Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 қараша сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамытып, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Жаңа жұмысқа ауысуға асықпаңыз: алдымен талаптарымен мұқият танысып алыңыз, ал егер күмәніңіз болса, алдымен шарттарды пысықтап, сынақ мерзіміне келіскеніңіз жөн.
Бүгін кешті достарыңызға арнаңыз. Топпен сапарға шығуды жоспарласаңыз, қонақүйді алдын ала брондаған дұрыс. Достарыңызбен уақытты тамаша өткізесіз.
Торпақтар
Бүгін қордаланып қалған мәселелеріңізді біртіндеп шешудің орайы туады. Ең алдымен маңызды және жедел шешілуі керек істі қолға алғаныңыз жөн.
Мүмкіндік болғанша әйеліңізге көмектесіңіз: бұл өзара түсіністік орнатуға, жайлы жағдай жасауға көмектеседі және сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесінде отбасына деген сенім мен құрметтің нығая түскенін сезінесіз.
Егіздер
Сіздің қолдауыңыз жақындарыңыз үшін маңызды екенін есте сақтаңыз. Әсіресе балаларыңызға көбірек уақыт бөліңіз, бірге серуендеп, әңгімеге тартыңыз.
Мақсаттарыңызға жетуде белсендірек болыңыз. Өзіңіз үшін көбірек жаңа мүмкіндіктер табуға тырысыңыз. Мансабыңызды өсіретін қарым-қабілеттеріңіз бен мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
Шаяндар
Бүгін таңертеңнен бастап белсенді боласыз және күш-қуатыңыз артқанын байқайсыз. Басшылық алдында қарым-қабілетіңізді көрсетіп, жақсы ұсыныстар алуға мүмкіндік туады.
Алайда бүгін жақындарыңызға, достарыңызға артық ауыз сөз айтып, ренжітіп алмауға тырысыңыз. Ойнап сөйлесеңіз де, ойлап сөйлегеніңіз абзал.
Арыстандар
Бүгін бойыңыздан әлсіздік байқайсыз, тіпті дәрігерге жүгінуге тура келуі мүмкін. Кешенді ем қабылдап, қысқа дайындықты бастағаныңыз жөн.
Бұл күндері жұмысқа көп көңіл бөлгендіктен, сүйіктіңізбен арада түсініспеушіліктер тууы мүмкін. Арадағы сезімді суытып алмау үшін мүмкіндігінше ашық сөйлесіп, мән-жайды түсіндіргеніңіз абзал.
Бикештер
Ақшаға қатысты мәселелерде, келісімшарт жасасқанда, сауда-саттық жасағанда, алаяқтардан абай болыңыз. Мүлік сатып аларда құжаттарын мұқият тексеріп алыңыз. Асығыстық жасамаңыз.
Қызметте көптен шешілмеген мәселеңіз шешіліп, бастамаларыңыз қолдау табады.
Таразылар
Бүгін – күнделікті күйбең тіршіліктен демалып, уақытты ерекше өткізуге қолайлы күн. Осы мүмкіндікті пайдаланып, уақытыңызды барынша өзіңізге арнап, тиімді пайдаланыңыз.
Жұмысыңызға немесе оқуыңызға байланысты достарыңыз бен отбасыңыздың қысымына ұшырауыңыз мүмкін. Мұндайда елдің сөзіне ермей, өз қарым-қабілетіңізге иек артақыныңыз жөн.
Сарышаяндар
Бүгінгі тірліктеріңізді ертеңге қалдырмаңыз. Бұл тұрғыдан алғанда күннің бірінші жартысы өнімді болады. Уақытыңыз бен күшіңізді ең маңызды істерге жұмсағаныңыз жөн.
Инвестиция жасауға қолайлы уақыт туып тұр. Жиған-тергеніңізді керексіз дүниелерге шашып тастаудан сақ болыңыз.
Мергендер
Қаржыға байланысты қандай да бір шешім қабылдарда барынша жан-жақты екшеп алыңыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз.
Бүгін жеке қарым-қатынаста үйлесімділік орнап, сүйіктіңізбен арақатынасыңыз жақындай түседі. Романтикалық кездесу де әсерлі өтеді.
Тауешкілер
Бүгін жақындарыңыздан, әріптес-достарыңыздың көмегіне иек арта алмайсыз, олардың ниеті түзу болса да сізге көмектесе алмайды, сондықтан қандай мәселе туындаса да, өз қарым-қабілетіңіз бен күш-жігеріңізге ғана сенім арта аласыз.
Жеке қарым-қатынас сіз күткен сценариймен өрбиді. Өзіңізге сенімді болыңыз.
Суқұйғыштар
Бүгін жұмыста көп күш жұмсауға тура келеді. Бірақ көп ұзамай жемісін көресіз, табысыңыз артып, басшылықтан мақтау естисіз.
Табысты арттыру жолын таба аласыз, бірақ ол ойды кейінге қалдырмай, барынша тезірек іске асырғаныңыз жөн.
Балықтар
Бүгін белсенді жұмыстан гөрі демалысты таңдағаныңыз жөн. Күш-қуатыңызды қалпына келтіріп, ойыңызды жинақтау үшін таза ауда ұзақ серуендеуге немесе қала сыртына саяхаттап келгеніңіз жөн.
Сүйікітіңізден тосынсый күтіңіз. Жеке қарым-қатынаста түсіністік пен үйлесім орнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2192850-bugingi-zhuldyz-zhoramal-28-qarasha-sizdi-ne-kutip-tur/