Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 6 қаңтар күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды реттей аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Бүгін отбасылық жанжалдарды шешуде шыдамдылық танытуыңыз қажет. Шыдамды болу оңай емес, алайда сол арқылы жақындарыңызға психологиялық қысым жасаудан аулақ боласыз.

Тамақтануға келгенде де шыдамдылық пен талғампаздық қажет болады. Тағамды талғап және аз мөлшерде жеу арқылы артық салмақтан арылуға болады.

Торпақтар

Өзіңізді глютенсіз тағамдармен емдеуді қолға алыңыз және холестеринді арттыратын тағамдардан аулақ болыңыз.

Табысыңызды арттыруды ойлап жүрген болсаңыз, жаңа кәсіп игеріп, басқа қабілеттеріңізді сынап көруге кеңес береміз.

Егіздер

Бүгін бала күнгі досыңызды кездестіруіңіз мүмкін. Ескі досыңызбен өткізген уақыт сізге эмоциялық, психологиялық тұрғыдан оң әсер етеді. Өткен-кеткен естеліктер көңіліңізді серпілтеді.

Бүгін асқазан және омыртқа ауруы мазалауы мүмкін. Дәрігерге қаралып, берген кеңесін мұқият сақтауға тырысыңыз.

Шаяндар

Бүгін ескі достармен түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын жанжалға жол бермеңіз, мәселені ақылмен шешуге тырысыңыз.

Балаларыңызға көбірек көңіл бөліңіз: ойнаңыз, бірге отырып кітап оқуға уақыт бөліңіз және үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, балаңызға барынша жақын болыңыз.

Арыстандар

Бүгін сізге қаржылық тұрғыдан дамуыңызға септігі тиетін іскерлік ұсыныс түсуі мүмкін. Қаржы саласында табысқа жетіп, табысыңызды көбейту мүмкіндігі туады.

Ата-анаңызға көбірек көңіл бөліп, әңгімелесіп, батасын алуға тырысыңыз. Бұл да қаржылық тұрғыда, қызмет жолында табысқа жетуіңізге ақпал етеді.

Бикештер

Салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға тырысыңыз, бірақ шамаңызды бағамдап, асыра сілтеуден аулақ болыңыз. Әйтпесе денсаулығыңыз сыр беріп, бетіңіз қайтып қалуы мүмкін.

Отбасылық қарым-қатынасты нығайту үшін дұрыс диалог құру тәсілін қолданып көріңіз. Тыңдай білу көп мәселені айғай-шусыз шешуге көмектеседі.

Таразылар

Басшылық сіздің көмегіңіз не ақыл-кеңесіңіз қажет болуы мүмкін. Өзіңіз үшін қазіргі жағдайларды барынша оңтайлы пайдалануға тырысыңыз.

Ғашықтар үшін бүгін сезімін білдіруге таптырмас күн болмақ.

Сарышаяндар

Сүйіктіңізге жиі қоңырау шалып, қарым-қатынасты барынша нығайтуға тырысыңыз. Бұл еңбегіңіз көп ұзамай жемісін береді.

Қызметте шыдамды болыңыз және түйсігіңізге сенім артыңыз.

Мергендер

Отбасында өзара түсіністік орнайды. Дегенмен жақын адамдарыңызды немқұрайлылықпен ренжітіп алудан сақ болыңыз.

Жұмыс орнын ауыстыруды ойлап жүрген болсаңыз, асығыстық танытпаңыз. Көп ұзамай тиімді ұсыныстар түсуі мүмкін.

Тауешкілер

Бүгін жақындарыңыз бен достарыңызды барынша қолдауға тырысыңыз. Өзіңізге көмек қажет болса да жақын тұтатын адамдарыңызға жүгінуден тартынбаңыз.

Ұйқы режимін түзеп, ерте тұруды және күніңізді жеңіл жаттығулар жасаудан бастауды әдетке айналдырңыз.

Суқұйғыштар

Бүгін жұмысыңызда кішігірім мәселелер туындауы мүмкін. Ашуға берілмей, сабыр танытсаңыз мәселе ойдағыдай шешіліп, көңіліңіз жайланады.

Бос уақытыңызды қабілет-қарымыңызды шыңдап, білім алуға арнасаңыз, көп ұзамай жемісін көресіз.

Балықтар

Бүгін алға қойған мақсаттарыңызға тағы бір көз жүгіртіп, түзету енгізуге қолайлы күн. Талдау барысында кейбір жоспарыңыз мүлде өзгеруі мүмкін.

Сүйіктіңіз екеуіңіздің арақатынасыңыз жақсара түседі. Өміріңізде мамырашай шақ туады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2207619-bugingi-zhuldyz-zhoramal-6-qangtar-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/