jitsu gif
Эзотерика

    Жаңбыр жауғанда мұсылмандар қандай дұға оқиды

    Жаңбыр тамшылары
    Әйнектегі жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Исламда жаңбыр жауғанда оқылатын арнайы дұғалар бар. Жауын — Алланың рақымы мен берекесі деп саналады, сондықтан жаңбыр жауған кезде Аллаға мадақ айтып, шүкірлік етіледі. Сондай-ақ құрғақшылық кезінде жаңбыр сұрау үшін арнайы дұғалар оқылады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Жаңбыр жауған кезде мұсылмандар Аллаға шүкірлік етіп, арнайы дұғалар оқиды, мысалы "Аллаһумма саййибән нәфи'ән" (Алла Тағала, пайдалы жаңбыр жаудыр).
    • Құран Кәрімде жаңбырдың Алланың берекесі екені айтылған, ал мұсылмандар жаңбыр кезінде дұға етуді ұнатады, өйткені бұл уақытта дұғалар кері қайтарылмайды деп саналады.
    • Жаңбыр тоқтағанда немесе оны тоқтатуды сұрағанда да арнайы дұғалар бар, мысалы "Мутырнә би фәдли-Лләһи уә рахмәти-һи" (Алланың мейірімімен әрі Оның мархаметімен бізге жаңбыр жауды).

    Жаңбыр жауған кезде қандай дұғалар оқылады?

    "Жаңбыр жауса - жер ырысы" дейді қазақ халқы. Мұсылман қауымы көктен түскен әрбір тамшыны нұрға балап, Жаратушыдан берекесін сұрайды. Жаңбыр жауған кезде оқылатын дұғалардың бірі мынадай:

    Оқылуы: "Аллаһумма саййибән нәфи'ән".

    Мағынасы: "Алла Тағала, пайдалы жаңбыр жаудыр!"

    Бұл дұға жаңбырдың берекелі, пайдалы болуын тілеу үшін оқылады.

    Қасиетті Құран Кәрімде жаңбырға қатысты бірнеше аяттар бар. Мәселен "Қаф" сүресінің 9-аятында жаңбыр туралы былай делінген:

    "Біз аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік".

    Ал "Фурқан" сүресінің 48-49 аяттарынан адамзат баласы үшін Жаратушы Алланың шексіз нығмет жібергенін көреміз:

    "Әрі аспаннан таза су түсірдік. Онымен өлі жерлерді тірілтіп, малдар мен адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін".

    Жаңбыр жауған кезде тілеген тілектер қабыл болады деген сенім де бар. Дұғаның кері қайтарылмайтын уақыттары болады. Соның бірі жаңбыр жауған кезде тілеген дұға-тілек делінген ihsan.kz сайтында берілген ақпаратта. Сондықтан мұсылман адам барлық мұқтаждығын алақан жайып бір Алладан сұрайды.

    "Мұсылман қорғаны" кітабын негізге ала отырып, жаңбыр жауғанда оқылатын дұғаларды ұсынамыз:

    Оқылуы: "Аллаһуммә, әсқинә ғайсән муғисән мәри-ән, мәри’ан, нә-фи’ан ғайра дәррин, ‘а-жилән ғайра ә-жилин!"

    Аудармасы: "Я, Аллаһ! Бізді құтқарушы, жағымды, нөсерлі, пайдалы, зиянсыз, кейін емес, қазір жауатын жаңбырмен суғара гөр!"

    Оқылуы: "Аллаһуммә, әғис-нә, Аллаһуммә, әғис-нә, Аллаһуммә, әғис-нә!"

    Аудармасы: "Я, Аллаһ! Бізге көмектесе гөр! Я, Аллаһ! Бізге көмектесе гөр! Я, Аллаһ! Бізге көмектесе гөр!"

    Оқылуы: "Аллаһуммә, -сқи ‘ибәдәкә, уә бәһәимә-кә, уә-ншур рахмәтәкә, уә әхйи бәләдәкә-л-мәйит".

    Аудармасы: "Я, Аллаһ! Пенделеріңді, жан-жануарларынды суғара гөр! Әрі Өз рахымшылығыңды жая гөр және өлі өлкелеріңді тірілте гөр!"

    Жаңбыр тоқтағанда оқылатын дұға

    Оқылуы: "Мутырнә би фәдли-Лләһи уә рахмәти-һи".

    Аудармасы: "Алланың мейірімімен әрі Оның мархаметімен бізге жаңбыр жауды".

    Аспанды бұлттан тазартуды, яғни жаңбырды тоқтатуды сұрау үшін оқылатын дұға

    Оқылуы: "Аллаһуммә, хауәләй-нә уә лә ‘аләйнә. Аллаһуммә, ‘алә-л-әкә-ми уә-з-зыра-би, уә буту-ни-л-әудияти, уә мәнәбити-ш-шәжәри!"

    Аудармасы: "Я, Аллаһ! Біздің үстімізге емес, жан-жағымызға жаудыр, Я, Аллаһ! Төбелер мен тау шыңдарына, сай-аңғаларға және ағаш өсетін жерлерге жаудыр!"

    Жаңбыр жауғанда мұсылмандар қандай дұға оқиды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.