Мемлекеттік стандарт бойынша дайындалатын кәді икрасының ең дұрыс рецебі
Жарияланған күні:
МемСТ бойынша дайындалатын кәді икрасы қарапайым 4 компоненттен тұрады. Икраның дәмі қышқылтым тартады, тәттілігі де бар, ал қоймалжың болады. Бұл тағамды бутерброд дайындағанда, етке гарнир есебінде немесе салат ретінде қолдануға болады.
Әуелде кәді икрасын мемлекеттік стандарттарға сай рецепті бойынша ғана дайындаған. Оның құрамына келесідей табиғи өнімдер ғана қолданған: кәді, сәбіз, томат пастасы, сарымсақ. Дәмдеуіш ретінде тұз бен бұрыш қана қосылған. Ал заманауи икраға консерванттар, бояуыштар, қосымша дәмдеуіштер қосылып, өнімнің сапасы мен дәмін нашарлатып жібереді. ГОСТ бойынша кәді икрасын үй жағдайында дайындау қиын емес. Жылдар бойы әзірленіп, сынақтан өткен рецепт бойынша қысқы уақытқа кәді икрасын бірге дайындайық.
Сипаттамасы:
Асхана: Славян
Санаты: Тіскебасар
Дайындалу уақыты: 4 минут
Дайындау уақыты: 18 минут
Калориясы: 195 ккал бір порцияға
Құрамы:
Қант - 1 ас қасық
Сәбіз – 300 гр
Өсімдік майы – 70 мл
Сарымсақ – 300 гр
Кәді – 1 кг
Тұз - 1 шай қасық
Ұнтақталған қара бұрыш – 0.25 шай қасық
Асханалық сірке су 9% - 1 ас қасық
Томат пастасы – 80 гр
Дайындалуы:
1. Сәбізбен сарымсақты дайындап алыңыз
Кәді мен сәбізді ыстық сумен жуып алыңыз. Сарымсақ пен сәбізді тазалап, шайыңыз. Сарымсақты ұсақтап турап, ал сәбізді ірі үккіштен өткізіп алыңыз.
2. Кәдіні тазалау
Балғын кәдіні тазалап, 1-1.5 см шаршы етіп тураймыз. Егер пісіп тұрған кәді болса, қабығымен бірге дәндерін, жұмсарған жерлерін де алып тастаңыз. Рецептіде кәдінің тазаланғаннан кейінгі салмағы көрсетілгенін ұмытпаңыз. Тазаланған кәдіңіз тура 1 кг болуы үшін, балғын кәдіден 1.2 кг немесе ескірген түрінен 1.5 кг алыңыз.
3. Сарымсақты қуырып алу
Қалың табаға 70 мл өсімдік майын құйып, қыздырып аламыз. Қызған майға сарымсақ салып, араластырып тұрып, орташа отта сарғайғанша қуырамыз.
4. Сәбізбен томат пастасын қосыңыз
Сарымсақтың үстінен сәбізді салып, 2-3 минут араластырыңыз. Кейін оған томат пастасын қосып, араластырып тұрып, отта тағы 3 минуттай қуырыңыз.
5. Кәдіні бұқтыру
Қуырылған көкеністерді тереңірек ыдысқа салып, туралған кәдіні үстінен салыңыз. Тұздап, 1 ас қасық қант, 0.25 шай қасық қара бұрыш қосамыз. Баяу отқа қосып, бетін қақпақпен жауып қойыңыз. Арасында араластырып тұрыңыз. Кәдінің жұмсарып, көлемінің 40%-ға дейін азаюын күтіңіз.
6. Икраны пюре қалпына келтіру
Көкеністерді ыстық күйінде блендермен езіп, біркелкі массаға келтіреміз. Езілген күйі орташа отта пешке қайта қойыңыз. Араластырып тұрып, қайнағанын күтіңіз. Қайнаған уақытта 1 ас қасық 9%-дық сірке суын қосып, жақсылап араластырып аламыз да, пештен түсіреміз.
7. Кәдіні банкаға жабу
Ыстық икраны стерильденген банкаларға салыңыз. Дәл осы рецепт бойынша дайындалған кәдіге 2*0.5 л банка қажет. Толтырылған банканы герметикалық қақпақпен жабамыз. Жабылған банкаларды төңкеріп, толықтай суығанша қалдырыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023686-memlekettik-standart-boiynsa-daiyndalatyn-kadi-ikrasynyn-en-durys-recebi/