Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үгілмелі қамырдан жасалынатын қаймақ қосылған тәтті бәліштің рецебін білесіз бе

Опубликовано:

Қаймақтан жасалған бәліш. Көрнекі сурет
Қаймақтан жасалған бәліш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұқа үгілмелі қамырға құйылатын қаймақты бәліштің дәмі ауызда ериді. Бұл бәліш чизкейктен де нәзік, дәмді болып шығады. Оның құрамында бір уақытта тәтті мен қышқыл дәмдер үйлесім таба алады. Ерекше нәзік десертті келесідей рецептімен жасай аласыз.

Бәліштің негізгі құрамдас бөлігі болып саналатын қаймақ, көпшілікке Ежелгі Русь заманынан танымал. Ол заманда үй сүтін араластырып, бетіне шыққан майдан қаймақ жинап алып отырған. XIX ғасырда сепаратордың пайда болуына байланысты қаймақтың қолданылу аясы кеңейе түсті. Оны тәтті десерттерге де қосып, пайдалана бастады. Үгілмелі қамырға құйылған, қаймақты бәліштің нәзік дәмі мен ванильді хош иісі тәттіқұмарлардың көңілінен шықпауы мүмкін емес.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайындау уақыты: 30 минут

Калориясы: 318 ккал бір порцияға

Құрамы:

Жұмыртқа - 3 дана

20% қаймақ- 630 гр

Қант - 140 гр

Бидай ұны - 220 гр

Тұз - қалауыңызша

Жүгері крахмалы- 40 гр

Қант ұнтағы - 50 гр

Ванильді қант – 2 пакет

82.5% май - 120 гр

Дайындалуы:

1. Құрғақ құрамдарды араластырыңыз

Ыдысқа ұн мен қант ұнтағын електен өткізіп, салыңыз. Ол қамырды оттегімен байытып, біркелкі болып шығуына ықпал етеді. Оған аздап ванилин мен тұз салыңыз, барлығын жақсылап араластырып алыңыз.

Құрғақ құрамын араластыру. Скриншот
Құрғақ құрамын араластыру. Скриншот: YouTube/ Приятного аппетита!

2. Май қосыңыз

Майды тоңазытқыштан алдын ала шығарып, жұмсарғанын күтіңіз. Табиғи, майлылығы 82.5%-дан кем емес өнімді қолданыңыз. Май болмаса, оны сапалы маргаринмен алмастыруға болады. Майды құрғақ қоспаға қосып, үгілмелі масса дайындаңыз.

Майды қосу. Скриншот
Майды қосу. Скриншот: YouTube/ Приятного аппетита!

3. Қаймақ пен жұмыртқа қосыңыз

Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын ажыратып аламыз. Қамырға тек сары бөлігін ғана қосамыз. Артынша майлылығы 20% болатын 30 гр қаймақ қосып, жұмсақ қамыр илейміз.

Қаймақ пен жұмыртқа. Скриншот
Қаймақ пен жұмыртқа. Скриншот: YouTube/ Приятного аппетита!

Иленген қамырды теңдей екі бөлікке бөліп, асхана пленкасына орап, мұздатқышқа 1 сағатқа салып қоямыз. Қамыр суып, қаттырақ болуы керек.

5. Бәлішті пісіретін форманы дайындау

Диаметрі 20 см болатын форманы дайындаймыз. Түбіне пергамент қағазын төсеп қоямыз. Ал форманың қырларына өсімдің майын жағып алыңызда, форма биіктігімен пергамент қағазын кесіп, салып қойыңыз.

6. Бәліштің қамырын формаға салу

Мұздатқыштан қамырдың бір бөлігін алып шығыңыз. Формаға үккішті салып, қамырыңызды толықтай үккіштен өткізіп алыңыз. Форма бойымен қамырды жайып шығыңыз.

Бәлішті формаға салу. Скриншот
Бәлішті формаға салу. Скриншот: YouTube/ Приятного аппетита!

7. Қамырды пісіріп алыңыз

Пешті 190 градусқа дейін алдын-ала қыздырып алу керек. Форманы пештің ортасына қойып, 10 минуттай пісіріп алыңыз. Дайын коржды тағы 10 минуттай формадан алмай, суығанын күтіңіз.

8. Бәліштің құймалы қаймағын дайындау

Қалған қаймақ пен қанттың жартысын араластырып, оған 10 гр ванильді қантпен, крахмал қосыңыз. Бірыңғай масса болғанша арастыру қажет. Жұмыртқа ақуызын қалған қантпен, аппақ ұлпа күйіне жеткенше миксерлейміз. Қаймаққа жұмыртқа ақуызын қосып, ақырындап араластырыңыз.

9. Бәлішті дайындау

Суытылған үгітпелі қамырға қаймақты құямыз. Қалауыңызша бәлішке балғын немесе қатырылған жидектер қосуға болады. Егер қатырылған жидектер қосатын болсаңыз, оны әуелі крахмалда аунатып алуды ұмытпаңыз. Сонда жидек бәлішке шырынып шығармай, оның сыртқы көрінісін бұзбайды. Бәліштің бетіне қамырдың екінші болігін үккіштен өткізіңіз.

Бәлішті пісіру процесі. Скриншот
Бәлішті пісіру процесі. Скриншот: YouTube/ Приятного аппетита!

10. Бәлішті пісіріңіз

Пешті 160 градусқа дейін қыздырыңыз. Дайын бәлішті 50 минуттай пісіріп алу керек. Бәліш піскен уақытта, пештің есігін ақырын ашып, тағы 30 минутқа пештен алмай, қалдырыңыз. Осыдан кейін бәлішті толықтай суытып, бетіне асханалық пленканы жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қалдырыңыз. Дастарханға ұсынарда қаймақты бәліштің үстіне қант ұнтағын сеуіп, әсемдей аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022290-ugilmeli-qamyrdan-zasalynatyn-qaimaq-qosylgan-tatti-balisti-qalai-zasaidy/

pixel