Биік әрі сәнді: бөлмеге теледидар ілудің тәсілдері
Жарияланған күні:
Бүгінде заманауи үлгідегі теледидарларды бөлме қабырғасына іледі. Ол үшін әр бөлменің биіктігі ескеріледі. Теледидарды әр бөлмеге қандай биіктікте әрі қалай ілу керек. Үй шаруашылығын жүргізу мамандары Ли Валлендер мен Кайла Хербес жауап береді.
- Теледидарды қабырғаға ілудің артықшылықтары: қауіпсіздік, үнемділік, орын үнемдеу, көруге ыңғайлылық және әдемілік.
- Теледидарды орналастыру биіктігін анықтау факторлары: экран өлшемі, жиһаз биіктігі, отбасы мүшелерінің бойы, бөлме түрі және қолдану мақсаты.
- Әр бөлмеге арналған орташа биіктік ұсыныстары: ас үй - 140-150 см, қонақ бөлмесі - 100-120 см, жатын бөлмесі - 100-120 см, балалар бөлмесі - баланың бойына сәйкес реттелуі керек.
Теледидарды не себепті қабырғаға ілген жөн
Теледидарды үстел немесе тумба үстіне қою бүгінде сәнде емес. Замануи теледидарлар қазіргі таңда өте жұқа әрі қабырғаға ілінеді. Сондықтан оларды бүгінгі үлгіге сай, бірден бөлме қабырғасына ілген жөн болады. Бөлмені жөнді жоспарлау әрі дұрыс есептеу арқасында, үйіңіздегі көк жәшік күнделікті өміріңізге қажет нағыз пайдалы гаджетке айналуы мүмкін. Мәселен, оның төмендегідей артықшылықтары бар:
- Теледидарды қауіпсіз қолдану.
- Ол балалар мен үй жануарларына қолжетімсіз жерде орналасқан, демек сынбайды.
- Теледидарды орнату бағасының төмен болуы. Көк жәшікке арналған қымбат жиһазға қарағанда, оны қабырғаға ілген әлдеқайда тиімді болмақ.
- Көп орын алмайды. Бөлмеде қосымша орын пайда болады.
- Көруге ыңғайлы, жанға жайлы орын. Гаджетті дұрыс орналастырған уақытта, оны көру қабелеті де әр түрлі болады.
- Әдемілік. Теледидар сәнді әрі әдемі болады, ол тек сіздің интерьерді толықтыра түседі.
Көк жәшікті қабырғаға ілу барысында қиындықтар тууы мүмкін. Көп жағдайда үйдегі жұмсақ жиһаз дәл теледидардың алдында тұра бермейді. Сондықтан гаджетті бөлмеге дұрыс, бастысы ыңғайлы биіктік пен қашықтықта орналастырудың маңызы зор.
Бұл петте қабырғаның қандай материалдан тұрғызылғанына мән беру керек. Себебі, кронштейндерді мығым бекіту үшін, қабырғадағы кірпіш пен бетон берік болуы тиіс. Ал, жұқа қабырғаға гаджетті, әрине іле алмайсыз.
Осыған орай, бөлмеге теледидарды орналастырарда мұқият болыңыз. Мәселен, егер көк жәшікті бұрышқа ілетін болсаңыз, оның бұрылу аумағын есепке алыңыз.
Теледидарды қабырғаға ілуде не себепті биіктікке мән берген жөн
Теледидарды қабырғаға ілген сәтте барынша оның көруге ыңғайлы болуына мән беріңіз. Үй шаруашылығы мамандары Манасса Реддигари, Тереза Клемент пен Филипп Тиннер оларға мынадай факторлар жататынын айтады:
- Теледидар өлшемі.
- Адамдар отыратын жиһаздың биіктігі.
- Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы.
- Құрылғы орнатылатын бөлменің түрі.
- Гаджетті орнатудың мақсаты (көк жәшікті үнемі немесе анда-санда көру).
Кез-келген үлгідегі теледидарға арналған нұсқаулықта оны орналастыру биіктігіне қатысты нақты мәліметтер жоқ. Үй шаруашылығы сарапшысы Ли Валлендер биіктік еденнен экранның ортасына дейінгі қашықтықта өлшенетінін айтады. Бұл ретте, биіктік үйдегі адамдардың жасы мен қалауына байланысты жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін екен. Осыған орай, келесі талаптарға мән берген жөн:
- экранның ортаңғы тұсы көрерменнің көз деңгейімен бірдеу болуы керек, сондықтан экранның ортасынан көру бұрышы 30°-тан аспауы тиіс;
- теледидардың диагоналі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оны биік орналастыру қажет, десе де құрылғының биіктігі еденнен 1,2 м-ге аспағае жөн.
Отыратын тұсы биік келетін жұмсақ жиһаз экранды жоғары биіктікте ілуге мүмкіндік береді. Сол сияқты, үйде балалар болса теледидар биіктігін ыңғайға келтіріп алыңыз. Бұл ретте, бүлдіршіндердің теледидарды еденнен немесе балалар жиһазында отырған сәтте көретінін ескеріңіз.
Егер экран тым жоғары орналастырылған болса, мұндайда мойынға салмақ түседі. Ал, ол өз кезегінде омыртқаға кері әсерін тигізеді. Көру орны мен теледидар арасындағы қашықтық 3 м-ден асатын үлкен және кең бөлмелерде, құрылғыны қабырғаға орналастыру биіктігін өзгертіп отыруға болады. Қашықтық ауытқу бұрышын азайтады және бүкіл экранды еш кедергісіз көруге мүмкіндік береді.
