Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кемпір шуақ: бұл кезең қашан басталады және несімен ерекшеленеді

Жарияланған күні:

Жапырақтар
Жапырақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Күз келісімен күн бірте-бірте суытып, аптаптың орнын жаңбыр мен тұман алмастырады. Дегенмен кемпір шуақ көңілге медет болады. Бұл материалда кемпір шуақ кезеңі мен соған қатысты наным-сенімдер туралы деректер ұсынбақпыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Кемпір шуақ - күздің басында болатын жылы кезең, әдетте алғашқы суықтан кейін келеді және табиғи аномалиялармен (мысалы, кейбір өсімдіктердің қайта гүлдеуі) сипатталады.
  • Бұл атаудың шығу тегі әртүрлі түсіндіріледі: әйелдердің күзгі жұмыстарымен, өрмекші торларымен немесе мифологиялық нанымдармен байланыстырылады.
  • Кемпір шуаққа қатысты көптеген наным-сенімдер бар, оның ішінде некеге, тұрмыс-салтқа және ауа-райына байланысты ырымдар, сондай-ақ бұл кезең үйлену тойлары мен жаңа қонысқа көшу үшін қолайлы уақыт деп саналады.

Кемпір шуақ деп қай мезгілді атайды?

Кемпір шуақ дегеніміз не? Кембридж сөздігінде кемпір шуақ деген кейде ерте күзде басталатын жайлы, жылы ауа райы кезеңі екені айтылған. Көбіне кемпір шуақ алғашқы суықтан кейін келеді және бұл кезде табиғи аномалиялар байқалуы мүмкін, мысалы, кейбір өсімдіктер қайта гүлдейді. Күзде жылы кезеңнің басталуына жылы ауа массасының жиналуы себеп болады. Оны әдетте жаздың соңына қарай Атлант мұхитының үстінде күшейетін антициклон әкеледі.

Қазақтар бұл мезгілді "кемпір шуақ" немесе "мизам шуақ" деп атасы, Германияда күздің бұл күз мезгілі аltweibersommer ("кексе тартқан әйелдер жазы"), Болгария мен Сербияда – сыған жазы, Солтүстік Америкада – үнді, Италияда – әулие Мартин жазы, ал Голландияда тіпті жаздан кейінгі мезгіл деп аталады.

Көл жағасындағы көрініс
Кемпір шуақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Неліктен бұл кезең "кемпір шуақ" деп аталады? Бұл атаудың шығу тегіне байланысты бірнеше пікір айтылады. Олар табиғат құбылыстарымен де, наным-сенімдермен де байланысты. Бұл атаудың кең тараған түсіндірмелері:

  • Осы кезеңде дала жұмыстары аяқталды. Әйелдер піскен жемістерден қыстық азық әзірлеп, зығыр жібітіп, тоқыма тоқыған. Бұл жұмыстарды көбіне әйелдер атқаратындықтан, әйелдердің тірлігі аталып кеткен.
  • Күздің басында өрмектің жіптері желбіреп тұрады. Славяндар оны бурыл тартқан шашқа ұқсатады.
  • Герман мифологиясында желбіреп тұратын өрмекші торы эльфтер тоқыған жіптердің қиындылары деп қабылданады, ал әйелдерге ауа райына әсер ету қабілеті телінген, мысалы, әйелдер жылы күндерді қайтара алады деп сенген.
  • Ал "үнді жазы" деп алатын америкалық нұсқа күздің жылы ауа райы Американың байырғы тұрғындары тұратын жерлерде байқалғанына негізделген. Бұл атау оны алғаш рет еуропалықтарға үндістер сипаттағандықтан немесе әдетте үндістердің аң аулайтын жыл мезгілі болғандықтан алынған болуы мүмкін.

Осылайша, кемпір шуақ атауын түсіндіру күздің басына тән табиғи құбылыстарға да, өмірдің күнделікті аспектілеріне де негізделген.

