Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіздің интим видео көретінін байқасаңыз: мұны қалай қабылдау керек

Жарияланған күні:

Телефон қараған ер адам
Телефон көріп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдер кейде күйеуінің порнография көргенін сатқындық деп қабылдайды. Не болмаса өзінде бір нәрсе дұрыс емес деп ойлайды. Бұл жағдай дабыл қағатын мәселе ме? NUR.KZ мұндай әуестікке қалай қарау керек деген сұрақтардың жауабын профильді басылымдардағы мақалалар негізінде зерттеп көрді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ер адамдардың порнография көруінің түрлі себебі бар, оның ішінде сексуалдық қозу, релаксация іздеу және күнделікті өмірден алшақтау.
  • Порнография көрудің артықшылықтары мен кемшіліктері бар, бірақ тәуелділікке айналған кезде ол мәселе туындатады.
  • Күйеуінің порнография көретінін байқаған әйел өзін кінәламай, жағдайды түсінуге тырысып, ашық әңгімелесу арқылы мәселені шешуге ұмтылуы керек.

Ер адамдар неліктен порнография көреді?

Ер адам порнография көргенде әйелдерде түрлі сезім пайда болады. Біреулер бұл әдетті қалыптан тыс деп санаса, ал басқалары күйеулерінің ашық сексуалдық бейнелерді көруін өзінде бір нәрсе дұрыс емес деген оймен байланыстырады. Ер адамдар неліктен порнография көреді?

Жауап бір қарағанда айқын сияқты: ерлер порнография көреді, себебі олар жыныстық қатынас жайлы, тартымды әйелдер мен еркектердің арасындағы сексуалдық әрекеттерді көргенде қозып кетеді. Дегенмен бұл сұрақтың жауабы күрделі, - дейді отбасылық терапевт және клиникалық кеңесші Курт Смит. Философия докторы Джед Даймонд мынадай себептерді атап көрсетеді:

  1. Ерлер сексуалдық қозуды және релаксацияны ұнатады.
  2. Олар үшін жыныстық қатынас пен эротикалық әрекет көрсетілген бейнелер әр алуан әрі қызықты. Әсіресе, ересектерге арналған контенттің таңдау ауқымы кең.
  3. Барлық әйел ерлердің ұнататын сексуалдық тәжірибелерін орындауға дайын бола бермейді. Порнография әлемінде сексуалдық серіктес барлық қалауды орындайды.
  4. Шынайы өмірде күйзеліс пен белгісіздік көп. Ал порнографиялық бейнелер әлемінде не болатыны белгілі және бақылауға алынған.
  5. Тіпті әйел уақытында ерінің қалауын орындап, қызығушылық танытқанымен, кейде оның шаршауы немесе өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Бұл жағдайда ересектерге арналған бейнелер көмекке келеді.
  6. Кейде ер адам әйелімен қатынасқа түсерде қозуы қиынға соғады. Сол кезде олар порнографиядағы әйелдерден қозып кетеді. Виртуалды әлемде тояттау шексіз.
  7. Порнографиялық романдар күнделікті өмірден алшақтау және жалғыздықты сезінген адамдар үшін жағымды көңіл-күй мен тыныштық сыйлайды.
  8. Порнография бір сәттік қанағаттану іздегендер үшін тамаша шешім болса керек.
Құлаққап таққан ер адам
Құлаққап тағып, телефон көріп отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көптеген еркек үшін порнография көру – бұл қалыпты және табиғи әрекет. Алайда біршама әйел мұндай көзқарасқа келіспейді. Көпшілігі мұны некені бұзушы фактор деп санайды, - деп жазады Джед Даймонд.

