Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анаға деген реніш: еркелік пе, өкпе ме

Жарияланған күні:

Бір-біріне өкпелеген бауырлар. Көрнекі сурет
Бір-біріне өкпелеген бауырлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көптеген ересек адам өз ата-аналарына деген өкпе-назын іште сақтап жүреді. Мұндай реніш адамның бала күнінен қалуы мүмкін. Ата-анаға деген өкпені қалай кешіруге болады? NUR.KZ мамандары аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ниведита Наяктың айтуынша, ата-анаға деген өкпе балалардың эмоционалдық және физикалық қажеттіліктері қанағаттанбаған жағдайда пайда болады және адамның психикалық денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
  • Сарапшылар ата-анаға деген өкпені жеңу үшін алдымен оның бар екенін мойындау, ата-ананың орнына өзін қою, олармен ашық сөйлесу және жағымсыз эмоцияларға жол бермеу керек екенін айтады.
  • Элвис Росалес пен Майкл Андерсон кешіру адамның өзі үшін маңызды екенін және сау қарым-қатынастың негізі болатынын атап өтті, ал өз күшімен жеңе алмаған жағдайда психотерапевтің көмегіне жүгіну ұсынылады.

Ата-анаға деген өкпе қандай пайда болады

NUR.KZ-ке берген эксклюзивті пікірде, психолог-кеңесші, ClinicSpots-тағы психотерапевт Ниведита Наяк ата-ана адамның тұлға ретінде қалыптасуында және эмоционалды тұрғыда тұрақты болуда маңызды роль атқаратынын айтады. Мұндай қажеттіліктер өтелмеген жағдайда, кейде тіпті эмоционалды тұрғыда өкпе-реніш туындауы мүмкін екен. Осылайша ол, адамның ішкі жан дүниесінің бұзылуына әкеп соғады. Сол себепті мұндайда адамдардың ата-анадан көңілі қалып, бұл реніш онымен бірге ересек өмірге де барады екен.

Адамдарда ата-анаға деген реніш қайдан туындайды? Психотерапевт Ниведита Наяк оны былай деп түсіндіреді:

Ата-анаға деген реніш балалардың ата-аналарынан көңілі қалғанда, балаларды бір-бірінен алалау, қатаң бақылауда ұстау, эмоционалды тұрғыда қолдау көрсетпеу, кейде тіпті оларға физикалық тұрғыда зорлық көрсету жағдайлары орын алғанда туындайды.

Яғни, балада ата-анаға деген өкпе-реніш өзінің эмоционалдық және физикалық қажеттіліктері қанағаттанбаған жағдайда, әділетсіздік орын алғанда пайда болады екен. Мұндай болжамды Porch Light Health клиникалық директоры, есірткіге деген тәуекелділік бойынша сертификатталған маман және әлеуметтік қызметкер Стив Карлтон айтады:

"Бала күнінде жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеген балаларда қиындықтар туындайды", - дейді маман.

Сонымен бірге, ата-анаға деген реніш түрлі қобалжудан, әсіресе, бала өзін түсініксіз жағдайда қалғанын сезінгенде, қолдау көрсетілмеген уақытта және эмоционалды тұрғыда қалып қойған сәтте пайда болатын көрінеді. Мұндай пікірді Align Recovery Centers Есірткіге тәуекелділікті емдеу және қайта қалпына келу орталығының клиникалық директоры Элвис Росалес айтады:

Менің ойымша, мұндай өкпе-наз ата-аналар балаларына тым жоғары талап қойғанда немесе оның эмоционалды қажеттіліктеріне көз жұма қарағанда пайда болады.

Мәселен, егер ата-аналар өз балаларының таңдауына үнемі сыни тұрғыда қараса, оның ішкі сезіміне мән бермесе, ол өзін жалғыз сезініп, өз-өзіне деген сенімі төмендей түседі екен. Бұл мәселеде тағы бір мән беретін жайт – балаларлы алалау, яғни бір балаға көптеу көңіл бөліп, ал екіншісіне керісінше аса мән бермеу.

Балалар мұндайда өкпе-реніш арқылы өзін қорғау реакциясына көшеді екен. Мұндай пікірді Fullmind басты академиялық директоры, Progressive School негізін қалаушысы, "Оқу күттірмейді" подкастының жүргізушісі Хейли Спира-Бауэр айтып отыр.

Ата-анасының қолын ұстаған жеткіншек. Көрнекі сурет
Ата-анасының қолын ұстаған жеткіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ата-анаға деген өкпе немен қауіпті

Психолог Ниведита Наяктың айтуынша, ата-анаға деген реніш өмірдің көп салаларына теріс әсер ететін көрінеді. Төменде солардың бірқатарына тоқталып өтсек:

  • Күрделі қарым-қатынас. Ата-ана мен бала арасындағы өкпе-реніш эмоционалды ара-қашықтықты құрып, өзара қарым-қатынасты бұзуы мүмкін.
  • Психикалық тұрғыда қиындықтардың туындауы. Көп жылдар бойы іште өкпені сақтау адамды психикалық ауытқушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін, мәселен олардың қатарына алаңдаушылық, күйзеліс немесе созылмалы стресс және т.б жатады.
  • Болашақ қарым-қатынасқа әсер ету. Өкпе-реніш сияқты сезім өзге адамдармен тұрақты қатынас құруға да кедергі келтіреді және өкініштісі мұндай жағдай қайталана беруі әбден мүмкін.
  • Өз-өзін құрдымға кетіретін мінез-қылық. Ата-анаға деген өкпе мен ыза қиындықты еңсерудің қауіпті жолдарына да әкеп соқтыруы мүмкін. Оған психотропты заттарды қолдану, жеке дара өмір сүру немесе өз бақытынан өзі бас тарту сынды әрекеттерді жатқызуға болады.

