Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маусым айында магниттік дауыл қашан болады және оның адам ағзасына әсері қандай болмақ

Опубликовано:

Жер шары
Жер планетасы мен күн. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамыр айындағы магниттік дауыл денсаулыққа бей-жай қарауға болмайтынын айқын көрсетті. Ал маусым айында магниттік дауыл қай күндері болады? Магниттік дауылдан қалай қорғану керек? NASA мамандары және метеоролог Джо Рао құрастырған ғарыштық ауа райы болжамын назарға ұсынамыз.

Магниттік дауылдардың пайда болу себептері

Жердегі ғарыштық ауа райы деп Күн мен Күн жүйесінің салдары Жерге әсер еткен кезде атмосфераның жоғарғы қабаттарында болатын құбылыстарды атайды. Магниттік дауыл ғарыштық ауа райының белгілі факторларының бірі болып саналады.

Магниттік дауыл дегеніміз не?

Магниттік дауыл – жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күшті қозғалыс. NASA агенттігінің мәліметінше мұндай дауылдар магнитосфера арқылы шығарылып, адамдарға, объектілерге және процестерге әсер ететін күн сәулелерінің (Күндегі жарқыл) және соңында болатын күн желінің (иондалған бөлшектердің ағыны) әсерінен туындайды.

Магниттік дауыл адам денсаулығына айтарлықтай әсер етумен қатар мынадай мәселелер тудыруы да мүмкін:

  • Навигациялық жүйелер мен радиобайланыстың жұмысындағы ақаулар.
  • Электр желілеріндегі кернеуді реттеу мәселелері.
  • Апаттық сөндіру жүйелерін іске қосу.
  • Аспаптар мен жүйе жұмысындағы бұзылулар.
  • Поляр шұғыласының күшеюі және бұрын-соңды болмаған аймақтарда көрінуі.
  • Ғарыш аппараттары мен спутниктердің жұмысындағы бұзылулар. Осыған байланысты наурыз айында ғарыштық зымыран өндірушілер кезекті ұшыру мерзімін кейінге қалдырды.

Магниттік дауылдардың салдарын бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Олардың зерттеулерінің негізінде алдағы екі-үш айда болатын магниттік дауылдар болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден басқа еріктілер тобы модераторлық жасайтын бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар да бар.

Магниттік дауылдар қалай пайда болады?

Күн белсенділігінің артуын магниттік дауылдың пайда болуының негізгі себебі деуге болады. Жердің магниттік сферасы (магнитосфера) планетаның өрістері арқылы құрылады және оны Күннің шығаратын бөлшектерінен қорғайды. Күннен тәждік масса (CME) пайда болғанда немесе жоғары жылдамдықтағы күн ағыны біздің планетамызға жеткен кезде ол осы қалқанға соғылады. Сақиналық тоқтың күшеюі және 6-12 сағатқа созылатын Жердің магниттік өрісінің қарқындылығы төмендейді. Бірнеше күн ішінде бұл құбылыс қайтадан қалпына келеді.

Күн жарқылының себебі неде? Плазма мен радиацияның күшеюі көбінесе корональдық тесіктерге байланысты болады. Бұл - күн желінің Күннен ғарышқа өтетін зарядталған бөлшектер (протондар мен электрондар) ағынының буға айналуға мүмкіндік беретін ашық магнит өрісі сызықтарының аймақтары. Осылайша магниттік өріс сызықтары бар алып плазмалық бұлттар пайда болады. Олар Жердің магнит өрісін өзгертіп, бұзылуларға әкеледі.

Күн плазмасы қорғанысты қалай бұзып шығады? Полюстер аймағында магниттік сфераның ашылуы жүзеге асады. Мұнда плазманың атмосфералық газдармен және поляр жарығымен әрекеттесуі, яғни атмосфераның жоғарғы қабатының жарқырауы арқылы жүретін оптикалық құбылыс пайда болады.

2023 жылдың маусым айына арналған магниттік дауыл күнтізбесі

Күннің жарқылы мен жердегі магниттік дауылдың басталуына дейінгі кезең шамамен бір айды құрайды. Бұл құбылыстың күші мен қарқындылығын болжау үшін мына параметрлер қолданылады:

  • 0-ден (өте төмен дауыл) 9-ға дейінгі шкала (экстремалдық дауыл) және Kp-index (K) коэффициенті геомагниттік белсенділіктің ғаламдық индексі деп аталады.
  • АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) қабылдаған G шкаласы құбылыстың күші мен қарқындылығын ескереді. SpaceWeatherLive басылымы дауылдың әрбір деңгейі белгілі бір Kr индексіне сәйкес келетінін жазады.
  • Күн жалынының шкаласы (A, B, C, M, X).

