Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 15 қыркүйек күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдызды аспанға қарап тұрған жігіт
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды реттеп, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Жақындарыңызға қамқор болыңыз. Бір сағат болса да, олармен сөйлесіп, қолдау білдіріңіз.

Комплимент айтудан ұялмаңыз, сүйікті адамыңыздың сізге ұнайтын қасиеттерін айтып отыруды әдетке айналдырыңыз.

Торпақтар

Әдеттеріңіз бен қалауларыңызды саралап, неден үнемдеуге болатынын жоспарлап, үнемделген ақшаны жинауды әдетке айналдырыңыз. Сіз қызығып жүрген киім-кешек немесе басқа да заттар сізге дәл қазір керек пе? Соны ойланып көріңіз.

Достарыңыз бен отбасыңызға көңілді демалыс ұйымдастырып берсеңіз болады. Отбасылық кездесу балаларға да ересектерге де жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Егіздер

Бизнеске батыл кірісіңіз, сізді өз салаңыздың кәсіби маманы ретінде бағалайды. Еңбегіңізге қарай ақы алудан бас тартпаңыз, еңбегіңіз бен уақытыңызды өзіңіз де бағалай білгеніңіз жөн.

Күтпеген жерден жарақат алып қалудан сақ болыңыз. Бүгін экстремалды спортпен шұғылдануға кеңес берілмейді.

Шаяндар

Тамақтану әдебіңізді ретке келтіріңіз. Өзіңізді жас әрі сергек сезінгіңіз келсе, өмір бойы салауатты өмір салтын ұстап, дұрыс тамақтанғаныңыз жөн.

Бүгін сіздің барлық туысыңыз жаныңызда болады, олармен емін-еркін әңгіме-дүкен құрып, олардың ақыл-кеңесін тыңдай аласыз.

Арыстандар

Жаңа қызметкер жалдауды қарастырыңыз. Бұл нәтижеге жетуге және мотивацияны арттыруға көмектеседі.

Достық қолдауға дайын болыңыз. Бұл қызметіңізде де, жеке өміріңізде де сізді уайымдатып жүрген мәселелердің тез шешілуіне көмектеседі.

Бикештер

Рационға қара шоколад, цитрус жемістерін және банан қосыңыз. Сондай-ақ қант пен тәтті сусындардан бас тартыңыз. Шектен асып кеткен дүниенің бәрі ағзаға зиян екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Бүгін отбасыңызға көңіл бөліңіз. Дәмді және пайдалы кешкі ас әзірлеңіз.

Таразылар

Соңғы кезде досыңызбен арақатынасыңыз қиындай түскенін сезесіз. Бұл мәселені ашық сөйлесу арқылы шешуге болады. Эмоцияларыңызды іште ұстамаңыз: олар сіздің еркін әрекет етуіңізге кедергі болады.

Эндокринолог кеңесіне жүгінгеніңі жөн. Денсаулыққа күтім жасауды бірінші орынға қойыңыз.

Сарышаяндар

Достармен қарым-қатынасыңыз нығая түскенін сезінесіз. Байланысты үзбеңіз, жиі кездесіп, бірге уақыт өткізуге көңіл бөліңіз.

Бүгін жұмыс сапасына ерекше көңіл бөліңіз. Бұл мансап жолында өсуге, жалақыңыздың көбеюіне жол ашады.

Мергендер

Балаларыңызға көңіл бөліп, әңгімеге тартып, соңғы кезде не алаңдатып жүргенін сұрап, біліңіз. Олар сізден қолдау күтіп жүрген болуы мүмкін. Бірге саяхаттау да балалармен қарым-қатынасыңызды нығайта түседі.

Дәрі-дәрмектен бас тартып, толықтай салауатты өмір салтын ұстану арқылы сергек жүруге дағдыланыңыз. Нутрицологпен мәзір жасап, сол бойынша тамақтануды қолға алыңыз.

Тауешкілер

Сүйіктіңізге қай қасиеттерін бағалайтыныңызды айтыңыз. Оған жиі комплимент айтып, көңіл-күйін көтеріңіз.

Бүгін таныс адамдарға да, бейтаныс адамдарға да жағымсыз пікір айтуға асықпаңыз. Егер сіздің көзқарасыңызды немесе жақын адамдарыңыздың мүддесін қорғау қажеттілігі туындаса, ол мәселені дау-жанжалсыз, байыппен шешуге тырысыңыз.

Суқұйғыштар

Бүгін жұмыста көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Осы сәтте пайдаланып, өзіңіз істеп көрмеген жаңа істерді бастап кетсеңіз, жақсы нәтиже көресіз.

Бүгін жақын адамдарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Қандай жағдай болмасын, көңіліне келетін сөз айтып, ренжітіп алмаудың жолын табыңыз.

Балықтар

Ата-анаңызға көңіл бөліп, қыдыртыңыз, әңгіме-дүкен құрып, көңілін аулаңыз, сыйлық жасаңыз. Алыста жүрген болсаңыз, телефон арқылы сөйлесіп, өміріңіздегі келеңсіз жайттарды емес, жақсы жаңалықтарыңызды айтып, қуантып қойыңыз.

Эмоцияны басқаруды қолға алыңыз, ол әрекетіңіз көп күттірмей жақсы нәтижелер береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2160805-bugingi-zhuldyz-zhoramal-15-qyrkuiek-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/