Жасыл желек үстіндегі өрмекші торы
Тор. Көрнекі фото: pixabay.com

Кемпір шуақ қашан басталады? Кей күнтізбеге сәйкес, кемпір шуақ 14 қыркүйекте басталады. Кемпір шуақтың екі кезеңі бар деп есептеледі:

  • жас (28 тамыздан 11 қыркүйекке дейінгі кезең);
  • кейінгі (14 қыркүйектен 27 қыркүйек аралығы).

Britannica энциклопедиясында кемпір шуақ кей жылдары бірнеше рет болатынын, ал кей жылдары мүлде болмайтыны айтылады. Grammarist оыс кезеңді сипаттайтын жылы ауа райы көбіне аймақтық климатқа байланысты бір апта немесе одан да көп уақытқа созылады деп жазады.

Кемпір шуаққа қатысты наным-сенімдер

Қазіргі уақытта кемпір шуақ жақындап келе жатқан қыстың алдындағы соңғы жылы күндерден ләззат алу мүмкіндігі ретінде қабылданады. Дегенмен кей халықтар арасында осы кезеңге қатысты әртүрлі әдет-ғұрыптар, ырым-тыйымдар қалыптасқан.

Некеге байланысты түрлі халықтардағы наным-сенімдер

Кемпір шуақтың басталуымен ауылшаруашылығы жұмыстары аяқталып, ауылдарда көңілді жиын-тойлар ұйымдастырылатын болған.

Бұл кезде бір-біріне қонаққа бару әдетке айналған. Кемпір шуақта үйлену тойлары басталды. Адамдар үйлену тойының осы уақытқа дөп келуін жақсы ырымға балаған, өйткені осыған қарап, бал айы өмір бойына жалғасады деп сенген.

Осы уақытта ерлі-зайыптылар жанжалдаса, татуласуы керек деп саналады.

Қалыңдық пен күйеу жігіт қол ұстасып тұр
Ерлі-зайыпты. Көрнекі фото: pixabay.com

Тұрмыс-салтқа байланысты наным-сенімдер

Кемпір шуақ жаңа үйге көшуге ең ыңғайлы кезең болып саналады. Кейбір халықтардың сенімі бойынша, егер адамдар осы уақытта жаңа қонысқа көшсе, онда алдағы өмірі бақыт пен байлыққа толы болады.

"Жыл бойы бау-бақша" кітабының авторы Евгения Валягина кемпір шуақтың тамаша күндерінде бағбандар өнімін жинап, қысқы азық-түлігін әзірлейді деп жазады. Бұл уақытта алма, алмұрт, саңырауқұлақтар жиналып, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау аяқталады.

Ауа-райына байланысты наным-сенімдер

Күн райына байланысты көптеген наным-сенім ерте күзбен байланыстырылады. Кемпір шуақ күндері кемпірқосақ көрінсе, күз ұзақ әрі жылы болады. Бұл кезде күн жаңбырлы болса, күз жауын-шашынды болады. Бұл күндері жауын-шашын болмаса, күз ылғалды болады, ал жаңбырлы болса, күз жауын-шашынсыз болады. Өрмекші көп болса, күз жылы және ашық болады, қыс аязды және қарлы болады деген сенім бар.

Тиін
Тиін. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ырымшыл адамдар осы кезең басталғанға дейін шыбындарды жоюға болмайды, әйтпесе олар көбейіп кетеді деп санаған. Шыбынды үйден жыраққа көмген. Бұл отбасының кедейлік пен қиыншылықтан құтылғанын білдіреді. Бұған скептиктер кемпір шуақ басталған кезде шыбындар ұйқыға кетеді, сондықтан шыбын азаяды деп жауап береді.

Кей халықтарда кемпір шуақтың ортасында аң ауласаң, аңшылар ғана емес, олардың отбасылары, иттері мен жылқылары да жыл бойы сау болады деген сенім бар.

Күздің алқашқы суығынан кейін кемпір шуақ келіп, жер беті қайта жайма-шуақ күйге енеді. Алтын күздің, мизам шуақтың әр сәтінен ләззат ала білген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2162046-kempir-shuaq-bul-kezeng-qashan-bastalady-zhane-nesimen-erekshelenedi/