Теледидарды қабырғаға орналастыру биіктігін қалай есептеу керек
Теледидар құрылғысын қабырғаға орналастырудағы қиындықтарды ескере отырып, биіктікті дұрыс әрі нақты есептеген жөн. Ол үшін орналасу биіктігін төмендегі нұсқаулық бойынша анықтаңыз:
- теледидар көретін диванға немесе креслоға жайғасыңыз;
- отбасыңыздағы адамдардан еденнен көз деңгейіне дейінгі қашықтықты өлшеуді сұраңыз.
Орташа биіктік шамамен 80-нен 130 см-ге дейін болуы керек. Өлшеу кезінде алынған сан мен теледидардың биіктігін алып, 3-ке бөліп, қосымша есептеулер жүргізіңіз. 55 дюймдік теледидарды қандай биіктікте ілу керек? Отырған қалыптағы ересек адамда еденнен көз деңгейіне дейінгі биіктік орташа есеппен 110 см болады. Ал, 55 дюймдік теледидардың биіктігі шамамен 71 см-ді құрайды.
Осылайша, оның биіктігінің үштен бірі 24 см болады. 110-нан 24-ті алып тастасаңыз, 86 см шығады. Теледидардың төменгі жақтау еденнен дәл осындай қашықтықта орналасуы тиіс (экранның ортаңғы тұсына дейін 121 см). Сонда қабырғадағы теледидардың тым жоғары немесе төмен ілінуін бірден түсінуге болады.
Экранның алдында үнемі қалай отырасыз, солай жайғасыңыз. Осындай күйде кем дегенде бес минут отырып көріңіз. Егер мойын бұлшықеттері талмай, ал бас қалыпты күйде болса, бұл биіктік дұрыс есептелген деген сөз. Дұрыс таңдалмаған биіктікте, теледидарды көрудің алғашқы сәттерінде-ақ ыңғайсыздық пайда болады.
65 дюймдік теледидарды қандай биіктікте ілу керек? Ішкі интерьер дизайнері Кайла Хербес 65 дюймдік теледидарларды қабырғаға 120-150 см биіктікте іліп қоюға кеңес береді. Бұл ретте диван мен экранның орта тұсындағы арасындағы қашықтықты, сондай-ақ теледидар алдында жиһаздың болуын ескеру қажет.
Әр түрлі бөлмеде теледидарды қандай биіктікте ілу керек
Мұндай жағдайда есептеу әдістері орташа өлшемдерді табуға мүмкіндік береді, тек содан кейін ғана әр бөлмеде теледидарды қай қабырғаға ілу қажеттігі анықталады. Осыған орай, келесі ережелерге мән беріңіз:
- Ас үй. Ас даярлау аймағында теледидарды еденнен 140-150 см қашықтықта іліп қойыңыз, бұл ретте құрылғыны "дымқыл" аймақ пен жылыту құрылғыларынан алысырақ қоюға тырысыңыз. Асхана үстелінің жанында теледидарды ересектердің көз деңгейімен бірдей етіп іліп қойыңыз, десе де еденнен 130 см жоғары болуын қадағалыңыз. Ас үйге арналған диагоналі 40 дюймді құрайтын теледидарды таңдаңыз.
- Қонақ бөлмесі. Теледидарды қоятын орынды есептеу үшін, отбасы мүшелері жиі отыратын орынды таңдаңыз. Қолайлы нүктені табу үшін, ересектердің көздерімен сәйкес келетін биіктікті таңдаған жөн. Еденнен теледидардың орташа биіктігі — 100-120 см болуы тиіс.
- Жатын бөлмесі. Жатын бөлмесінде теледидарды қандай биіктікте ілген жөн? Орташа биіктік шамамен 100-120 см-ді құрайды екен, алайда нақты өлшемдер төсек, матрацтың қалыңдығы, жату немесе жартылай отыру кезіндегі көз деңгейіне байланысты болады. Көру нүктесі адамның жатқандығы аяғымен деңгейлес болуы тиіс.
- Балалар бөлмесі. Құрылғыны диван, төсекке немесе балалар отыратын басқа жерге, қарама-қарсы бетке іліп қойыңыз. Бұл бөлмеге теледидарды ілу барысында, балалардың уақыт өте келе өсетінін ескеріңіз (бағдарлама, мультфильмдерді тамашалау, ойындар ойнау). Теледидарды балалар бөлмесінің кез келген жерінен көру ыңғайлы болуы үшін, оны бұрылу және еңкею бұрыштары реттелетін кронштейнмен бекітуді ұмытпаңыз.
Теледидарды орналастыру биіктігін таңдау барысында, ең алдымен өзіңіз бен отбасыңызға барынша ыңғайлы болу жағына назар аударыңыз. Егер құрылғы дұрыс ілінген болса, көзіңіз тікелей экранға түсетін.
Қабырғаға ілінген аспалы теледидар - ыңғайлы, сәнді және қауіпсіз. Оны қабырғаға дұрыс бекітіп, еденнен көлбеу бұрышы мен биіктігін ескеріңіз. Осындай дәл өлшемдер сізге теледидарды тамашалау кезінде барынша жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2208930-biik-ari-sandi-bolmege-teledidar-iluding-tasilderi/