Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та зертханада қолдан жасалған ет сатылымға шығады

Жарияланған күні:

АҚШ-та қолдан жасалған ет
Қолдан жасалған ет. Фото: dw.com

Америкалық екі компания зертхана жағдайында ет өндіруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

"Сәрсенбі күні АҚШ ауылшаруашылық министрлігі Upside Foods және Good Meat фирмаларына культивацияланған етті өндіруге рұқсат берді" деп хабарлады қос компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен, АҚШ зертханалық ет сатуға рұқсат берілген Сингапурден кейінгі екінші ел атанды.

Upside Foods басшылығы бұл оқиғаны "орындалған арман" және "жаңа дәуірдің басталуы" деп атаған.

Екі компания да тауық етін культивациялаумен айналысады. Ет болат контейнерде өсіп, азықтанған жануар жасушасының үлгісінен өндіріледі.

Upside Foods та, Good Meat те әуелде зертхана етін қымбат мейрамханаларға жеткізбекші.

Өндіріс көлемі артқаннан кейін олар мұндай етті азық-түлік дүкендеріне жеткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2025994-aqs-ta-zertxanada-qoldan-zasalgan-et-satylymga-sygady/