Адельдің рецебі бойынша пайдалы, ірімшіктен жасалған шарлотка
Жарияланған күні:
Егер ас үйіңізде жұмыртқа, алма, ірімшік болса шарлотка дайындауға себеп. Осы орайда аспазшы Адельдің оңай әрі тез дайындалатын шарлоткасының рецебімен бөлісетін боламыз.
Шарлотка – әлемде кеңінен танымал алмалы бәліштердің бірі. Ақ нан, жұмыртқа, қайнатпалы крем, ликер және жемістерден тұратын француздық классикалық рецептісі кеңінен танымал. Десерттің атауы ағылшынның "charlyt" сөзінен, аудармасында жұмыртқа, қант пен сүттен тұратын тағам түрі дегенді білдіреді. Оның негізгі ерекшелігі дайындалуының оңайлығында. Үй жағдайында дайындап көріңіз.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 20 минут
Калориясы: 280 ккал бір порцияға
Құрамы:
Алма – 2 дана
Жұмыртқа – 2 дана
Ірімшік – 200 гр
Бидай ұны – 50 гр
Бал – 2 ас қасық
Қопсытқыш – 2 гр
Дайындалуы:
1. Жұмыртқа мен балды араластырыңыз
Жұмыртқаны миксер немесе блендер ыдысына жарып, балмен жақсылап араластырамыз. Бал жоғарғы деңгейдегі аллерген болғандықтан, оны қантпен алмастыруға болады. Біркелкі массаға келгенше араластыру қажет.
2. Алманы турау
Алманың сыртын тазаламай-ақ, тек ортасын алып тастаймыз да, төртбұрыш формасында тураймыз.
3. Ірімшік қосу
Бұл шарлотканы жасауға кез келген ірімшікті пайдалануға болады. Нәзік ірімшікті массаны венчикпен араластыра салуға болады. Ал егер құрғақ ірімшік болса блендермен, жұмыртқа мен балға қосып, бірге араластырып алған дұрыс.
4. Ұнға алманы қосу
Ірімшік пен жұмыртқа массасын ыдысқа салып, оған қопсытқыш қосамыз. Ұнды бөліктерге бөліп қосып, шарлотка қамырын дайындаймыз. Қамыр бірыңғай массаға айналғанда, туралған алманы қосып, араластырамыз.
5. Қамырды формаға салу
Арнайы силиконды формаға май жағып аламыз. Оған қамырды құйып, бетін қасықпен тегістейміз.
6. Шарлотканы пісіріп алу
Алдын ала 180 градусқа дейін қыздырылған пешке шарлотканы салып, 35 минуттай пісіреміз. Дайын шарлотканы пеште суығанша қалдырып, суыған соң формадан алып, басқа ыдысқа саламыз. Үстінен қант ұнтағын сеуіп, безендіруіңізге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2026315-adeldin-receptisi-boiynsa-paidaly-irimsikten-zasalgan-sarlotka/