Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табада пісірілетін бәліш: Ариана Дәуренқызынан ерекше тәттінің рецебі

Жарияланған күні:

Табада піскен бәліш. Скриншот
Табада піскен бәліш. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Үйіңізде пешіңіз істен шығып, жақындарыңызға тәтті-дәмділерді қалай пісіріп беретініңізді білмесеңіз, бүгінгі рецептпен таныс болыңыздар. Бүгінгі материалда сіздерге табада пісірілетін бәліштің рецебімен таныстыратын боламыз.

Табада пісірілетін бәліш - үйіңізде пеш істен шыққан сәтте, тез әрі оңай дайындалатын тәттінің бірі. Ерекше десерттің рецебімен белгілі фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 2 дана

Қант - 180 г

Ұн - 180 г

Cүт - 190 г

Қопсытқыш - 1.5 шай қасық

82,5% сары май

Дайындалуы

1. Cүт пен қантты араластырамыз

Сүт пен қантты араластырамыз. Скриншот
Сүт пен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен табаны пешке қоямыз. Сосын оған сары майды салып, ерітеміз. Үстінен қантты сеуіп, араластырамыз. Қант толығымен ерігенше күтеміз.

2. Cүт пен жұмыртқаны қосамыз

Сүт пен жұмыртқаны қосамыз. Скриншот
Сүт пен жұмыртқаны қосамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Майға алдымен сүтті қосамыз. Сосын екі жұмыртқаны қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Ұн мен қопсытқышты қосамыз

Ұн мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот
Ұн мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Пештегі сұйық құрамға ұнды електен өткізіп, қосмыз. Сосын қопсытқышты себеміз. Дайын болған қамыр қаймақ сияқты сұйық болуы керек.

4. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Скриншот
Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қамыр құйылған табаның бетін жауып, 30-35 минут бойы пісіреміз. Бәліштің піскенін тіс шұқығышпен ортасына салып, білетін боламыз. Егер тіс шұқығышқа қамыр жабыспаса, бәліш пісті деген мағынаны білдіреді.

5. Бәлішті әсемдейміз

Бәлішті әсемдейміз. Скриншот
Бәлішті әсемдейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Табадағы ыстық бәліштің бетінен аздап сүт құямыз. Сүттің әбден сіңгенін күтеміз. Дайын болған бәліштің бетіне кокос ұнтағын сеуіп, еріген шоколадпен әсемдейміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2134917-tabada-pisiriletin-balish-ariana-daurenqyzynan-erekshe-tattining-retsebi/