Ересектерге арналған контентті көрудің артықшылықтары

Қазіргі уақытта интернет порнографияны барынша қолжетімді етті. Medical News Today басылымының авторы Заун Виллайнс көптеген сарапшының соңғы бірнеше жылда мұндай контентті тұтыну айтарлықтай артқанын айтады, - деп жазады. Нақты цифрларды анықтау қиын, себебі адамдар бұл мәселе бойынша жалған ақпарат беруге бейім. Бір зерттеуде 1036 қатысушының 80 пайызы ерлер және 26 пайызы әйелдер онлайн порнографияны аптасына кемінде бір рет қарайтынын хабарлады.

Көп желі пайдаланушысы порнография көру олардың қарым-қатынасын жақсартады және жақсы көңіл-күйде болуға ықпал етеді деп айтады, - деп жазады Виллайнс. Порнография көрудің басқа артықшылықтары мынадай көрінеді:

  • Сексуалдық контенттің көптігі әрі әр түрлілігі.
  • Адам денесі туралы көбірек білу мүмкіндігі.
  • Сексуалдық өмірді әртараптандыру және сексуалдық мүмкіндіктерді кеңейтуге деген ынта.
  • Эмоциялық шиеленісті төмендету. Күйзелісті жеңуге, босаңсуға және теріс эмоцияларды ұмытуға көмектеседі.

Порнография қарау шынайы өмірде жарының көзіне шөп салмауға, сексуалдық өмірді әр түрлі етуге ықпал етеді. Жыныстық қатынасқа түсуді жаңадан бастаған адамдар үшін порнография көру секс туралы қорқынышты жояды.

Философия докторы Дэвид Ладден кей адамдарға эмоциялық жақындық жетіспесе, соның орнын толтыру үшін порнофильмдер көретінін айтады. Басқалары порнографиялық видеоны сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түсер алдында қозу деңгейін арттыру үшін көреді. Кейбір жұп арадағы жақындықты арттыру үшін порнографияны бірге қарайды. Егер ер адам өзінің әйелінен порнография көретінін жасырып жүрсе, бұл қарым-қатынастағы басқа мәселелерді көрсетеді. Порнография бұл жерде мәселе емес.

Порнография көруге тәуелді болудың теріс әсерлері

Порнография көру тәуелділікке айналған кезде мәселе туындайды. Мұндай жағдайда ер адамға әйелдің қажеттіліктері маңызды болмайды, ол тек видео мен мастурбация арқылы қанағаттанады. Бұл тәуелділік тек мінез-құлыққа қатысты белгілермен анықталмайды, - деп ескертеді медициналық ғылымдарының докторы Дональд Л. Хилтон.

Порнография миға терең әсер етеді, жаңа нейрондық жолдарды құрады, бұл әр көрген сайын тәуелділіктің күшеюіне әкеледі. Бұл процесс кокаин немесе құмар ойындарға тәуелділікке ұқсас. Медицина ғылымдарының докторы Потенца Марк Н порно көруге тәуелділік психобелсенді заттарды қолданумен байланысты болмаса да, оны DSM-5 диагностикалық "Психобелсенді заттарды қолдануға байланысты бұзылыстар мен тәуелділік бұзылыстары" санатына қосуға болады, - деп есептейді.

Порнографияға тәуелді болған ер адамға бұл видеоларды мүлдем көруден бас тартып, қасында тұрған әйелге көңіл бөлу қажет. Бұрынғы әдетке қайта оралу, есірткіге тәуелділікпен күрес сияқты, барлық белгінің қайта пайда болуына әкеледі және бұл жағдайда қайтадан бастап кетуге тура келеді.

Егер ер адам порнографияны күйзеліс, депрессия немесе өз-өзіне сенімсіздік сияқты мәселелерге шешім ретінде пайдаланса, бұл өте қысқа мерзімді нәтиже ғана береді әрі кейіннен осы теріс сезімдерді күшейтуі мүмкін, - деп ескертеді психология бакалавры Крис Оунби.

Кейде порнография көру ер адамның психикалық саулығына және әйелмен қарым-қатынасына зиян келтіруі мүмкін. Оның не себептен осылай жасағанын түсініп, бұл әдеттің оң және теріс әсерлерін салыстыру маңызды.

