Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 17 қыркүйек күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Достарыңызға қамқорлық жасау үшін күш пен ресурс табыңыз. Егер сіз бұл эмоционалды инвестицияны қажет ететінін сезсеңіз, көмек сұраудан тартынбаңыз.

Дұрыс тамақтану туралы ұмытпаңыз және оған спортты да қосыңыз.

Торпақтар

Егер сіз жақын арада романтикалық кеш жоспарлап жүрсеңіз, жақын адамыңызбен арадағы сүйіспеншілікті арттыратын нәрсені таңдауға тырысыңыз – орналасқан жерін, музыка, декор, тағам және т.б.

Бүгін ұстамды әрі қарапайым болыңыз. Басқалармен арақашықтықты сақтаңыз және әріптестеріңізбен жанжалдасуға жол бермеңіз.

Егіздер

Жұмысыңызда жаңа идеялар мен шешімдерді табу үшін ақылыңыз бен шабытыңызды пайдаланыңыз. Тек интуицияға сенім артпау үшін әріптестермен ынтымақтастыққа ашық болыңыз: бұл табысқа жетуге көмектеседі.

Қарым-қатынаста жасаған барлық күш-жігеріңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз: жақсы бір жерге барып кешкі ас ішіңіз немесе көптен бері алғыңыз келіп жүрген затты сатып алыңыз.

Шаяндар

Бүгін қаржылық істеріңізге абай болыңыз. Қарым-қатынаста ұстамды болып, сезіміңізді ашық көрсетуден және эмоцияға берілуден аулақ болыңыз.

Жақсы табиғи өнімдер сатып алыңыз. Фастфудта кездесетін арзан алмастырғыштардан немесе зиянды ингредиенттерден аулақ болыңыз. Денсаулығыңызға назар аударыңыз.

Арыстандар

Бүгін кешке достарыңыздың басын қосып, жақсы бір кеш ұйымдастырыңыз. Бәріңіз бірге караокеге немесе киноға барыңыздар. Бұл қарым-қатынастарыңызды нығайта түсері сөзсіз.

Бұл күні газдалған сусындарды, тәтті йогурт және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеген дұрыс.

Бикештер

Отбасыңыз сізден көмек пен эмоционалдық қолдауды қажет етуі мүмкін, сондықтан олардың жайлылығын қамтамасыз етуге тырысыңыз.

Жұмысыңызда жағымсыз жаңалыұтарболуы мүмкін, бірақ бұл келешекте жоспарларыңызды жақсы жаққа өзгертеді.

Таразылар

Бүгін жақындарыңызбен демалуға уақыт табыңыз. Оларға дәмді кешкі ас ұйымдастырыңыз немесе саябақта серуендеп қайтуға шақырыңыз. Соңғы кезде жұмысбасты болып кетіп, оларға көңіл бөлмей жүрген болсаңыз, бүгін жақсы мүмкіндік туып тұр.

Сарышаяндар

Интернетте жаңа адамдармен танысқыңыз келсе, әрекет етудің уақыты келді. Интернеттегі байланыс қызықты және перспективалы болады. Сондықтан еш қорықпай, батыл әрекет етіңіз.

Отбасылық байланыстар бүгінде ерекше маңызды. Ата-анаңызға барыңыз немесе олармен бірге уақыт өткізіңіз.

Мергендер

Аптасына бір рет, бассейнге баруды әдетке айналдырыңыз. Бұл денеңізді жақсы күйде ұстауға және керемет сезінуге көмектеседі.

Жақындарыңызға дәмді отбасылық түскі ас дайындаңыз. Бұл жақындарыңыздың арасында жылулық пен қолдау сезімін тудырады.

Тауешкілер

Жұмыста шай немесе кофе ішуге шағын үзіліс жасауды ұмытпаңыз: бұл бір уақыт назарыңызды басқа нәрсеге бөліп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгін сүйіктіңізбен арада еркіндік сыйлайтын эмоциялар мен сезімдер туралы сөйлесіңіз.

Суқұйғыштар

Бүгін сізде өзгерістер мен шытырман оқиғаларға деген құштарлық пайда болып, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырылған бөлшектерге назар аударыңыз. Сіз үшін шынымен маңызды және сіздің өміріңізге үлкен қуаныш әкелетін нәрсеге назар аударыңыз.

Балықтар

Бүгін сіз өз салаңыздағы кәсіби мамандардың білімі мен біліктілігін пайдалана отырып, қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік аласыз. Кәсіпорынның немесе компанияның табысындағы өз үлесіңізді көбейту туралы басқа адамдардың кеңестерін немесе ұсыныстарын назардан тыс қалдырмаңыз. Инвесторларды тарту және ынталандыру қабілетіңіз компанияңызға дамудың жаңа деңгейіне жылдам шығуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2161621-bugingi-zhuldyz-zhoramal-17-qyrkuiek-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/