Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар саңырауқұлақты құрылысқа пайдалануды ұсынды

Жарияланған күні:

Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Британдық ғалымдар саңырауқұлақты құрылыс материалы ретінде қолдануды ұсынды. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, британдық ғалымдар саңырауқұлақты тағам ретінде тұтынып қана қоймай, құрылыс материалы ретінде де қолдануға болатынын айтқан.

Мамандардың сөзінше, ғимараттың фундаментін құрайтын блоктарды өсірілген мицелийден, басқа сөзбен айтқанда, кәдімгі саңырауқұлақ тамырынан жасауға болады. Өйткені ол кез келген пішінді қабылдай береді екен.

Сондай-ақ телеарна ақпаратынша, мицелий биокомпозиті қайта өңдеуге жарамды. Оған қоса олар жеңіл, үй қабырғаларын оқшаулау деңгейі жоғары және отқа төзімді келеді.

Бетон мен болаттан жасалған үйден гөрі саңырауқұлақтың тамырынан жасалған үй табиғи түрде ыдырайды және қоршаған ортаға аса әсер етпейді. Осылайша атмосфераға тарайтын зиянды заттар көлемін қысқартуға мүмкіндік бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022904-galymdar-sanyrauqulaqty-qurylysqa-paidalanudy-usyndy/