Тауман есімінің мағынасы қандай
Жарияланған күні:
Тауман есімі ер балаларға сирек қойылса да, мағыналы есім саналады. Бұл есім қандай мағынаны білдіретінін материалымыздан оқыңыз.
- Тауман есімі "тау" сөзінен шыққан.
- Тауман есімді адамдар батылдық, тұрақтылық, сенімділік және мықтылық сияқты қасиеттерге ие, олар өмірде үлкен жетістіктерге жетуге ұмтылады.
- Тауман есімі қазіргі кезде сирек кездеседі, бұл есімді иеленген адамдар шығармашыл, тапқыр және өзгерістерге ашық келеді.
Тауман есімінің түбірі "тау" сөзінен шыққан, яғни бұл есім таумен байланыстырыла қолданылады.
"Тауман есімінің мағынасы" деген мақалада қазақ халқында тау табиғаттың ұлы күшінің символы болып саналатыны, тау тұрақтылықты, мықтылықты білдіретіні айтылған.
"Сол себепті таумен байланысты есімдер, оның ішінде Тауман, адамның күшті, төзімді келетінін және өмірлік қиыншылықтарға төтеп беретін қасиеттерін көрсетуі мүмкін.
Тауман есімінің мағынасы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Тау секілді бұл есіммен аталған адамдар да тұрақтылық, сенімділік және мықтылық сияқты қасиеттерге ие. Олар өмір жолы мен қызметінде үлкен жетістіктерге жету үшін табандылық пен батылдық танытады", - деп жазады мақала авторы.
Тауман есімі, сондай-ақ, тауға қатысты басқа да есімдер қазақ халқында ғана емес, Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанда да кездеседі.
Тағы бір деректе бұл есім "әдепті адам" немесе "жақсы қасиеттерге ие адам" деп аударылатын көне ағылшын сөзінен алынғаны айтылады. Бұл есім өзiн-өзi жетiлдiруге, белсендiлiкке, еңбекқорлыққа ұмтылуды көрсетеді екен.
Тауман есімі қазіргі заманда сирек кезедеседі, бұл есім сонысымен де ерекшеленеді. Тауман есімді адамдар өздерінің шығу тегінен шабыттанып, қоғамға пайдалы, шығармашыл, жұмбақ тұлға болуға ұмтылуы мүмкін.
Бұл есімді иеленген адамдардың ерекшелігі: әртістік қабілеті дамыған, шығармашыл, тапқыр. Тауман есімді адамдар өз мақсатын шығармашылық әрекеттер арқылы әлемді үздіксіз зерттеу, ішкі мүмкіндіктері мен мақсатын ашу деп біледі. Сондай-ақ олар көрген-білгенін әрдайым басқаларға айтуға, үйретуге дайын.
Әдетте Тауман есімді адамдар өзгерістерден қорықпайды. Олар барлық жаңалыққа ашық және кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
Бұл есім басқа да елдерде кездеседі. Кейбір мәдениеттерде Тауман есімі мықты және ерік-жігері күшті адамдар ретінде сипатталады. Басқа мәдениеттерде даналыққа, ой тереңдігінің көрінісіне байланысты сипаттамалар бар, бірақ зерттеушілер мынандай ортақ пікір білдіреді: Тауман есімді адамдар ерекше мінезімен ерекшеленеді, олар батылдық, табандылық таныта біледі.
Еліміздегі Тауман есімді танымал адамдардың ішінде қазақ журналистика ілімінің негізін қалаушылардың бірі Тауман Амандосовты, белгілі жазушы Тауман Төрехановты және Тауман сопыны атауға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2190417-tauman-esimining-magynasy-qandai/