Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде басың биттесе не болады: танымал түс жорушылардың түсіндірмесі

Жарияланған күні:

Түс көріп жатқан әйел
Ұйықтап жатқан әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Адам түсінде бит көрсе, өңінде қандай жаңалық болуы мүмкін? Мұндай түстерді түс жорушылардың көбі молшылықпен, табыспен, отбасындағы берекемен байланыстырады. Кейбір түстер денсаулық жағдайынан да хабардар етуі мүмкін. Әр түс жорушының түсіндірмесіне жеке тоқталып көрейік.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түс жорушылардың көпшілігі бит туралы түсті молшылық, табыс және отбасылық берекемен байланыстырады.
  • Ванга, Нострадамус және Цветков бит туралы түстерді жағымды деп түсіндірсе, Миллер мен Лофф оларды жағымсыз белгілер ретінде қарастырады.
  • Ислам түс жоруында бит көбінесе қарыз бен қаржылық қиындықтардың белгісі ретінде қарастырылады, бірақ кейбір жағдайларда байлықты білдіруі де мүмкін.

Ванганың жоруы

Ванга бит туралы түсті ақшамен және материалдық әл-ауқатпен байланыстыра қарастырған.

  • Егер адам түсінде биттеген басын сілкіген болса – қаржылық операциялар табысты жүргізіледі.
  • Түсінде бит сығып жатса – әл-ауқаты жақсарып, қарыздарынан құтылады.
  • Дәу қара бит – табыстың белгісі.
  • Ақ бит – шығын.

Егер адам түсінде көп бит көрсе, денсаулығы сыр береді.

Миллердің жоруы

Миллердің түсіндіруінше, бұл кішкентай сүйкімсіз жәндіктер ауру-сырқауды және қандай да бір тосын жағдай болатынын білдіреді.

Егер адам түсінде жануарлардың биттеп кеткенін көрсе, шығынға ұшырайды, егер өзінің басы биттеп кеткенін көрсе, ескі таныстарымен сөзге келіп қалуы мүмкін.

Бит тауып алса, көп ұзамай сырқатқа шалдығатынын, соған байланысты біраз қиындыққа тап болатынын білдіреді.

Қызуы көтереліп тұрған ер адам
Ауырып жатқан ер адам. Көрнекі фото: freepik.com

Нострадамустың жоруы

Француз алхимигі бит туралы түстерді даму, бизнестегі сәттілік, тұрақты қаржылық жағдай және үйдегі береке-бірлікпен байланыстыра түсіндіреді.

Көлемі жағынан үлкен жәндіктер түс көруші адамды маңызды мәмілелер күтіп тұрғанын білдіруі мүмкін; ірі жәндік құмарлықты білдіреді. Адам түсінде бит сығып отырғанын көрсе, отбасында береке-бірлік, молшылық болады. Егер түсінде қара бит көрсе, түс көрушінің өзі немесе туыстарының бірі сырқаттанып қалуы мүмкін.

Лоффтың жоруы

Лоффтың жоруында бит әртүрлі сәтсіздіктерді білдіреді. Адам түсінде үсті биттеп кеткенін көрсе, өзіңіз қиындық тудырасыз, айналаңыздағы адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырып, өкпелетесіз. Мұндай түстен кейін мінез-құлқыңызға мән беріп, іс-әрекетіңізді ой елегінен өткізуіңіз керек.

Адам түсінде бит қарап отырса, сырқаттанып қалуы немесе инфекциялық ауру жұқтырып алуы мүмкін.

Маңызды істі аяқтар алдында бит туралы түс көрсеңіз, онда ісіңіз табысты болады, мол табыстан хабардар етеді.

Байлық
Көрнекі сурет: yaroshok.ru

Цветковтың жоруы

Цветковтың жоруы бойынша, бит пен сірке тұрақты қаржылық жағдайды, молшылықты білдіреді. Сірке табысты арттыруға жақсы жағдай туатынан хабардар етеді.

Адам түсінде басқа адамның басынан бит көрсе, ісі өрге домалайды. Өз басынан бит көрсе, бірдеңеден көңілі қалады.

Ислам түс жоруы

Шығыс түс жорушылары битті қарыздың, қаржылық жағдайдағы қиындықтың белгісі ретінде қарастырған. Алайда бұған қарама-қарсы түсіндірмелер де кездеседі. Мәселен, адам денесінен түскен бит байлықты білдіреді.

Әйел қолын көтеріп, күш көрсетіп тұр
Батыл әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Көп жәндік сәтсіз жайттардан хабардар етеді: кедейшілік, ауру-сырқау, шығын, қиналу. Егер адам түсінде битті жойған болса, қиындықтарды оңай еңсереді.

Кейбір бит туралы түстер түс көруші адамды кемсітпек болған қорқақ адамдарды білдіреді. Бұған жол бермеу үшін ондай адамдарға қарсы тұра білу керек.

Түс жорушылардың көбі бит туралы түсті жақсылықтың нышаны ретінде қарастырады. Адам қандай түс көрсе де, жақсылыққа жоруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2189495-tusingde-basyng-bittese-ne-bolady-tanymal-tus-zhorushylardyng-tusindirmesi/