Маусым айында неге дайын болу керек және геомагниттік турбуленттіліктен қалай оңай өтуге болады? Ол үшін магниттік дауылдардың күнтізбесін, оларды өлшеу шкалаларын және адамдарға әсер ету белгілерін пайдаланыңыз.

Күннің көрінісі
Күннің жарқылы. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың маусым айындағы магниттік дауылдар қай күндері болады?

Жаздың бірінші айы Жердегі ғарыштық ауа райының болмашы айырмашылығымен ерекшеленеді. Геомагниттік өрістегі әлсіз өзгерістер 1, 7, 16, 23-25 ​​және 30 маусымда болуы мүмкін. Магниттік белсенділіктің ең елеулі ошақтары 10-12 және 28 маусымда болады.

Us Radioguy басылымының мәліметінше 2023 жылдың маусым айы қалыпты өтеді. Өйткені Жер тек күннің максималдық кезеңіне жақындап келеді. Ол 2024-2025 жылдары болады деп күтіледі. Live Science басылымы 2023 жылдың 4 қаңтарында болған Күнге қатты жақындау кезінде де сол күнгі магниттік дауыл G1 класының қарқындылығынан аспағанын атап өтті. Маусым айында планета осы нүктеден алыстайды, бұл жердегі магнит өрісінің Күнмен әрекеттесуінің қарқындылығын төмендетеді.

Фонендоскоп
Медициналық құрал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маусым айында магниттік дауылдар болады, олардың қарқындылығы G0–G1-ден аспайды. Ал 10, 11, 12 және 28 маусымда аталған көрсеткіш G2-ге жетеді. Мұндай дауылдарды орташа және әлсіз деп атауға болады. Ғарыштық ауа райын болжаушы Джо Рао магниттік дауылдарға қарағанда мамырдың екінші жартысындағы жаңа туған айға назар аударады.

Маусым айында Жердің магниттік өрісіндегі өзгерістер аса қарқынды болмағандықтан, жеңіл өтеді. Соған қарамастан созылмалы және гипертониялық аурулары бар адамдар геомагниттік белсенділік ошақтарының әсерін ескеруі керек.

Маусымдағы магниттік дауылдардың әсері

Тәуекел тобына созылмалы аурулары бар, ауа райына сезімтал адамдар, жүкті әйелдер жатады. Маусым айында қалыпты магниттік дауылдар былай байқалады:

  • Шаршап жүру.
  • Ұйқысыздық.
  • Тәбеттің төмендеуі немесе артық тамақтану.

Бұл жағдайды бастан өткергендер көбірек демалып, уайымнан аулақ болғаны жөн. Максималдық геомагниттік белсенділік күндерінде (10-12 және 28 маусым) белгілер әр түрлі болады:

  • Бас ауруы, айналуы, жүрек айнуы.
  • Жүрек ырғағының өзгерісі, кеудедегі ауырсыну.
  • Буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну.
  • Гипертония.

Маусымдағы магниттік дауыл күндері диетадан алкогольдік, энергетикалық сусындарды, кофені алып тастаңыз, темекіні де азайтқан дұрыс. Тиімді профилактикалық процедуралар ретінде үй ішін жиі желдетіп тұрыңыз, контрастық душ қабылдаңыз. Ұйқыны қалыпқа келтіріп, демалыс күндерін өзіңізге арнасаңыз маусым айы жақсы өтеді.

Әңгімелесіп отырған жұп
Жағажайда әңгімелесіп отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы айдағы күн құбылысына қатысты болжамдар жоспарыңызды реттеуге, хал-жағдайыңызды бақылауға және қауіпті күндерде жайлы өмір сүруге көмектеседі. 2023 жылдың маусым айындағы магниттік дауыл күнтізбесін және маусымдағы құбылыстардан оңай өту жөніндегі кеңестерді есте сақтаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2021956-mausym-aiynda-magnittik-dauyl-qasan-bolady-zane-onyn-adam-agzasyna-aseri-qandai-bolmaq/

pixel