Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орынсыз мінез көрсеткен өзге біреудің баласына ескерту жасауға бола ма

Опубликовано:

Қыз балаға ескерту айтуда
Көрнекі фото: Рexels.com

Көпшілігіміз қоғамдық орындарда бөтен балалардың орынсыз мінез-құлқын көріп жатамыз. Сондай кезде оларға ескерту жасаған дұрыс па? Бұл сұраққа психологтар жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Газета.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Отбасылық психолог Владимир Зуевтің айтуынша, біреудің баласына ескерту жасауға болмайды. Оның сөзінше, баланың тәрбиесіне тек ата-анасы немесе солардың орнын басатын адамдар ғана жауапты.

"Егер сіз біреудің баласының "ақылға қонымсыз" әрекетіне куә болсаңыз не істеуге болады? Есіңізде болсын, бір ескертумен сіз баланың қалыптасқан мінез-құлқы мен мінезіндегі мәселені шеше алмайсыз.

Сондықтан ашуыңызды ауыздықтап, біреуді тәрбиелеуге, өзгертуге деген құштарлығыңызды басыңыз.

Әрине, егер баланың мінез-құлқы басқа адамның өміріне қауіп төндіретін болса, онда сіз жылдам реакция танытуыңыз керек, ал басқа жағдайларда баланың қылығына, тәртібіне жауапты ата-ананы немесе адамды іздеңіз", - дейді Владимир Зуев.

Психолог тіпті, бала ұшақта шу шығарса да, сіздің орындығыңызды теуіп, қоғамдық жерде айқайласа да, оның мінез-құлқын түзету міндеті толығымен ата-анаға жүктелетінін атап өтті.

Тағы бір психолог Юлия Токарчуктің де айтуынша, балаға өзіне немесе басқа балаларға зиян тигізуі мүмкін қауіп туындаған жағдайда ғана ескерту жасауға болады. Ал қалған уақытта ол үшін ата-ана жауапты.

"Тіпті, баланың мінез-құлқы шектен шыққан жағдайда да, оған тек ата-анасы немесе қазіргі уақытта оған жауапты адам – әпкесі/ағасы, әжесі/атасы, күтушісі және тағы басқалары ескерту жасай алады", – дейді Мәскеу мемлекеттік психология және педагогика университеті жанындағы "Қазіргі балалық шақты пәнаралық зерттеу орталығының" ғылыми қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022021-orynsyz-minez-korsetken-ozge-bireudin-balasyna-qalai-eskertu-zasagan-zon/

pixel