Сүйіктіңізді жазбай таныңыз: 2023 жылдың қыркүйек айына арналған махаббат жұлдыз жорамалы
Жарияланған күні:
Күз мезгілі Шолпанмен, Тоқтыдағы Айдың толуымен басталатындықтан, махаббатқа әсер етпей қоймайды. Махаббатта кімнің жолы болады? Астрологтар Тали мен Офира Эдут қыркүйекке арналған махаббат жорамалын жасады.
Тоқтыларға арналған махаббат жорамалы
29 қыркүйектегі Айдың толуы арақатынасқа жаңа дем береді. Махаббаттағы байланысты нығайту үшін ренішті ұмытып, конструктивті диалог құруға тырысыңыз. Жалғызбасты Тоқтылар өз махаббатын кездестіру ықтималдығы жоғары. Сүйіктісі барлар ортақ тіл тауып, бір-бірін тыңдай бастайды. Отбасылы тоқтылар бір-біріне қайта ғашық болады.
Торпақтарға арналған махаббат жорамалы
5 қыркүйекте Шолпан өз қозғалысына қайтып келеді. Бұл махаббатқа, некеге оң әсерін тигізеді. Қыркүйектің бірінші жартысында торпақтарды романтикалық кездесулер, іссапарлар күтіп тұр. Ал айдың екінші бөлігі отбасыға көңіл бөлуді қажет етеді.
Astrologyk басылымының пікірінше, Торпақтар бұл айда өте тартымды. Жеке кездесулерге барып тұрыңыз. Тұрақты арақатынаста жүргендер жаңа деңгейге көтеріледі.
Егіздерге арналған махаббат жорамалы
15 қыркүйекте Меркурийдің ретроградты қозғалысы қалыпқа келеді. Ол романтика әлеміне оң әсерін тигізеді. Айдың ортасына дейін өз көзқарасыңыздың дұрыстығын дәлелдеуден шаршамаңыз. Ал одан кейін сабырлы болсаңыз, ойлағаннан да зор махаббатқа кенелесіз.
Жұбыңыз сізді сыйлықтың астында қалдырып, қамқорлық көрсететін болады. Бұл айда Егіздерді тез тіл табысу, жақын араласу, шынайы сезім білдіру сезімдері күтіп тұр. Егіздер махаббатқа бөленетіндіктен, өмірге деген көзқарасы жақсарады.
Шаяндарға арналған махаббат жорамалы
Бұл айда Шаяндарды достарымен, туыстарымен кездесулер, отбасылық мерекелер күтіп тұр. Тұрақты жұптар балаларының болашағын ойлап, романтикаға бос уақыты қалмайды. Ал басы бос Шаяндар жаңа таныстық орнатып, ғашық болады. Бірақ бұл арақатынастың болашағы олардың өзара тіл табыса алуына байланысты болады.
Astrotalk басылымы қыркүйекте махаббат энергиясына бөлену үшін өзіңізді еркін ұстауға кеңес береді. Шаянның темпераментінен жұбының басы айналып, арақатынасы нығая түседі.
Арыстандарға арналған махаббат жорамалы
Бұл айда - ұзақ тыныштықтан кейін Арыстандарда жаңа таныстықтар пайда болады. Қыркүйектің соңғы екі аптасы романтикаға толы болмақ. Бұл айда жұлдыздар Арыстанды ұсыныс жасауға немесе оны қабылдауға итермелейді. Көбісі жақын айларға тойын жоспарлайтын болады.
Қыркүйектің бірінші аптасында ұрыспаған маңызды. Басы бос Арыстандарға көп көңіл бөлінетін болады. Vogue басылымы бұрынғы арақатынасқа қайтып оралмауға кеңес береді.
Бикештерге арналған махаббат жорамалы
Бикештердің басқарушысы Меркурий 16 қыркүйектен бастап қалыпты қозғалыста болады. Сүйіктіңізбен қатынаста айқындық пайда бола бастайды. Бикештерде болатын Айдың толуы, өздеріңізді еркін ұстап, барлығын бақылауда ұстауды қоюдың басты себебі болуы мүмкін. Ұрыстың арты достасуға алып келеді.
Екінші жақ Егіздер, Таразы немесе Суқұйғыш болса, ортақ тіл табысу қиындау болады. Астрологтар Тали мен Офира Эдуттың пікірінше тезірек консенсунсқа келуге, ортақ мақсаттар мен міндеттер өз ықпалын тигізеді.