Сарапшы Хейли Спира-Бауэрдің айтуынша, мұндай өкпе жылдар бойы адамның өзіне білінбеуі мүмкін. Яғни, ересек адам өзін туған ата-анасына өкпе-ренішінің барын білмеуі де мүмкін. Бұған қоса, іштегі өкпе бала мен әке-шеше арасындағы ара қатынасты түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Мәселен, тұтас бір отбасы қақ айырылып, екі тарап та іштей тынып, құса болуы мүмкін. OC Revive клиникалық директоры, лицензиясы бар терапевт Бриттани Астромның пікірінше, іштегі өкпені тек бір-бірімен ашық сөйлесу, сырласу сынды әрекеттер ғана реттей алады екен. Сарапшының пікірінше, кейде іштегі өкпенің асқынып кететіні соншалық, ол адамды психопатологиялық жағдайға да жеткізуі ықтимал екен.

Ал ең өкініштісі, адам мұндайда іштегі осы сезімді жасыру арқылы түрлі жаман жолдарға түсіп кетуі әбден мүмкін екен. Әрине, мұндай шешім адамға жылы қарым-қатынас құруға кері әсер етіп қана қоймай, оның өмірін де теріс жаққа түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Қолшатыр ұстаған Ана мен бала. Көрнекі сурет
Қолшатыр ұстаған Ана мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Іштегі ренішті қалай жеңуге болады

Іштегі ренішті жеңу үшін, адамға жаны ашу, араласу және жөнді қарым-қатынас орнатуға деген ниет болуы тиіс. Егер адамдар осы мүмкіндіктерді қалт жібермесе, онда ата-ана мен бала арасындағы кез келген қарым-қатынасты жақсы жаққа қарай өзгертуге болады екен.

Ішіңізде өкпе бар екенін мойындаңыз

Ата-ананы қалай кешіруге болады? Іштегі өкпені жеңудің алғашқы қадамы – алдымен өзіңізге ішіңізде осы сезімнің барын мойындау болып табылады. Мұндай пікірді D'Amore Mental Healthклиникалық маманы Гэри Такер айтып отыр:

Сіздің мұндай күй кешуіңіздің негізсіз екенін мойындаңыз және оған түсіністікпен қарауын талап етіңіз.

Healing Pines Recovery есірткіге тәуелділерді оңалту орталығының клиникалық директоры, лицензиясы бар кәсіби кеңесші Майкл Андерсон адам осы сезімді мойындау арқылы әке-шешеге деген өкпені жеңудің алғашқы қадамына бара алатынын айтады.

Ата-анаңыздың орнына өзіңізді қойып көріңіз

Сізді туған әке-шешеңізге өкпелеместен бұрын, алдымен өзіңізді олардың орнына қойып көріңіз. Бәлкім, сонда сізге оларды кешіру оңай болуы мүмкін.

Сарапшы Хейли Спира-Бауэр ата-анаңыздың сол кездегі әрекетін сіз түсінбеуіңіз мүмкін, алайда оның астарында басқа мәселе жатқан болуы тиіс деген болжамды айтады. Сол себепті, өткенді қабылдап, оның қазіргі өмірге әсер етпеуін қолға алған жөн болады.

Ата-анаңызбен ашық сөйлесіңіз

Сарапшы Элвис Росалестің айтуынша, ата-анаңызбен ашық сөйлесу арқылы сіз іштегі өкпе-реніштің неден туындауы мүмкін екенін анықтай аласыз. Сондықтан маман әке-шешеңізбен ашық сөйлесуге кеңес береді.

Десе де жеке шекараңыздың бұзылмауына да мән беріңіз. Яғни, жеке психикалық жағдайыңызды алдыңғы орынға қойып, жағымсыз қарым-қатынастардан бас тартқаныңыз абзал.

Жағымсыз эмоцияларға жол бермеңіз

Өткенді өзгерте алмайсыз, алайда қазіргі өміріңізді – өзгерту мүмкін. Таңдауды кешіру қиын, бірақ ол сіздің жан дүниеңізді тазартып, сізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді. Сол үшін өзіңізге еркіндік беріңіз. Кешіру деген татуласу деген сөз емес. Элвис Росалес ол тек өзіңізді сауықтыру үшін, іштегі ызаны іштен шығару деп айтады.

Ал, сарапшы Майкл Андерсон ренішті кешіру білу, екінші тарапқа емес, адамның өзіне қажет дейді. Ол сау, жөнді қарым-қатынастың негізі дейді мамандар. Егер іштегі ренішті өз күшіңізбен жеңе алмасаңыз, онда психотерапевтің көмегіне жүгініңіз дейді сарапшылар.

Ата-анаға деген реніш – олардың жөнсіз әрекеттерінің сіздің есіңізде қалуы болып табылады. Адам бақытты өмір сүруі үшін, міндетті түрде осы мәселені еңсеруі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2163679-ata-anaga-degen-renish-erkelik-pe-okpe-me/