Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 23 қараша күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамытып, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Қарым-қатынаста жағымсыз эмоцияларды басқара біліңіз: олар бақытыңызға кедергі келтіреді. Сондай-ақ махаббат пен үйлесімділік әкелетін мүмкіндіктерді іздеңіз.

Кофе ішуді барынша азайтыңыз: денсаулығыңызға кері әсер етеді.

Торпақтар

Кортизол деңгейін тексеріңіз: кортизол көбейіп кетсе, кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Бүгін жұбайыңыздың туыстарымен жанжалдаспауға, олар туралы жұбайыңызға жағымсыз пікір айтып, сынап-мінемеуге тырысыңыз. Қандай жағдай болса да, сабырс сақтаңыз.

Егіздер

Бүгін сізді бағалай білетін адамға құрмет көрсетіп, сыйлық жасап, ризашылығыңызды білдіріңіз.

Жақындарыңыз да қателесуі мүмкін, осыны ескеріп, түсіністікпен қарасаңыз, жүйке жүйеңіз тыныш болады. Өмірдің кей сәтінде өзіңізге де қателесуге мүмкіндік бергеніңіз жөн.

Шаяндар

Күннің бірінші жартысы құжатқа байланысты жұмыстарыңызды реттеуге, сондай-ақ түрлі ұжымдық шаралар өткізуге қолайлы болады. Жұмыстарыңыз оңтайлы шешіледі.

Бүгін қызметіңізге немесе жақын адамдарыңызға қатысты жағымды жаңалықтар болады.

Арыстандар

Бүгін туа біткен көшбасшылық қасиетіңіз бен харизмаңыз көмекке келеді. Табиғи дарындарыңыз бен өзіңізге деген сенімділігіңіз басқалардың назарын оңай аударуға және әлеуметтік қарым-қатынаста табысқа жетуге мүмкіндік береді. Осы сәтті пайдаланып, жаңа бастамаларды қолға алуыңызға болады.

Бүгін шешім қабылдағанда асығыстық танытпаңыз, кейбір мәселелерді кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Бикештер

Бұл уақытты демалуға, серуендеуге және медитацияға, сондай-ақ күш-қуатыңызды қалпына келтіруге пайдаланыңыз. Ағзаңызда байқалатын белгілерді еренсіз қалдырмаңыз.

Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста алаңдататын мәселелерді талқылап, үйлесімділікке ұмтылыңыз.

Таразылар

Бүгін күш-қуатыңыз сарқылып, иммунитетіңіз түсіп кеткенін байқайсыз. Сондықтан бүгінше ауыр жұмыстардан, белсенді жаттығулардан бас тартқаныңыз жөн. Кұш-қуатыңызды қалпына келтіруге күш салыңыз.

Романтикалық қарым-қатынаста не отбасыңызда күтпеген өзгерістер болуы мүмкін.

Сарышаяндар

Шаршап, ұйқыңыз қанбай жүрсе, кофеин мен қантты азайтып, көбірек су ішуге тырысыңыз. Денсаулығыңызды қолға алыңыз: дәрігерге жүгініп, дәрумендер қабылдаңыз, дене жаттығуларын жасауды әдетке айналдырыңыз.

Бүгін жарыңызбен не сүйіктіңізбен ашық сөйлесіп, сізді және оны толғандырып жүрген мәселелерді ашық талқылағаныңыз жөн. Әңгіме ауаны жағымсыз болса да, түсіністік танытып, сабыр сақтаңыз.

Мергендер

Бүгін жаңа танысулар мен махаббат оқиғалары үшін өте қолайлы күн болады. Дегенмен бірден мінсіз адам кездесе қоймасы анық – бастапқы кезеңде сіз адамның мінезіндегі белгілі бір кемшіліктерді байқайсыз, бірақ олар кейінірек екінші жартыңыздың ерекше қасиеттеріне айналады.

Кейбір достармен байланысты үзуге тура келеді. Бірақ досыңыздың көңіліне келетін сөздер айтып, көңіліне қаяу түсіріп алмау жағын ойластырыңыз.

Тауешкілер

Қабілет-қарымыздың арқасында бүгін қиын деген міндеттердің өзін оңай еңсересіз. Ал ұсыныстарыңыз компанияға табыс әкелетін жобаларға айналуы мүмкін.

Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста адал болыңыз, бір-біріңіздің ойыңызды, қалауыңызды құрметтеңіз. Бір-біріңізді басқаруға тырыспаңыз.

Суқұйғыштар

Бүгін денсаулығыңызға көңіл бөліп, суық тигізіп алудан сақ болыңыз. Көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тартқаныңыз жөн.

Жұмыстағы қиындықтарға дайын болыңыз. Бұл апта қиын болады және нәтижеге жету үшін барынша күш салуға тура келеді.

Балықтар

Бұл күн ауыр, бірақ кәсіби және қаржылық жағынан табысты болмақ. Бүгін сондай-ақ жақсы ұысынстар түсуі мүмкін.

Бүгін салт басты Балықтар өмірлік серік болатын адамын кезіктіруі мүмкін. Барынша жасандылықтан қашып, өзіңіздің шынайы болмысыңызды көрсетуге тырысқаныңыз жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2190909-bugingi-zhuldyz-zhoramal-23-qarasha-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/