Ұрысып тұрған жұп
Ұрысып тұрған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйеуінің порнографиялық фильмдер көретінін білген әйел не істеу керек?

Әйелдер күйеуінің порнография көруіне әр түрлі көзқараспен қарайды. Көп жағдайда мұндай әйел өзін тартымсыз, төсекте жақсы емес немесе күйеуі оны енді сүймейді деп ойлайды. Бұл алаңдаушылық көбіне ер адамның шынайы мотивациясына ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндіреді Курт Смит.

Егер күйеуің порнография көрсе не істеу керек? Егер мұндай мәселе болса, мына әрекеттерді орындауға болады:

  1. Өзіңізді кінәламаңыз.
  2. Күйеуіңіз неге порнография көреді, соны білу үшін өзіңізді кінәлі сезінудің қажеті жоқ. Егер бұл жаңалық сіз үшін ауыртпалық туғызса, онда бірінші кезекте эмоцияңызды бақылап, жағдайды зерттеп көріңіз. Эмоционалдық дүрбелең мәселені шешпейді, керісінше, оны одан әрі қиындатуы мүмкін, - деп ескертеді Дэвид Ладден.
  3. Тыныштық сақтауға тырысыңыз.
  4. Серігіңізбен ашық сөйлесуге дайын болғанша сабыр сақтаңыз. Екеуіңіз де тыныштықта және дайын болғанда ғана осы мәселені талқылауға кірісіңіздер.
  5. Күйеуіңізді тыңдаңыз.
  6. Жұбыңыздың көзқарасын ешқандай айыптаусыз тыңдауға дайын болыңыз. Оны тыңдап, не себепті осылай жасағанын түсінуге тырысыңыз. Өзіңіздің сезімдеріңізді түсіндіріңіз. Күйеуіңізге ол порнография көрген кезде сіз не сезінетініңізді ашық айтыңыз. Барлық сезіміңіз маңызды. Бұл бір-біріңіздің шекараларыңызды түсінуге және құрметтеуге көмектеседі.
Ер мен әйел
Қос ұстасқан ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарым-қатынасыңызды нығайту үшін бірге шешім іздеген абзал. Себептер мен нәтижелерді бірге талқылап, қарым-қатынасты нығайтатын шешім табуға тырысыңыз. Әр жұп үшін бұл шешім жеке болады. Бәлкім сіз порнографияға деген көзқарасыңызды өзгертіп, бірге көруге немесе өзіңіздің қызықты әрі эротикалық фильмдеріңізді табуға шешім қабылдайсыз. Бұл қадамдар қарым-қатынасты нығайтуға және мәселелерді бірлесіп шешуге көмектеседі.

Барлығы мүмкін, тек күйеуіңізде тәуелділіктің болмағаны жөн. Егер ол тәуелді болса, оны емдеу үшін күресу қажет болады. Алғашқыда өзіңізге бұл қиын деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ Курт Смиттің айтуынша олай емес. Күйеуіңізбен немесе өзіңіз тәуелділік мәселелері бойынша маман кеңесіне жүгіну керек. Маман мәселелерді тереңірек түсінуге және күйеуіңізге порнографияны көруден бас тартуға көмектеседі. Дұрыс көрсетілген көмек пен қамқорлық арқасында жұбыңызбен бірге бұл мәселені шешу мүмкіндігі бар, - деп сенеді Курт Смит.

Егер араларыңызда бәрі жақсы болса және күйеуіңіз бұл әрекетті төсекте сізге көбірек қуаныш сыйлау үшін жасаса, ер адамның порнография көруі зиянсыз қызығушылық болуы мүмкін. Алайда бұл оның ішкі терең мәселелері мен қарым-қатынастағы шиеленістердің белгісі болуы да ғажап емес. Порно фильмдер көруге тәуелділік маманның көмегін талап етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2185599-kuieuingizding-intim-video-koretinin-baiqasangyz-muny-qalai-qabyldau-kerek/