Құс жолы дегеніміз не және оны қалай көруге болады
Жарияланған күні:
Құс жолы дегеніміз - түнгі аспанда шоғырланған ұсақ жұлдыздар тобы. Ежелде ол діни және философиялық сипатқа ие болған. Жақында ғылымда оның мәні мен ауқымы белгілі болды. Бүгінгі материалда құс жолының не екенін әрі оны қалай көруге болатынын білеміз.
- Құс жолы - Жер планетасының бөлігі болып табылатын, Зевс пен Гераның мифтік оқиғасынан шыққан атаумен аталған ірі спиральді галактика.
- Ғалымдар Құс жолын зерттеу үшін қуатты телескоптарды қолданады, оның құрылымы мен жұлдыздарының орналасуын анықтайды және галактика ортасында үлкен қара тесік болуы мүмкін екенін болжайды.
- Күн жүйесі Құс жолының шетінде орналасқан, ал Құс жолын қараңғы түнде, қалалардан алыс жерде және Ай көкжиектен төмен болғанда көруге болады.
Ежелде адамзаттың санасын жаулаған
Жер планетасы - Құс жолы галактикасына енетін Күн жүйесінің бір бөлігі. Бұл галактика - аспан әлеміндегі көп галактикалардың бірі болып саналады. Құс жолы атауын бұл галактикаға грек-рим мифологиясы берген. Аңыз бойынша Зевстің әйелі, Гера құдай Зевстің некеден тыс дүниеге келген балаларын ана сүтімен емізуден бас тартқан екен.
Бірде Гера құдай ұйықтап жатқан кезде баланы оның омырауына қойған, алайда ол оны итеріп жіберген көрінеді. Ал, Құдай ананың сүті бүкіл аспанға шашырапты-мыс. Осылайша осы із адамзат тарихында құс жолы деп аталып кеткен.
XVII ғасырда Галилео Галилей құс жолы көптеген жарық жұлдыздардың әсерінен аспанда сұрқай түсте болатынын айтқан. Ал XVIII ғасырда ағылшындық астроном Уильям Гершель құс жолы диск тәрізді пішінде деген тұжырым айтқан. Кейіннен ғалымдар Күн біздің галактикамыздан алыста екенін дәлелдеді.
Қазіргі таңда ғалым-астрономдардың қолында қуатты телескоптар бар, олардың көмегімен зерттеушілер Ғалам диапазонын ауқымдырақ зерттеуге мүмкіндік алған. 1989 жылы Hipparcos ғарыштық телескопы іске қосылып, құс жолы жұлдыздары шоғырының қозғалысы мен бір-бірінен ара қашықтығы, координаттары есептелген. Ал 2013 жылы аталған телескопты Gaia телескопы алмастырған. Оның басты мақсаты - галатикадағы жұлдыздардың орналасу картасын жасау.
Ғаламдағы көп галактиканың бірі
Құс жолы дегеніміз не? Аэронавтика мен NASA-ның ғарышты зерттеу ұлттық басқармасы галактиканы жұлдыздар тобы, газ, шаңның бір-бірімен гравитация арқылы байланысқан шоғыры деп санайды. Құс жолы - бұл көлемі орташа болатын галактикалардың бірі екен. Жерден құс жолын адамдар аспандағы жолақ ретінде көреді.
Құс жолы қайда орналасқан? ХХ ғасырда ғалым-астрономдар біздің галактика - ғаламның тек бір бөлігі екенін анықтаған. Ол ғаламда орналасқан және галактикалардың тек бірі ғана болып табылады. Біздің галактикадан бөлек ғаламдар миллиардтаған галактика бар деп есептелінеді.
Құс жолы шамамен 13 млрд жыл "өмір сүреді". Оның айналасында шағын галактикалар айналып жүреді. Олардың ең жақыны:
- Үлкен және кіші Магеллан бұлттары. Олар бізден шамамен 100 мың жарық жылдары ара қашықтығында орналасқан.
- Андромеда галактикасы. Бізден шамамен 2,5 млн жарық жылдары ара қашықтығында орналасқан.
Ғарыш заңына сәйкес бұл кішігірім галактикалар олардан ірі құс жолымен жұтылатын болады. Болжам бойынша галактикалар қақтығысы 4 млрд жылдан кейін орын алады.
