Бүгінгі жұлдыз жорамал: 20 желтоқсан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамытып, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Жақын адамыңызға көңіл бөліп, қолдау көрсетіңіз. Дәл қазір ол сіздің қолдауыңызға мұқтаж болуы мүмкін.
Бүгін Тоқты белгісінде туған адамдардың көңіл күйі көтеріңкі, жұмысқа деген құлшынысы зор болады. Күн соңында тосынсыйларға кенеледі.
Торпақтар
Торпақтарға жаңа жерде жұмыс істеп көрудің сәті туып тұр, жаңа жұмыс орны сізге пайдалы болмақ, жаңа қабілеттеріңіз ашылып, жаңа адамдармен танысасыз. Табысыңыз да артуы ықтимал.
Достарыңызға қамқорлық жасау жолында аянып қалмаңыз. Олардың дағдарыстан шығуына және психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне көмектесіңіз.
Егіздер
Бүгін сіз әртүрлі жағымсыз эмоцияларды бастан кешіруіңіз мүмкін, осы орайда барынша сабыр сақтап, психологиялық және физикалық саулығыңызды ойлағаныңыз жөн.
Егер сіз ұзақ уақыттан бері досыңыздың орынсыз айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіп жүрген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді. Ашық әңгімеден қашқақтамай, бар ойыңызды ашып айтқаныңыз жөн.
Шаяндар
Бүгін достыққа байланысты қиын шешім қабылдауға тура келеді. Дұрыс шешім қабылдай білсеңіз, арадағы достық нығая түседі.
Жұмыстағы мүдделер қақтығысына әсер ете алмасаңыз немесе біліксіз қызметкерлерге төзе алмасаңыз, алаңдамаңыз. Жағдайды сол қалпында қабылдаңыз. Өсуге және дамуға жағдай жасау үшін қаржылық көрсеткіштер ғана емес, кәсіптің әртүрлі аспектілері маңызды болуы мүмкін.
Арыстандар
Шаршап жүрген болсаңыз, қысқа уақытқа жұмыстан үзіліс алып, ойыңызды, денсаулығыңызды ретке келтіріп алуға кеңес береміз.
Сүйіктіңізбен өткізген уақыт сізге күш-қуат, сенімділік сыйлайды. Оған бар сырыңызды, уайымыңыз бен толғандырып жүрген ойларыңызды ашық айтудан бас тартпағаныңыз жөн. Сүйіктіңіз сізді түсініп, қолдау білдіреді.
Бикештер
Бикештер үшін маңызды істерді кейінге қалдырмай, бүгін бастауға қолайлы уақыт. Сізге кез келген адаммен ортақ тіл табысу оңай болады, тіпті бұрынғы қарсыластарыңызбен де. Бірлескен жұмыстар жемісті болмақ. Алайда түстен кейін кейбір ұсақ қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ олар сіздің көңіліңізді түсірмеуі керек.
Таразылар
Бүгінгі күніңіз қаржылық тұрғыда күн сәл күрделі болуы мүмкін. Күтпеген шығындарға дайын болыңыз.
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Зат алмасуды реттеу үшін дұрыс тамақтануды ұстанған жөн. Тамақтану мөлшерінің теңгерімді болуына көңіл бөліңіз.
Сарышаяндар
Бүгінгі романтикалық кеш қарым-қатынастарыңызды нығайтуға жақсы мүмкіндік. Шынайы болыңыз, табыстың кілті сол болмақ.
Күйзеліске берілмеңіз, оның орнына үйде йогамен айналысыңыз. Тыныс алу жаттығулары үйлесімділік пен ішкі тыныштыққа қол жеткізуге көмектеседі.
Мергендер
Бүгін ауыр және тым белсенді дене жаттығуларын жасаудан уақытша бас тартқан жөн. Беліңізге салмақ түсірмеңіз.
Мүмкіндігінге уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз, бұл сізге қарым-қатынасыңызды нығайтуға мүмкіндік береді.
Тауешкілер
Сүйіктіңізге көбірек уақыт бөліңіз. Оның да қалауына құлақ асып, барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
Қаржылық жағынан күтпеген шығындар болуы мүмкін. Дегенмен ақша үнемдеймін деп одан да зор шығынға ұшыраудан сақ болыңыз.
Суқұйғыштар
Бүгін тамақтану мен жалпы физикалық жағдайыңызды бақылап көріңіз. Артық қант пен майлы тағамдардан аулақ болыңыз, пайдалы және құнарлы тағамдарды таңдаңыз.
Таныстарыңыздың жетістігін көріп, бойыңызды қызғаныш сезімі кернеуі мүмкін. Осы жағдайда өз-өзіңізді сынап, мінеп, өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтып алмауға барынша күш салыңыз.
Балықтар
Бүгін көптен ойда жүрген істеріңіз ойдағыдай шешіліп, көңіліңіз жайланады, табыс тауып, еңбектің жемісін көресіз.
Сүйіктіңіз көбірек көңіл бөлуіңізді талап етуі мүмкін. Романтикалық кештер ұйымдастырып, сүйіктіңізбен арақатынасыңызды нығайтуға уақыт бөліңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2202039-bugingi-zhuldyz-zhoramal-20-zheltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/