Мысықты қалай тамақтандыру керек: ветеринар кеңесі
Жарияланған күні:
Мысық асырайтын кез келген адам ерте ме, кеш пе, үй жануарын қалай және немен тамақтандыру керегі туралы ойланады. Ветеринар Наталья Стражникова мысықты дұрыс тамақтандырудың қыр-сырын түсіндірді.
- Мысықтың тамақтану рационы негізінен майлар, ақуыздар және аз мөлшерде көмірсулардан тұруы керек, себебі олар - жыртқыш жануарлар.
- Мысықтарды тамақтандырудың үш негізгі әдісі бар: дайын құрғақ және сұйық тағамдар.
- Ветеринар Наталья Стражникованың айтуынша, мысыққа арналған ең жақсы тамақ түрі - сапалы дайын тағамдар, себебі олар мысықтың физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келеді және барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Үй жануарын асырайтын адам көбіне оларға қандай тамақ беруге болаты жайлы ойлайды. Дайын, теңдестірілген тағам немесе үйде дайындалатын ас түрі ме? Әрине, әрбір адам өз жануарына арнап тек ең жақсысын, оның ішінде дұрыс және денсаулыққа пайдалы тамақты қалайды. Ең маңыздысы, сау рацион мысықтың ағзасын барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге тиіс.
Мысықтың тамақтану рационы қандай болу керек?
Мысық жыртқыштар санатына жатады. Олар тек ет жейтін жануарлар, сондықтан олардың рационы майдан, ақуыздар мен аз мөлшердегі көмірсулардан тұруы керек. Әдетте мысықтардың тамақтандырудың негізгі үш түрі таңдалады:
- құрғақ және сұйық тамақ (дайын теңдестірілген рациондар);
- дайын тамақтармен және қосымша үй тағамымен тамақтандыру;
- тек үй тағамымен тамақтандыру.
Бірінші нұсқа — жақсы сапалы тамақ сатып алған жағдайда олардың ешқандай кемшіліктері жоқ деуге болады. Мұндай тағамдар 90% жағдайда мысықтың физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Екінші нұсқа — дайын рацион мен үй тағамы, көбіне мысықтың артық салмақ жинауына әсер етеді, себебі үй жануары өзіне қажет және жұмсайтын калориядан әлдеқайда көп жинайды.
Үшінші нұсқа көбіне теңгерілмеген тағам түрі болады, өйткені мысық негізгі қажетті қоректік заттарды керегінше ала алмайды, бұл оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Мұндай тамақтану түрі тек ветеринариялық диетолог маман ұсынған рацион болған жағдайда ғана қолданылады, онда да мысықтың физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Үйдегі тамақтардан мысыққа не беруге болады?
Үй тағамымен тамақтандыру кезінде мысықтың рационында кемінде 70% сапалы ет болуға тиіс. Сонымен қатар мысық өсімдік тағамдарын тұтынуы керек, себебі олар талшық көзі болып саналады және асқазан мен ішек қызметіне көмектеседі.
Мысықтарға беруге болатын өнімдер:
- Майсыз сиыр еті, бұзау еті, күркетауық еті мен тауық еті.
- Кейде теңіз балығы, майлылығы 8 пайыздан аспауға тиіс.
- Көкөністер, мысалы, сәбіз, қияр, қызылша, қырыққабат, асқабақ.
- Майсыз қышқыл сүт өнімдерін (айран, сүзбе) беруге болады, бірақ мысықта диарея немесе құсу белгілері болмаса ғана беру керек.
- Сирек жағдайда пісірілген жұмыртқаны аз мөлшерде және аптасына 2 рет беруге болады.
Мысықтарды майлы етпен, мысалы, қой етімен немесе шошқа етімен тамақтандыруға болмайды. Сондай-ақ мысыққа кез келген сүйектер, өзен балығы, сиыр сүті, шикі жұмыртқалар, дайын шұжық, пияз және сарымсақты тіпті пісірілген түрінде де (мысалы, сорпада) беруге болмайды. Мысықтарға арналған тыйым салынған өнімдер қатарына авокадо, жүзім, мейіз, жаңғақтар, ұннан жасалған өнімдер мен шоколад та бар.
Мысықты дайын тағамдармен тамақтандыру ережелері
Егер сіз дайын тағамды таңдауды жөн көрсеңіз, оның үй тағамымен салыстырғанда біршама артықшылықтары бар екенін ескеру керек. Жақсы дайындалған тамақтар пайдалы болады, яғни мысығыңыздың қажетті мөлшерде ақуыздар, майлар және талшықтарды алуына ықпал етеді. Сонымен қатар дайын тамақтар дәрумендермен, микроэлементтермен және пребиотиктермен байытылған, сондықтан мысыққа арналған тағамды өзіңіз жасау үшін көп ақпаратты зерттеудің қажеті жоқ. Мысыққа арналған тамақтардың қаптамасында мысықтың дене салмағын ескере отырып, күніне қанша грамм беру керегі көрсетіледі.
Сұйық тамақтар мысық үшін тамаша су көзі болып саналады, өйткені олар физиологиялық тұрғыдан суды аз тұтынады, ал жануарға жиі сұйықтық беру үшін түрлі жол іздейміз. Сонымен қатар дайын тамақтар дайындалған тағамдарға қарағанда тез бұзылмайды, оларды пісірудің қажеті жоқ және мысықты тамақтандыру уақытты аз алады.
Үй жануарын дайын тағамдармен тамақтандыру кезінде қаптамада көрсетілген тәуліктік нормаға сәйкес тамақ беру және мысықтың физиологиялық ерекшеліктерін ескеру маңызды: жасы, аурулардың болуы және физикалық белсенділік. Сұйық тамақтарды негізгі рацион ретінде емес, тәтті немесе қосымша тамақ ретінде беру ұсынылады.
Сонымен қатар ескеретін маңызды тағы бір мәселе бар. Ол — тамамның класы (эконом, премиум, суперпремиум). Себебі әрбір тағам шикізат сапасымен ерекшеленеді. Әрине жоғары сапалы тамаққа басымдық берген дұрыс.
Егер сіз мысықтың тамақтануына қатысты қандай шешім қабылдау керегін білмесеңіз, ветеринар немесе ветеринарлық диетологпен кеңескеніңіз жөн. Маман сіздің жануарыңыздың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ең қолайлы тағам түрін таңдап береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2187000-mysyqty-qalai-tamaqtandyru-kerek-veterinar-kengesi/