Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 24 қыркүйекте сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Глобус
Глобус. Фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды реттей аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Күзгі құбылмалы ауа райы денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан бүгін дәрігермен ақылдасып, ағзаңызға қажет дәрумендер қабылдауды бастағаныңыз жөн.

Қарым-қатынастағы ішкі шиеленісті және ыңғайсыздықты жеңу үшін сізге көп күш қажет болмақ. Бүгін жауапкершілікті өзіңіз алып, түсініспеушілікті барынша оңтайлы шешуге тырысыңыз.

Торпақтар

Бүгін сабырды жоғалтпай еңсеруді қажет ететін қиындықтар болуы мүмкін. Осы кезде жұп ретінде қарым-қатынасыңызды жақсарта аласыз немесе сүйіктіңізбен айырылысып кетуіңіз мүмкін. Дұрыс шешімді өзіңіз қабылдауыңыз керек.

Әдепті және қонақжай болыңыз, көптен бері кездесуге келмеген жақын достарды қонаққа шақырып, әңгіме-дүкен құрыңыз.

Егіздер

Жұлдыздар мықты отбасын құруды және туыстарымен үйлесімді қарым-қатынасты қолдайды.

Сүйікті ісіңіз өмір жолыңызда жақсы адамдарды кезіктіруге себеп болады. Таныстық соңы нағыз достыққа ұласуы мүмкін.

Шаяндар

Сізді бағалайтын және ризашылық білдіретін адамдарға: туыстарыңызға, жақын достарыңызға қамқорлық пен ілтипат көрсетіңіз

Ішімдіктен бас тартқаныңыз жөн. Соңғы кезде өміріңізде болып жатқан келеңсіз жайттар ішімдіктің кесірінен болуы мүмкін.

Арыстандар

Қазір сіз үшін алғашқы орында тұрған басты мәселе – тынығу. Әлеуметтік желіден де, сырттағы қарбалас өмірден де жақсылап тынығып, күш-қуатыңызды қалпына келтіріңіз.

Қарым-қатынаста сүйіктіңіз екеуіңіздің көзқарастарыңыз үйлесе ме, ортақ тақырыпта әңгіме-дүкен құра аласыз ба, өмірлік ұстанымыз сай келе ме, сол жағын ой елегінен өткізіп, қарым-қатынасты ары қарай жалғау немес осы жерден тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын сәт келді.

Бикештер

Бүгін сүйіктіңізді кездесуге шақырып, бірге уақыт өткізетін күн: бұл сізге сүйіктіңізбен байланысыңызды нығайтуға және бақыт сыйлауға мүмкіндік береді.

Жұмыстан демалыс алып, күш-қуатыңызды қалпына келтіріп, өзіңізді басқа салада сынап көру жағын ойластырғаныңыз жөн.

Таразылар

Бүгін романтика мен көңіл көтеруге келгенде өзіңізді шектемеңіз, соған уақыт бөліңіз.

Адамдармен достасу пен жақсы қарым-қатынас құра білу жеке өміріңізге және кәсіби ортаңызға жағымды әсер етеді. Бүгін жаңа достармен қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы күн.

Сарышаяндар

Бүгін жаңа және батыл амбициялар үшін оңтайлы уақыт туып тұр. Жаңашылдық пен шығармашылық қабілетіңіз мансап жолында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Көбірек қозғалуға тырысыңыз. Велосипед не ролик тебуге мүмкіндік болмаса, мүмкіндігінше көбірек жаяу жүруге тырысыңыз.

Мергендер

Бұл күні басшылықпен жақсы қарым-қатынаста боласыз.

Жеке өміріңізді жақсарту үшін сүйіктіңізді мақтауды және мақтан тұтуды әдетке айналдыра біліңіз. Арада махаббат болған күннің өзінде, сезімді суытып алмау үшін де еңбектене білу керек екенін ескерген жөн.

Тауешкілер

Кішігірім сәтсіздіктер үшін достарыңыздан теріс айналып кетпеңіз. Олардың қателіктерін мүмкіндігінше байыппен түсіндіріп, сіз де олардың көмегіне зәру екеніңізді жеткізе біліңіз.

Отбасындағы жағдайларды бейтаныс адамдарға немесе жаңа танысқан адамдарға айта бермеген жөн. Қазір айтылған сырыңыз кейін өзіңізге кесірін тигізуі мүмкін.

Суқұйғыштар

Сүйіктіңізге адал болыңыз: қарым-қатынаста сенім өте маңызды.

Достардан көмек сұраудан арланбаңыз. Бұл арадағы достықты нығайтып, мәселеңіздің тезірек шешілуіне көмектесіп, артық күйзелістен құтқарады.

Балықтар

Бүгін сіз түрлі эмоцияларды өткересіз. Ең бастысы сырттағы ашу-ызаны, жағымсыз көңіл күйді үйіңізге алып бармаңыз, отбасының берекесі сізге де маңызды болуы керек.

Бүгін жаңа адамдармен танысасыз, олардың арасынан жақсы дос табуыңыз мүмкін. Қандай ортада болмасын шынайы қалпыңызды сақтап, жасандылықтан аулақ болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2164495-bugingi-zhuldyz-zhoramal-24-qyrkuiekte-sizdi-ne-kutip-tur/