Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 қыркүйек күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Ай
Ай. Көрнекі фото: unsplash.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Егер сіз жұмыс орнын ауыстыруды ұзақ уақыт бойы жоспарлап жүрсеңіз, бүгін бұл үшін тамаша уақыт. Тіпті біраз уақытқа демалыс алып, келесі жұмысты қарастырғанға дейін тынығып алыңыз.

Торпақтар

Отбасыңызда болмашы келіспеушіліктер туындауы мүмкін, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін бірден шешіңіз. Бұл қаржылық жағына қатысты. Жанжалдарға жол бермеңіз, сонымен қатар кері шегінбеңіз, туыстарыңыздың мүддесін қорғаңыз.

Егіздер

Ашық және сенімді болыңыз; махаббатта жылулық пен жайлылық атмосферасы орнайды.

Достарыңызбен қиындықтар туындаса, оны кейінге қалдырмай, неғұрлым тезірек шешкен жөн. Олармен бірге кешкі асқа барыңыз немесе серуенге шығып, қордаланып қалған мәселелерді талқылаңыздар.

Шаяндар

Жақын адамдарыңызға қамқорлық пен көңіл бөліңіз. Қажетсіз әбігерге ұшырамай, көбірек уақытты жалғыз өткізіңіз. Өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз, мотивация мен шабыт жақында пайда болады.

Арыстандар

Алдағы күндері аздап ауырып қалуыңыз мүмкін. Бұған жол бермеуге тырысыңыз. Таңертең асқыну пайда болмас үшін алкоголь ішуден аулақ болыңыз.

Көңіл күйіңіз керемет болады, бәлкім, жақсы жаңалық естіп қалуыңыз да мүмкін.

Бикештер

Жұмыс пен өмірге кедергі келтіретін теріс энергиядан арылуға тырысыңыз. Бүгін күшіңіз бен ықпалыңыз әріптестеріңізге көрінетін болады, сондықтан сізден күтілетін немесе орындау сұралуы мүмкін міндеттерді шешуге тырысқан дұрыс.

Таразылар

Бүгінде жұмыс майданында өз бетінше шешуге тура келетін көптеген мәселелер бар. Шыдамды әрі мұқият болыңыз, сонда ғана барлық тапсырманы еңсере аласыз.

Бұл күні психикалық бұзылулар, эмоционалдық жарақаттар мен депрессиялар қаупі бар, сондықтан психикалық денсаулығыңызға назар аударыңыз және тиісті маманмен кеңесіңіз.

Сарышаяндар

Бүгін қызықты адамдармен достық кездесулер мен жағымды танысулар болуы мүмкін. Кеште айналаңыздағы адамдар арасында ерекше жылулық пен үйлесімділікті сезінесіз: бұл жақсы серіктестік пен танысудың белгісі.

Мергендер

Ашық болыңыз және жақын адамыңызға деген махаббатыңызды жасырмаңыз: бұл адамға оны қаншалықты бағалайтыныңызды, оның сезімі сіз үшін маңызды екенін көрсетеді. Керісінше сүйіктіңізге көңіл бөліп, оны киноға немесе кешкі ас ішуге, серуендеуге шақырыңыз. Бір-біріңізді жаңа қырыңыздан танып, жайлы әңгіме-дүкен құрыңыздар.

Тауешкілер

Ұжымда коммуникативті дағдылар мен командалық рухты дамытуға ерекше назар аударыңыз. Алдағы күндері әріптестеріңіздің көмегі мен қолдауына сене аласыз. Сіз де қарап қалмай, өз тарапыңыздан қолыңыздан келгенше көмек көрсетуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Қарым-қатынаста шынайы болыңыз және жақын адамыңызды қуантуға тырысыңыз. Шағын сыйлық жасаңыз немесе бірге қыдырып қайтуға шақырыңыз. Бүгін сүйіктіңізбен аздаған түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Дегенмен оны шешу оңай, бар болғаны жақын адамыңыздың ұнататын тағамын әзірлеп, романтикалық кешкі ас ішіңіздер немесе киноға барыңыздар.

Балықтар

Жұмысыңызда бәрі ойдағыдай және сәтті өтеді, бастысы – уақытты дұрыс басқару. Кәсіби өсу мүмкіндігін пайдаланыңыз, сізге берілген барлық нәрсені пайдаланыңыз және жоспарды ұстаныңыз.

Бүгін сабырлы болуға тырысыңыз және, отбасыңыздың дауларын тыңдап, онымен келісімге келгеніңіз жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2160799-bugingi-zhuldyz-zhoramal-14-qyrkuiek-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/