосап өзінің балғындығын бір жылға дейін сақтайды. Ашылған банканы бір аптадай тоңазытқышта сақтаған жөн.

Таңқурай тосабы кулинарияда жиі қолданылады. Балмұздақ, құймақпен, вафлимен ерекше үйлесімді. Тосаппен дайындалған тәтті бәліштердің дәмі тіпті ерекше. Жоғарыдағы кеңестерге құлақ асып, жақындарыңызды таңқурай тосабымен қуантыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2021192-zuuga-bolmaidy-tanquraidan-tosapty-qalai-durys-qainatamyz/

pixel