Бүгінгі жұлдыз жорамал: 7 қарашада сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқты
Бүгін достармен кездесіп, араласатын күн. Олармен бірігіп, киноға барып немесе кешкі ас ішіп, қыдырыңыз.
Бүгін сүйіспеншілік білдіріп, сенімді атмосфераны құру үшін ерлі-зайыптылар кездесу ұйымдастыруы керек. Сондай-ақ сүйікті адамыңыз кеңесіп, әңгімелесесіз.
Торпақ
Көшбасшылық белсенділігіңіз артады. Жоба бастаңыз. Тәуекелге барып, жаңа іс бастаудан қорықпаңыз. Отбасыңыздың болашағын жоспарлауға қатысыңыз.
Теріңіздің күйіне назар аударыңыз, диетаны, қоректік дәрумендерді және т.б. қабылдаңыз. Сарапшылардың кеңесін орындаңыз.
Егіздер
Достар мәселелеріңізді шешуге көмектеседі. Олармен кеңесуді ұмытпаңыз.
Бүгінгі таңда жұмыста кәсібилік пен дұрыс шешім қабылдау қабілетін көрсету ерекше маңызды.
Шаян
Отбасыңыз бен достарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Қамқорлық, сүйіспеншілік және моральдық қолдау көрсету. Оларды кешкі асқа шақырыңыз немесе олармен бірге уақыт өткізіңіз.
Күніңізді белсенді түрде өткізіңіз және оны физикалық белсенділікке арнаңыз: йога, серуендеу немесе жүгіру бұл сізге көмектеседі.
Арыстан
Бүгін өз міндеттеріңізге мұқият қараңыз: кейбіреу сіздің шекараңыздан аттап, басынуы мүмкін.
Әріптесіңізден жағымды жаңалықтар күтіңіз.
Бикеш
Жеке өабілетіңізді дамытуға назар аударыңыз және кәсіби салада қажетсіз күш-жігерден аулақ болыңыз.
Достарыңызға уақыт бөліңіз және қарым-қатынасыңызды нығайтуға сапалы әрекет жасаңыз. Шынайы және ашық болыңыз.
Таразы
Жақын адамдарға қолдау мен қамқорлық қажет екенін көрсететін белгілерге назар аударыңыз. Қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсетіңіз және олардың жақсылығын көруге көмектесіңіз.
Күні бойы жұмыста ілгерілеуге және қызметте көтерілуге жақсы мүмкіндік болады.
Сарышаян
Отбасында қиындықтар болуы мүмкін. Өзара түсіністік жоғалғанын байқасаңыз, артқа шегініп, қателіктеріңізді мойындаңыз.
Ішкі сезімдерге көбірек назар аударуды қажет ететін күн. Дәрігермен кеңесіңіз, анализ тапсрыңыз.
Мерген
Әріптестеріңізді қонаққа шақырыңыз. Жұмыс мәселелерін достық қатынаспен талқылаңыз.
Отбасын да ұмытпай, балаларға көңіл бөліңіз. Оларға өз тәжрибеңізді айтыңыз.
Тауешкі
Дәрігерге барыңыз. Сізді бірдеңе мазаласа, кейінге қалдырмаңыз. Тістеріңізді уақытында емдетіңіз.
Жұмыстағы серіктестік жаңа таныстармен достыққа ұласуы мүмкін.
Суқұйғыш
Диетаның сапасына назар аударыңыз: денеңізге қажетті минералдарға бай тағамдарды көп тұтыныңыз және тез бұзылатын тағамдардан аулақ болыңыз. Құрамында крахмал аз көкөністерді жеңіз.
Жанжалды ұзартпай, шешуге тырысыңыз.
Балықтар
Кәсіби біліміңізді дамытуға уақыт бөліңіз. Асықпаңыз, алдымен тәжірибе маңызды.
Ескі достардың жағымды пікірі жаңа қадамдар жасауға шабыттандырады, қолдау көрсетеді.
Алдағы мереке күндері әріптестеріңізбен бас қосыңыз. Достармен де қыдыруды жоспарлаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2183471-bugingi-zhuldyz-zhoramal-7-qarashada-sizdi-ne-kutip-tur/