Таразыға арналған махаббат жорамалы
Шолпанның ретро қозғалысы 4 қыркүйекте аяқталады. Таразыларға ол оң әсерін тигізеді. 23 қыркүйектен бастап Таразы Күнге өтеді. Ол - жұбыңызбен жақындасуға, өз өміріңізге, сізге дұрыс бағыт бере алатын адамдарды тартуға, некеде жайлы жұп кездестіруге көмектеседі.
Басы бос қыз-жігіттер қатты ғашық болуы мүмкін. Ал жұптық ара-қатынастағылар шыдамдылық танытып, жұбын дамуға, жұмыста жетістіктерге жетуге қолдау көрсетуді үйренеді.
Сарышаяндарға арналған махаббат жорамалы
Сабырлық пен позитивті көңіл-күй махабатыңызбен арақатынасыңызды нығайтады. Сарышаяндар бұл айда көшіп, бірге тұра бастайды. Ортақ үй сатып алады. Араларыңызда махаббат ұшқыны аз болса да, алға қойылған ортақ мақсаттар сіздерді жақындастырады. Күзде болатын энергияның азаюы романтикалық байланыс орнатуға да кері әсерін тигізеді. Бойдақ Сарышаяндар өздерімен жеке қалуды таңдайды.
Мергендерге арналған махаббат жорамалы
Knowinsiders басылымының жазуынша Юпитердің орналасуы отбасы ішінде тыныштық пен гармония орнатуға әсерін тигізеді. 4 қыркүйектен бастап Юпитер кері қозғалысқа енген соң, сүйген жарыңызбен бірге тұрмыс жағдайыңызды бірігіп жақсартуға әрекет жасаңыз.
Басы бос Мергендер асығыс арақатынас құрып, соңында жаңа ғашығынан көңілі қалып қалуы мүмкін. Махаббаттың орнын шығармашылық ізденіспен, жаңа білім алумен толтырыңыз. Жұптағы Мергендер демалысқа бірге барып келуі мүмкін.
Тауешкілерге арналған махаббат жорамалы
Бұл айда Тауешкілер үшін жұбының қолдауы өте маңызды. Уақытты үнемді пайдалану үшін үй шаруашылығын өзара бөлісіп, бірге қыдыруға, өзара сыр айтып, спортпен шұғылданып, дамуға көңіл бөліңіз.
Жалғызбасты Тауешкілер міні жоқ махаббатын күтіп, өзгелермен араласпай қалуы мүмкін. Тым биік талап қоймаңыз. Өмірлік серік іздесеңіз жақын дос бола білетін адамды таңдаңыз. Ал махаббат уақыт өте келе жандана түседі.
Суқұйғыштарға арналған махаббат жорамалы
Қоғамда Суйқұйғыштар қыркүйек айында жаңа белеске көтеріледі. Қызықты ортадан жаңа таныстықтар пайда болады. Олардың ішінде жаңа махаббатыңызды да кездестіруіңіз мүмкін. Романтикалық кездесулер мен таныстықтар орнатуға деген ұмтылыс айдың тек үшінші онкүндігінде пайда болады.
Жұбыңызды жабырқатпау үшін романтикалық кештер ұйымдастырыңыз. Ал басы бостарға кез келген адаммен таныса беруге болады.
Балықтарға арналған махаббат жорамалы
Бұл ай Балықтар үшін эмоцияға толы болмақ. Жақын адамыңызды қазір жақсы көріп, қазір жек көріп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан әр басқан қадамыңызға абай болыңыз. Ажырасу туралы шешім шығаруда да абай болыңыз. Ренжісіп қалған болсаңыз мәмілеге келудің барлық жолын іздеп көріңіз. Ештеңе шықпаса ғана біржола ажырасуға бел буыңыз.
Басы бос Балықтар адамдармен көп араласып, танысып көргені абзал. Көңіліңізге жаққан адамдарға жылы сөздер, комплимент айтудан ұялмаңыз. Жұлдыздар өзіңізге және сезімге тұрарлық адаммен мықты арақатынас құруға итермелейді.
Қыркүйекте жұлдыз белгілері таныстық орнатуды қайта қарастыру керек екендігіне көз жеткізеді. Өз қалауыңызды ашық айтып, жұбыңыздың да қалауын білуден қорықпаңыз. Жоғарыдағы кеңестерге көңіл бөлсеңіз, қыркүйек айы сізге бақыт пен гармония сыйлайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035392-suiiktinizdi-zazbai-tanynyz-2023-zyldyn-qyrkuiek-aiyna-arnalgan-maxabbat-zuldyz-zoramaly/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.