Ғаламшар тұрғындары "ғажайып айды" тамашалады (видео)

Опубликовано:

Жексенбі күні ғаламшар тұрғындары "ғажайып ай" деп аталатын керемет табиғат құбылысына куә болды.

Гринвич бойынша сағат 3:33-те Ай Жерге барынша жақындады. Оның қашықтығы 356 мың 953 шақырымды құрап, әдеттегіден шамамен 16 мың шақырымға жақын келді.

Euronews атап өткендей, "ғажайып айды" бақылауға Оңтүстік жарты шарда анағұрлым қолайлы жағдай қалыптасты. Жерге жақындаған Айдың табағы әдеттегіден 14%-ға үлкейіп, жарықтығы 30%-ға артты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/217192-galamshar-tyrgyndary-gazhajyp-ajdy-tamashalady-video/