Құс жолы спиральді галактика
Құс жолы секіру қасиетіне ие, спиральді галактика түріне жатады. Галактиканың көлемі туралы ақпарат Калифорния университетінің Cosmic Dawn бөлімінде келтірілген. Құс жолы диаметрі шамамен 100 мың жарық жылына тең немесе 1 квинтиллион шақырым. Галактика құрамында орташа есеппен 100-ден 400 млрд-қа дейін жұлдыз бар. Олар орта нүктенің айналасында, қалыңдығы 2 мың жарық жылы болатын шеңберде айналып жүр.
Галактика құрылымы 1980 жылдары белгілі болды. Құс жолының сыртқы сипаты қандай? Оның құрылымына қатысты құнды деректі Калифорния университетінің UCLA.EDU Галатикалық орталықтар тобы ұсынады. Құс жолының ортасында оның басты нүктесі - галактиканы ортасынан кесіп өтетін ескі жұлдыздардың шоғыры орналасқан.
Шоғырдың соңында спираль тәрізді тораптар орналасқан. Сонымен бірге құс жолының орталықтан бастап спираль тәрізді майысатын да түрлері бар. Ғалыдмар мұндай спиральдердің 2 немесе 4 болуына қатысты көп пікір таластырған. Соңғы зерттеулер мұндай спиральдің 4 екенін анықтады. Олар:
- Центавр-қалқаны;
- Аққу-қалқаны;
- Мерген-қалқаны;
- Персей-қалқаны.
Олардың ортасында көлемі бойынша кіші көптеген спиральдер байқалады. Спираль тораптары ол - жаңа жұлдыздар туындайтын орындар. Мұндай спираль құрылымы ғаламдағы көптеген галактикаларға тән. Мәселен, галактилардың шамамен ⅔ дәл осындай құрылымға ие.
Құс жолының ортасында қара шұңқыр болуы мүмкін
Кез келген галактиканың ортасында өте ауқымды қара шұңқырлар болады деген болжам бар. Ғалымдар құс жолына қатысты да мұндай теорияны жоққа шығармайды. Күн жүйесінен 26 мың жарық жылы қашықтығында, Мергендер жұлдыздар шоғырында - Мерген А радиокөзі сияқты жұлдызша (Sgr A*) анықталған, олар Галактикада қара шұңқыр деп аталады. Ол тығыз шаң және газ бұлттарымен қоршалған.
Ғалымдар қазіргі таңда мұндай бұлттарды теориялық тұрғыда зерттеу мүмкіндігіне ие. Осылайша олар қара шұңқырлар туралы деректерді біле алады. Астрономдар осы арқылы шұңқыр маңында айналып жүретін жұлдыздарды, олардың орбиталарын зерттей алады. Болашақта мұндай зерттеулер ғалымдарға құпия қара шұңқырлар қалай жұмыс істейтінін анықтауға жол ашады.
UCLA.EDU сайтында біздің Галактиканың ортасында 6 млн күн массасынан тұратын, өте ауқымды зат бар деген зерттеу жарияланған. Алайда ғалымдар бұл зерттеулердің оны қара шұңқыр деп атауға жеткіліксіз екенін алға тартады.
Күн жүйесі Құс жолының шетінде орналасқан
Біздің Күн жүйесінің орны Құс жолы галактикасының ортасынан әлдеқайда алыста орналасқан, яғни барынша шетінде орныққан екен. NASA сайтында галактиканың ортасына дейінгі қашықтық шамамен - 25 мың жарық жылын құрайтынын айтады. Күн жүйесі Орионның шоғырында, Мерген мен Персейдің ортасында жатыр деседі. Біздің жүйе галактика ортасынан орташа есеппен 220 км/сек жылдамдықта айналады екен.
Ол толық айналымды 250 млн жылда жасап бітетін көрінеді. Жер планетасы Құс жолы галактикасының ішінде орналасқан. Сол себепті оның барлық нысандары бізді айнала орналасқан және адамдарға жер бетінен көрініп тұрады. Жерден көрінетін жұлдыздардың барлығы біздің галактика жатады. Десе де, адамзат тек ақ түсті жұлдыздар шоғырын ғана құс жолы деп атайды.
Құс жолын қайдан көруге болады? Ол үлкен қалалардан тыс жерде, көкжиектен Ай көрінбеген кезде көзге көрінеді. Оның шеттері түзу болмайды, ал қалыңдығы шамамен 15° құрайды. Құс жолының ең жарық тұсы - галактика ортасына қарай орналасқан жұлдыздар шоғыры. Жалпы, құс жолы галактикасының ауқымын жерден есептеу өте қиын. Галактика шексіз, ал ғылым тұңғиық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2205549-qus-zholy-degenimiz-ne-zhane-ony-qalai-koruge-bolady/